Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
AMOS
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 5
Amos Kaz 5:1  Уа, Исраил халқы, өздерің туралы айтатын мына қайғылы жырымды тыңдаңдар:
Amos Kaz 5:2  «Құлады, енді қайтып тұрмайдыБұрын пәк қыздай болған Исраил халқы.Өз жерінде оған назар аудармайды,Ешкім де оны қайтып тұрғызбайды.
Amos Kaz 5:3  Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады:Мың жасақшысын аттандырған қалағаҚайта оралады тек жүзі ғана,Ал жүз адамын жіберген қалағаҚайта оралады тек оны ғана!»
Amos Kaz 5:4  Енді Жаратқан Ие Исраилдің халқына мынаны айтады: «Маған бет бұрып сиыныңдар, сонда тірі қаласыңдар!
Amos Kaz 5:5  Бетелдегі жалған тәңірден көмек іздемеңдер, Ғылғалға да бармаңдар, Бер-Шебаға қарай да өтпеңдер! Өйткені жау Ғылғалдың халқын еш шүбәсіз тұтқынға айдап әкетеді, Бетелдің басына да апат түспек».
Amos Kaz 5:6  Жаратқан Иеге бет бұрып Оған сиыныңдар, сонда тірі қаласыңдар! Әйтпесе Ол Жүсіптің үрім-бұтағына қарсы от іспетті лап етіп, сол от Бетелді де жалмап қояды. Ал оны сөндіретін ешкім де болмайды.
Amos Kaz 5:7  Әй, сендер әділетті бұрмалап, (бейшаралар үшін) ащы бір нәрсеге айналдырасыңдар, әділдікті менсінбей, жерге таптайсыңдар!
Amos Kaz 5:8  Үркер мен Көгалдай мерген сияқты шоқжұлдыздарды кім жаратты? Қара түнекті таңғы арайға, күнді қараңғы түнге айналдыратын, әрі теңіздің суын жоғары көтеріп, оны жер бетіне жаудыратын кім? Оның есімі — Жаратқан Ие!
Amos Kaz 5:9  Ол мықтыларды найзағай түскендей лезде күйретіп, бекіністерін талқандап қиратады.
Amos Kaz 5:10  Ал сендер қала алаңында сот жүргізушілерді жек көріп, шындықты жасырмай айтушыдан жиренесіңдер.
Amos Kaz 5:11  Сендер кедейлерді басып-жаншып, олардан алым ретінде мол астық жинайсыңдар. Сондықтан қашалып өңделген тастан үйлер салсаңдар да, оларда тұрмайсыңдар! Жүзімдіктер отырғызсаңдар да, солардың өнімдерінің рақатын көрмейсіңдер!
Amos Kaz 5:12  Өйткені сендердің бас көтеріп, Маған қарсы шыққан жайттарыңның қаншалықты көп әрі күнәларыңның қандай ауыр екенін білемін: сендер пара алып, әділ жанға қысым жасайсыңдар және сотта бейшараны жолдан былай итермелеп, құқығынан айырасыңдар.
Amos Kaz 5:13  Сондықтан зерделі жан осындай жағдайда үндемей қалады, өйткені бұл — зұлым уақыт!
Amos Kaz 5:14  Зұлымдыққа емес, жақсылыққа ұмтылыңдар! Сонда тірі қаласыңдар және өздерің жиі айтатындай, Жаратқан Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай, сендерге жар болады.
Amos Kaz 5:15  Зұлымдықты жек көріп, жақсылық жасауды ұнатыңдар! Қала алаңында сот жүргізгенде әділдікті орнатыңдар! Сонда Жаратқан Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай, Жүсіптің үрім-бұтағының тірі қалғандарына рақымды болатын шығар.
Amos Kaz 5:16  Сондықтан Жаратқан Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай Ие, мынаны айтады: «Барлық алаңдарда жұрт жылап-сықтап, ал көшелерде ойбауырымдап қайғыратын болады. Сонда диқандарды да зар жылауға, жоқтау айтуды шебер білетіндерді де жоқтау айтуға шақыратын болады.
Amos Kaz 5:17  Күллі жүзімдіктеріңде де қайғыланып жылап-сықтайтын боласыңдар. Себебі Мен сендерді жазалау үшін араларыңнан өтемін!» — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
Amos Kaz 5:18  Уа, «Жаратқан Иенің соты күні келсе екен!» деп аңсайтындар, сендер қасіретке қаласыңдар! Жаратқан Иенің күні сендерге не үшін керек? Оның алып келетіні нұр емес, қара түнек қой!
Amos Kaz 5:19  Сол күн арыстаннан қашып, аюмен кездескен немесе үйге кіріп, қабырғаға қолмен сүйеніп тұрғанда жыланның шағып алғаны сияқты қорқынышты болады.
Amos Kaz 5:20  Жаратқан Иенің соты күні сендер үшін жарық емес, қараңғы болады емес пе?! Сол күн қара түнек, нұрдан құр болады емес пе?!
Amos Kaz 5:21  «Мен мейрамдарыңды жек көремін, салтанатты жиналыстарыңның иісі Маған жиренішті.
Amos Kaz 5:22  Сонда Маған арнап толығымен өртелетін құрбандық, астық және сұйық тартуларын ұсынсаңдар да, оларды қабылдамаймын! Бордақыланған малды ризашылық құрбандығына шалып ұсынсаңдар да, соларыңа да назар аудармаймын.
Amos Kaz 5:23  Өлеңдеріңді шуламай, Менен аулақ айтыңдар! Ішекті аспаптарыңның дыбысын тыңдағым да келмейді!
Amos Kaz 5:24  Одан да елдеріңе әділет тасқын судай, әрі әділдік еш таусылмайтын жылғадай ағып келе берсін!
Amos Kaz 5:25  Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, сендер қырық жыл бойы айдаланы кезіп жүрген ежелгі уақыттарыңда құрбандыққа мал шалып, басқа да сый-тартулар ұсынғанда соларыңды Маған бағыштадыңдар ма?
Amos Kaz 5:26  Жоқ, сендер өздерің жасап алған бейнелерді: жалған тәңір Молохтың мүсіні орналасқан шатырды және тәңірсымақтарың Ремфан жұлдызының бейнесін бірге алып жүрдіңдер. Бұларды (құлшылық етіп табынуларың үшін) өздерің жасап алған едіңдер.
Amos Kaz 5:27  Сондықтан Мен сендерді жер аударып жіберемін, тіпті Дамаскіден де әрі!» — деп нық айтады Жаратқан Ие. Ол Әлемнің Әміршісі Құдай деп те аталады.