Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ECCLESIASTES
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 11
Eccl Kaz 11:1  Су бетіне тұқымыңды себе бер,Көп күннен кейін ол өзіңе қайтып келер.
Eccl Kaz 11:2  Жеті не сегіз бөлікке бөл өзіңде барды,Білмейсің қандай пәлеге душар боларыңды.
Eccl Kaz 11:3  Қою бұлттар қаптағанда жерге жаңбыр әкелер.Не күнгей, не теріскейге құлаған ағаш сол күйінде жата берер.
Eccl Kaz 11:4  Желді уайымдаған тұқымын сеуіп тастамас,Бұлтты уайымдаған өнімін теріп жинамас.
Eccl Kaz 11:5  Білмейсің не дауылдың қайдан соғарын,Не құрсақтағы баланың қалай қалыптасқанын,Сол сияқты ұқпайсың ғаламның барлығынЖаратқан Құдайдың жасаған ғажаптарын.
Eccl Kaz 11:6  Таңертең тұқымыңды сеп, кешке де қол қусырып отырма! Өйткені қайсысының өнімді боларын, анаусы ма, мынаусы ма, әлде екеуі де бітік шыға ма, соны білмейсің.
Eccl Kaz 11:7  Жарық ұнамды, күн сәулесін көре алу көз үшін сондай ғанибет!
Eccl Kaz 11:8  Адам көп жасаса, барлық күндеріне қуансын! Ал алдындағы түнекке толы күндерінің де көп болатынын есінен шығармасын. Келешектегінің бәрі де күңгірт.
Eccl Kaz 11:9  Уа, жасөспірім, жас кезіңде көңіл көтер, сен нені қалап, өзіңе не ұнаса, соны істей бер. Әйтсе де бар істерің үшін Құдайға жауап беретініңді есіңнен шығарма!
Eccl Kaz 11:10  Сондықтан жан дүниеңнен ашу-ызаны, өміріңнен зұлымдықты аластат! Себебі балалық пен жастық шағың тез ғайып болмақ.