Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
JAMES
1 2 3 4 5
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 5
Jame Kaz 5:1  Сонымен, байлар, құлақ түріп тыңдаңдар! Бастарыңа төніп тұрған қасіреттеріңе бола зар еңіреп жылаңдар!
Jame Kaz 5:2  Дүние-мүліктерің шіріп, киімдерің күйеге жем болды,
Jame Kaz 5:3  алтын мен күмістеріңді тот басты. Солардың тоты сендерге қарсы айғақ болып, тәндеріңді оттай жалмайды. Осы заманның ақыры жақын болса да, өздеріңе қазына жинап келесіңдер!
Jame Kaz 5:4  Міне, сендер егіндеріңді жинаған жұмысшыларға төлемеген тиесілі жалақылар өздеріңе қарсы айғақ болып шағынып тұр! Орақшылардың айқайлаған дауыстары Әлемнің Иесінің құлағына жетті.
Jame Kaz 5:5  Сендер бұ дүниеде молшылыққа белшеден батып, рақат кешіп келесіңдер. Құритын күндерің жетсе де, бордақыланған малдай семірудесіңдер.
Jame Kaz 5:6  Тіпті өздеріңе қарсы шықпаған әділдерді соттап, өлтірдіңдер!
Jame Kaz 5:7  Ендеше, бауырластарым, Иеміз қайтып келетін кезге дейін шыдаңдар. Диқанға қараңдаршы: ол егіндік жерінен алатын құнды өнімін тосып, оны күзгі және көктемгі жаңбырдың суғаруын төзімділікпен күтеді.
Jame Kaz 5:8  Сендер де сабырмен күтіп, жүректерің мызғымас табанды болсын. Өйткені Иеміз жуырда қайтып келмек.
Jame Kaz 5:9  Сотталмауларың үшін, бауырластарым, бір-біріңнің үстеріңнен шағым айтпаңдар. Үкім шығаратын Иеміздің жуырда қайта оралатынын білесіңдер ғой. Ол есік алдына келіп қалғандай жақын.
Jame Kaz 5:10  Бауырластарым менің, азап шегіп, төзе білуде Жаратқан Иенің атынан сөйлеген пайғамбарлардан үлгі алыңдар.
Jame Kaz 5:11  Сол төзімді адамдарды бақытты деп санаймыз. Әйүп пайғамбардың шыдамдылығы туралы естігенсіңдер, Жаратқан Иенің ақыр аяғында оны қалай жарылқағанын да білесіңдер. Иеміздің жанашырлығы мен қайырымдылығы қандай зор!
Jame Kaz 5:12  Ең бастысы, бауырластарым, ант етуші болмаңдар! Көк пен жердің немесе басқа да нәрселердің атымен ант етпеңдер. Қайта, сендер «иә» дегенде шынымен иә, «жоқ» дегенде шынымен жоқ болуға тиісті. Әйтпесе Тәңір Ие сендерді жауапқа тартпақ.
Jame Kaz 5:13  Кейбіреулерің азап шеккенде, Құдайға сиынсын, көңілді болғанда, мадақтау жырлары мен әндерін айтсын.
Jame Kaz 5:14  Қайсыбіреуің ауырып қалса, қауым жетекшілерін шақыртсын. Олар соның маңдайына Жаратқан Иенің атынан май жағып, оның үстіне қолдарын жайып сиынсын.
Jame Kaz 5:15  Сеніммен сиынғандарыңа бола Иеміз науқастың денсаулығын қайтадан қалпына келтіріп, сауықтырмақ. Егер ол күнә жасаған болса, кешірілмек.
Jame Kaz 5:16  Сондықтан сауығып кету үшін, жасаған күнәларыңды бір-біріңе айтып мойындап, бір-бірің үшін сиыныңдар! Әділ адамдардың Құдайға сиынуларының күші орасан зор.
Jame Kaz 5:17  Ілияс пайғамбар да біз сияқты пенде болатын. Алайда ол жаңбыр жаумасын деп шын жүректен сиынғанда, үш жарым жыл бойы жерге жаңбыр тамбады.
Jame Kaz 5:18  Ол қайтадан жауын болсын деп сиынғанда, аспаннан жаңбыр құйылып, жер тағы да өнімін берді.
Jame Kaz 5:19  Бауырластарым, қайсыбіреуің ақиқат жолынан тайса, басқа біреуің оны кері қайтарсын!
Jame Kaz 5:20  Естеріңде болсын: кім күнәкарды теріс жолдан қайтарса, сол оның жанын рухани өлімнен құтқарып, көптеген күнәларының кешірілуіне себепші болады.