Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
JAMES
1 2 3 4 5
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 4
Jame Kaz 4:1  Ендеше, араларыңдағы қастастық пен дау-жанжал қайдан шығады? Бойларыңдағы соғысып жатқан арам құмарлықтарыңнан туады емес пе?
Jame Kaz 4:2  Сендер бір нәрсені аңсап, иемдене алмайсыңдар; сонда кісі өлтіретіндей жек көріп, қызғанасыңдар, алайда аңсаған нәрселеріңе қол жеткізе алмайсыңдар. Жанжалдасып, төбелесесіңдер, бәрібір иемденбейсіңдер, өйткені оны Құдайдан сұрамайсыңдар.
Jame Kaz 4:3  Сұрасаңдар да, ие бола алмайсыңдар, себебі ізгі ниетпен емес, арам құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін сұрайсыңдар.
Jame Kaz 4:4  Әй, опасыздар! Осы күнәкар дүниемен достасу Құдайға қастық екенін білмейтін бе едіңдер? Осы дүниемен дос болғысы келген әркім Құдайдың жауына айналады.
Jame Kaz 4:5  Киелі жазбадағы мынадай сөздер бекер айтылды деп санайсыңдар ма: Өмірімізден орын алған Құдайдың Рухы жалғыз Құдайды ғана сүйіп, Оған түгелдей бағышталуымызды аңсайды.
Jame Kaz 4:6  Ал Тәңір Ие бізге (арам құмарлықтарға қарсы тұруға) рақымын молынан сыйлайды. Сол себептен де Киелі жазбаларда мынадай сөздер бар: Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, «ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».
Jame Kaz 4:7  Сонымен, Құдайға мойынсұныңдар!Әзәзіл шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден қашып кетеді.
Jame Kaz 4:8  Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар!
Jame Kaz 4:9  Өкініп, зар еңіреп жылаңдар, күлкілерің қайғыға, қуаныштарың қасіретке айналсын!
Jame Kaz 4:10  Жаратқан Иенің алдында бой ұсыныңдар, сонда Ол сендерді жоғарылатпақ.
Jame Kaz 4:11  Қымбатты бауырластар, бір-біріңді жамандап қорлауды доғарыңдар! Бауырластарыңды жамандағандарың не үкімдегендерің — (Иеміздің сүйіспеншілік туралы) өсиетін қорлап үкімдегендерің. Ал өсиетті үкімдегенде оны орындаушы емес, соттаушы болып шығасыңдар.
Jame Kaz 4:12  Өсиеттерді шығарушы да, соттаушы да — Біреу-ақ. Ол құтқара да, құрта да алады. Маңайыңдағыларды үкімдейтін соншама сен кімсің?
Jame Kaz 4:13  «Біз бүгін-ертең пәлен қалаға барып, сонда бір жыл тұрып, сауда жасап, олжаға батамыз» дейтіндерің құлақ түріңдер:
Jame Kaz 4:14  сендер тіпті күні ертең не болатынын білмейсіңдер! Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?
Jame Kaz 4:15  Оның орнына «Иеміз бұйыртса, аман болсақ, біз мынаны істейміз, не ананы істейміз» дегендерің дұрыс.
Jame Kaz 4:16  Ал сендер паңданып мақтанасыңдар. Мұндай даңққұмарлық атаулы жаман.
Jame Kaz 4:17  Кім жасауға тиісті жақсылықты біле тұра жасамаса, сол күнәлі.