Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ECCLESIASTES
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 10
Eccl Kaz 10:1  «Өлген шыбындар бір құты иісмайды сасытар», сол сияқты аз-кем ақымақтығы адамның даналығы мен абыройына зардап жасар.
Eccl Kaz 10:2  «Дананың жүрегі оң жолды, ақымақтың жүрегі теріс жолды таңдар».
Eccl Kaz 10:3  «Қай жолмен жүрмесін ақымаққа ақыл жетпес, ол өз топастығын әркімге аян етер».
Eccl Kaz 10:4  Бастығыңның ашуы өзіңе қарсы лап етсе, орныңнан кетіп қалма!«Кішіпейілділік зор қателерді жауып қояр».
Eccl Kaz 10:5  Мен осы өткінші дүниеде ақылға сыймайтын тағы бір жайтты байқадым, билік иелері кейде мынадай қате жібереді:
Eccl Kaz 10:6  Олар ақымақтарды жоғары лауазымға көтереді, ал дәулеттілерді төменгі орындарға отырғызады.
Eccl Kaz 10:7  Мен тіпті атқа мінген құлдарды, әрі құлдай жаяу жүрген билеушілерді көрдім.
Eccl Kaz 10:8  Біреуге ор қазған қаскүнем соған өзі құлар,Егістік дуалын қиратқанды жылан шағар.
Eccl Kaz 10:9  Адам тас қашап жатқанда, абайсызда жараланып қалар,Не ағаш жарып жатқанда өзін зақымдап алар.
Eccl Kaz 10:10  Өтпейтін балтаны қайрамаса, ағаш жаруға күш көп кетер,Ал даналықтың пайдасы зор, ол түбінде табысқа жеткізер.
Eccl Kaz 10:11  Жылан арбалмас бұрын шағып алса,Арбаушының қажеті не сонда?
Eccl Kaz 10:12  Дананың сөздері мейірім көрсетер,Ал ақымақ өз сөзінен зиян шегер,
Eccl Kaz 10:13  Оның айтқандарының басы топастық,әрі соңы болар жаман есуастық,
Eccl Kaz 10:14  Әйтсе де ол айтар сөздерін көбейтер.Ал болашақтағы жайттарды кім білер,Кейін не боларын адамға кім айтып берер?
Eccl Kaz 10:15  Ақылсыз жан жұмыс істесе, қажып қалар,Ол жолын да таппас қалаға апарар.
Eccl Kaz 10:16  Уа, ел, патшаң бозбаладай тәжірибесіз болып, әміршілерің таң сәріден той тойласа, қасіретке қаласың-ау!
Eccl Kaz 10:17  Ал патшаң текті жерден шыққан, әміршілерің көңіл көтеру үшін емес, күш жинау үшін уақтылы тамақтанатын болса, уа, мұндай ел, бақыттысың!
Eccl Kaz 10:18  Жалқаудың үйінің төбесі опырылар,Еріншектің үйінен тамшы ағар.
Eccl Kaz 10:19  Көңіл көтеруге қонақасы дайындар,Шарап адамның өмірін масайратар,Ақша осы екеуіне де жол ашар.
Eccl Kaz 10:20  Патшаны іштей болса да жамандама,Байды төсекте жатып та балағаттама!«Ұшқан құс даусыңды іліп әкетер,Айтқан сөзіңді қанатты жеткізер».