Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ECCLESIASTES
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 3
Eccl Kaz 3:1  Өз уақыты бар әр нәрсенің,Осы дүниеде істелінетінӘр істің мезгілі бар өзінің.
Eccl Kaz 3:2  Өз уақыттары бар туудың әрі қайтыс болудың,Тұқым себудің әрі тамырымен жұлудың.
Eccl Kaz 3:3  Өз мезгілдері бар өлтірудің әрі сауықтырудың,Бұзудың әрі қайта тұрғызудың.
Eccl Kaz 3:4  Өз кезеңдері бар қайғырып жылаудың әрі күлудің,Жоқтау айтудың әрі би билеудің.
Eccl Kaz 3:5  Өз мезгілдері бар тас лақтырудың әрі оларды жинаудың,Құшақтасудың әрі содан жалтарудың.
Eccl Kaz 3:6  Өз кездері бар іздеп жүрудің әрі жоғалтудың,Сақтаудың әрі лақтырып тастаудың.
Eccl Kaz 3:7  Өз уақыттары бар жыртудың әрі тігіп жөндеудің,Үндемеудің әрі сөйлеудің.
Eccl Kaz 3:8  Өз кездері бар сүюдің әрі жек көрудің,Соғысудың әрі татуласудың.
Eccl Kaz 3:9  Еңбек еткеннің өз бейнетінен көретін не пайдасы бар?
Eccl Kaz 3:10  Құдайдың адам баласына жүктеген міндеттеріне де назар аудардым.
Eccl Kaz 3:11  Құдай әр нәрсені өз уақытына сай көрікті етіп жаратты. Ол адамның жан дүниесіне мәңгілікті сезетін түйсікті дарытты. Әйтсе де адамдар Құдайдың әуел бастан аяғына дейін не істегендерін түсіне алмайды.
Eccl Kaz 3:12  Адам үшін шаттану мен жақсылық жасаудан артық ештеңенің жоқ екенін ұқтым.
Eccl Kaz 3:13  Осылай әрбір адам ішіп-жеп, еткен еңбегінен қанағат тапсын. Бұл да Құдайдың берген сыйы.
Eccl Kaz 3:14  Құдай не істесе, соның мәңгі болатынын, одан ештеңе алынып, оған ештеңе қосылмайтынын да ұқтым. Құдай бұны Өзін адамдар терең қастерлеу үшін солай етті.
Eccl Kaz 3:15  Болып жатқан және болашақта болатын жайттар бұрын да болып кеткен. Ал Құдай өтіп кеткен солардың қайталануын қадағалайды.
Eccl Kaz 3:16  Мен, сондай-ақ, осы өткінші дүниеде тағы мынаны да байқадым: Әділдік іске асуға тиіс орында — зұлымдық, әрі әділет орындалуға тиіс жерде сұмдық жүреді екен!
Eccl Kaz 3:17  Сонда мен іштей: «Құдай әділді де, зұлымды да сотында тексеретін болады. Өйткені сол жайттардағы әрбір ой-ниеттің және әрбір істің сыналып тексерілетін уақыты бар», — дедім.
Eccl Kaz 3:18  Мен тағы адам баласы туралы былай деп те ойладым: «Құдай оның тәндік жағынан хайуан секілді екенін көрсету үшін оны сынақтан өткізеді.
Eccl Kaz 3:19  Өйткені адам баласының да, хайуанның да ұшырайтын тағдыры бірдей: адамның өлетініндей, хайуан да өледі. Екеуінің де кеудесінде тіршілік лебі бар, осы жағынан адамның хайуаннан артықшылығы жоқ. Себебі олардың бәрі де өткінші.
Eccl Kaz 3:20  Барлығының да барар жері біреу: бәрі де топырақтан жаратылған және қайтадан топыраққа айналады.
Eccl Kaz 3:21  Адам баласының жанының көкке көтерілетінін, ал хайуанның жанының төменге, жер қойнына кететінін кім біледі?»
Eccl Kaz 3:22  Сонымен еткен еңбегінен қанағат табу адам үшін ең жақсы нәрсе екеніне көзім жетті. Бұл оның үлесіне тиген. Өйткені кейінірек болатын жайттарды оған кім көрсете алады?