I TIMOTHY
Chapter 4
I Ti | Kaz | 4:1 | Құдай Рухы: «Соңғы дәуірде кейбіреулер сенімдерінен бас тартып, жалған рухтарға құлақ салып, жындар үйреткен ілімдерге еретін болады», — деп анық айтады. | |
I Ti | Kaz | 4:3 | Олар: «Үйленуге және белгілі бір тағам түрлерін жеуге болмайды!» — деп үйретеді. Алайда сол тағамдарды Құдай Өзіне сеніп, шындықты білетіндердің шүкірлік ете отырып жеулері үшін жаратты. | |
I Ti | Kaz | 4:4 | Құдай жаратқандардың бәрі де адал; шүкірлік етіп қабылданған тамақтарға тыйым салуға болмайды. | |
I Ti | Kaz | 4:6 | Осы нұсқауларды бауырластарға білдіріп, сеніміміз туралы сөздерден, ұстанған игілікті ілімнен нәр алсаң, онда Иса Мәсіхтің ізгі қызметшісі боласың. | |
I Ti | Kaz | 4:7 | Сол бір кексе әйелдердің бос аңыздарынан бойыңды аулақ ұстап, Құдайға ұнамды жүруге жаттыға бер. | |
I Ti | Kaz | 4:8 | Денені шынықтырудың біраз пайдасы бар, ал Құдайға ұнамды жүру барлық жағынан да пайдалы: Құдайдың уәдесі бойынша ол осы және болашақ өмірде де игілікті. | |
I Ti | Kaz | 4:10 | Біз барлық адамдардың құтқарылуын қалайтын әрі Ізгі хабарға сенушілердің бәрін құтқаратын мәңгі тірі Құдайға сенімімізді арттық. Сол себептен жан сала еңбек етіп қорлыққа төзудеміз. | |
I Ti | Kaz | 4:12 | Ешкімнің де өзіңді жас деп менсінбей қарауына жол берме. Қайта, сенушілерге сөйлеген сөзің, мінез-құлқың, сүйіспеншілігің, сенімің және пәктігіңмен үлгі бол. | |
I Ti | Kaz | 4:13 | Мен барғанша Киелі жазбаларды оқып беріп, насихаттап сенімдерін нығайтып, тәлім берумен айналыса бер. | |
I Ti | Kaz | 4:14 | Қауым жетекшілері сенің үстіңе қолдарын қойып бата берген кезде Құдайдың Рухы білдірген хабарымен саған сыйлаған рухани дарынын елемей жүрме! | |