JAMES
Chapter 3
Jame | Kaz | 3:1 | Бауырластарым менің, бәрің бірдей тәлім беруші болуға ұмтылмаңдар! Иеміздің бізге, тәлім беретіндерге, басқалардан гөрі қатаңырақ төрелік айтатынын білесіңдер. | |
Jame | Kaz | 3:2 | Бәріміз де көп қате жібереміз. Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол — денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам. | |
Jame | Kaz | 3:3 | Мініс атын өз еркімізге көндіру үшін жай ғана ауыздық салып, бүкіл денесін бағындырып, бағыттаймыз. | |
Jame | Kaz | 3:4 | Немесе мысалға теңіз кемесін алайық. Ол қаншама үлкен болса да, күшті желмен ыққанда өте кішкентай тұтқасымен басқарылып, оны ұстап тұрған кісінің қалаған бағытына жүреді. | |
Jame | Kaz | 3:5 | Сол сияқты, тіл де дененің кішігірім мүшесі бола тұра, ғаламат нәрселермен мақтанады.От ұшқыны қаншама майда болса да, қалың орманды өртеп жібере алады! | |
Jame | Kaz | 3:6 | Тіл де от іспетті, әділетсіздік тудырғыш. Дене мүшелерінің арасында орналасқан ол бүкіл денемізді арамдап, өзі тозақ отынан тұтанып, бар өмірімізді де өртеп, құрта алады. | |
Jame | Kaz | 3:7 | Әр түрлі аңдар мен құстарды, бауырымен жорғалаушылар мен теңіз жануарларын адам өз еркіне бағындырып келді және бағындыруда. | |
Jame | Kaz | 3:8 | Алайда адамдардың ешқайсысы да өз тілін бағындыра алмайды! Тіл — бағынуға көнбейтін жаман нәрсе, кісі өлтіретін уға толы. | |
Jame | Kaz | 3:9 | Біз тілімізбен Жаратқан Ие — Құдай Әкеге алғыс айтып, Оны дәріптейміз. Алайда Құдай рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп жаратқан адамдарды сол тілімізбен қарғаймыз да! | |
Jame | Kaz | 3:12 | Бауырластарым, ойлаңдаршы: өрік ағашы зәйтүн жемісін немесе жүзім бұтасы өрік жемісін бере ала ма? Әрине, бермейді. Дәл сол сияқты, ащы су шыққан бұлақтан тұщы су да шықпайды. | |
Jame | Kaz | 3:13 | Араларыңдағы қайсың парасатты да саналысың? Сондай адам онысын үлгілі мінез-құлқымен, парасатты инабаттылығымен көрсетсін. | |
Jame | Kaz | 3:14 | Ал егер жүректерің удай қызғанышқа толып, қара бастарыңның абыройын ойласаңдар, онда даналықтарыңа мақтанбаңдар, әйтпесе шындықты бұрмалайсыңдар. | |
Jame | Kaz | 3:15 | Мұндай жалған «даналық» көктен келмейді. Керісінше, ол осы күнәкар дүниеге, өз бетімен жүрген ескі болмысымызға және жын-перілерге тән. | |
Jame | Kaz | 3:16 | Қай жерде қызғаныш пен қара бастың абыройын ойлау болса, тәртіпсіздік пен зұлымдық атаулы да сол жерде. | |
Jame | Kaz | 3:17 | Көктен келген даналық адамды ең алдымен пәк таза қылады, содан кейін оны ынтымақшыл, төзімді, ымырашыл, қайырым мен игі істер жасағыш, ешкімді алаламайтын әділ қылып, екіжүзділіктен арылтады. | |