COLOSSIANS
Chapter 4
Colo | Kaz | 4:1 | Қожайындар, қызметшілеріңді тиісті нәрселермен қамтамасыз етіп, әділ болыңдар! Өйткені көкте сендердің де Қожайындарыңның бар екенін білесіңдер. | |
Colo | Kaz | 4:3 | Біз үшін де мінажат етіңдер: Құдай өз хабарын уағыздауымызға жол аша көрсін, осылай Мәсіх туралы құпияны жариялай алайық. Сол үшін де бұғауда отырмын. | |
Colo | Kaz | 4:6 | Сөйлескенде ұдайы ниеттерің игі, сөздерің дәмді болсын, әрқайсысына қалай жауап беру керек екенін біліңдер. | |
Colo | Kaz | 4:7 | Адал көмекшім әрі Иемізге бірге қызмет етуші, сүйікті бауырласымыз Түхік сендерге мен туралы бәрін хабарламақ. | |
Colo | Kaz | 4:8 | Оны сол мақсатпен жіберіп отырмын, ол жағдайларыңның қалай екенін көріп, жүректеріңді жігерлендірмек. | |
Colo | Kaz | 4:9 | Онымен бірге сүйікті де адал бауырласымыз әрі сендердің жерлестерің — Онисым да барады. Бұл жердегі болып жатқан жағдайды Түхік екеуі сендерге толық айтып береді. | |
Colo | Kaz | 4:10 | Менімен бірге тұтқында отырған Арыстарқ, сондай-ақ Барнабаның жиен інісі Марқа сендерге сәлем жолдайды. Марқа жайлы ерекше нұсқау алдыңдар: ол сендерге барса, жылы қабылдаңдар! | |
Colo | Kaz | 4:11 | Иуст деп аталатын Иса да сәлем айтады. Яһудилердің ішіндегі осы үшеуі ғана Құдай Патшалығы үшін қызметтестерім болып жүр; бұлар маған нағыз жұбаныш. | |
Colo | Kaz | 4:12 | Мәсіх Исаның қызметшісі әрі сендердің жерлестерің — Епафрас та сәлем айтып отыр. Ол сендердің рухани жағынан жетіліп, берік сеніммен Құдайдың бүкіл еркін орындауларың үшін үздіксіз мінажат етіп күресуде. | |
Colo | Kaz | 4:13 | Оның сендерді және Лаудіки мен Иераполдағы бауырластарды қатты уайымдап жүргеніне куәмін. | |
Colo | Kaz | 4:15 | Лаудікидегі бауырластарымызға, әсіресе Нүмфан мен оның үйінде жиналатын қауымға, сәлем айтыңдар. | |
Colo | Kaz | 4:16 | Сендер осы хатты оқып болған соң, оны әрі қарай Лаудікидегі қауымға беріңдер, оларға жазған хатымды да оқыңдар. | |
Colo | Kaz | 4:17 | Арқыпқа: «Иеміз саған міндеттеген қызметіңді адал атқаруға ықылас сал!» деген сәлемімізді жеткізіңдер. | |