ECCLESIASTES
Chapter 4
Eccl | Kaz | 4:1 | Мен қайтадан көз салып, осы өткінші дүниеде жасалған әр түрлі зорлық-зомбылықты көрдім. Жапа шеккен бейшаралар көз жастарын төгіп жыласа да, оларды жұбататын ешкім жоқ екен! Қанаушылары зор күш-қуатқа ие, ал қаналғандарға жаны ашып, қолдайтын ешкім де жоқ болды! | |
Eccl | Kaz | 4:2 | Сондықтан мен өлгендердің жағдайы әлі де өмір сүріп жатқандарға қарағанда жақсырақ екен деп түйдім. | |
Eccl | Kaz | 4:3 | Ал мүлдем өмір сүрмегеннің жағдайы екеуінікінен де артық екен, өйткені ол осы дүниеде жасалып жатқан зұлым істерді еш көрген емес. | |
Eccl | Kaz | 4:4 | Сонымен қатар мен мына жайтқа көз жеткіздім: пенденің еңбек етіп жетістікке жетуінің барлығы да адамдар арасында көре алмаушылықты тудырады. Бұл да жел соңынан қуғандай бекершілік екен. | |
Eccl | Kaz | 4:6 | Ал тыныштықпен алынған бір уыс дән жел соңынан қуғандай ауыр еңбекпен табылған екі уыстан артық. | |
Eccl | Kaz | 4:8 | Кей адам жалғыз басты, не баласы, не ағайыны жоқ болса да, қолда барын қанағат етпей, байлығын молайту үшін тынбай ауыр еңбек ете береді. Ал кейін ол өзінен: «Мен кім үшін ауыр еңбек етіп, өмірдің қызығынан ада қаламын?» — деп сұрайды. Бұл да бекершілік әрі жанға бататын жайт. | |
Eccl | Kaz | 4:9 | «Біреу болғаннан екеу болған жақсы». Себебі бірігіп жұмыс істессе, содан көретін пайдалары игі болады. | |
Eccl | Kaz | 4:10 | Біреуі құласа, жолдасы сүйеп, тұрғызады. Алайда құлағанда сүйеніш болатын ешкімі жоққа қандай қиын! | |
Eccl | Kaz | 4:12 | Біреу жалғыз адамды жеңсе де, екі адам оған қарсы тұра алады. «Үш қабат жіп оңай үзілмес». | |
Eccl | Kaz | 4:13 | Қарт болғанмен ақылсыз, әрі берген кеңесті тыңдамайтын патшадан гөрі, кедей де болса ақылды жас артық. | |
Eccl | Kaz | 4:14 | Оның тіпті түрмеден шығып, патшалық билікке ие болуы да, немесе сол патшалықта кедейлікте туған болуы да мүмкін. | |
Eccl | Kaz | 4:15 | Осы дүниенің барлық адамдарының патшаның орнын басайын деп жатқан жастың соңынан ілесіп жүргендерін көрдім. | |
Eccl | Kaz | 4:16 | Оның билік жүргізген халқы сансыз көп болды. Бірақ та кейінгі ұрпақ оған да риза болмады. Әрине, бұл да жел соңынан қуғандай бекершілік екен. | |