Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
MICAH
1 2 3 4 5 6 7
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 5
Mica Kaz 5:1  «Жасағыңды түзе, уа, соғысқа дайындалған қала, өйткені бізді жау қоршап алды. Олар Исраилдің билеушісінің бетін асатаяқпен соққылайтын болады.
Mica Kaz 5:2  Ал сен, Ефрата аймағындағы Бетлехем, Яһуданың әулеттерінің арасындағы маңызсызы болсаң да, сенен Менің халқым Исраилге басшылық ететін Көсем шығады. Оның шыққан тегі ежелгі заманнан, мәңгіліктен.
Mica Kaz 5:3  Сондықтан Оған жүкті әйел толғатып, босанғанға дейін Жаратқан Ие Исраил халқын (жау қолына) тапсырады. Сол кезде Оның аман қалған ағайындары жер аударылған жақтарынан қайта оралып, Исраилдің өзге адамдарымен бірігетін болады.
Mica Kaz 5:4  Сол Көсем тұрып, өз халқына Жаратқан Иенің берген қуатымен, әрі өз Құдайы Жаратқан Иенің есімінің салтанатымен билік жүргізетін болады. Оның даңқы жердің ең шалғай түкпірлеріне дейін жеткендіктен, олар қауіпсіздікте тұратын болады.
Mica Kaz 5:5  Ол халқы үшін амандық пен тыныштықтың қайнар көзі болады».«Ассур әскері біздің елімізге басып кіріп, қамалдарымызды жайпап өтіп жатса, біз оларға қарсы жеті басқарушыны және сегіз әміршіні шығарамыз.
Mica Kaz 5:6  Олар Ассур елін семсермен басқарып, Нымрод ежелде негізін қалаған сол елге оның қала қақпаларының алаңдарында билік жүргізетін болады. Ассур әскері шекарамыздан өтіп, елімізге басып кіріп жатса, әміршілеріміз бізді жаудан құтқарады.
Mica Kaz 5:7  Сонда Жақыптың үрім-бұтағының тірі қалғандары көптеген халықтар арасында Жаратқан Иенің жерге түсірген шығына және шөпке жаудырған нөсеріне ұқсайды. Олар ешкімге бағынбай, адам баласынан тәуелсіз болады.
Mica Kaz 5:8  Жақыптың үрім-бұтағының тірі қалғандары халықтар арасында тұрып, орман аңдарының ішіндегі арыстандай, қойлардың ішіндегі жас арыстандай қуатты болады. Олар тарпа бас салып, айыра жыртқанда, ешкім араша бола алмайды.
Mica Kaz 5:9  Уа, Исраил халқы, жауларыңның үстінен жеңіске жет, дұшпандарыңның барлығы күйресін».
Mica Kaz 5:10  «Сол күні Мен араларыңдағы жылқыларыңды құртып, соғыс күймелеріңді қиратамын, — деп жариялайды Жаратқан Ие. —
Mica Kaz 5:11  Еліңдегі қалаларды талқандап, қорғандарыңның барлығын қиратамын.
Mica Kaz 5:12  Өзіңнің сиқырлық істеріңді құртамын, бұдан былай бал ашатын сәуегейлерің болмайды.
Mica Kaz 5:13  Мен араларыңдағы ағаштан ойылған тәңір мүсіндері мен тас бағаналарды қиратып тастаймын. Бұдан былай сендер өз қолдарыңмен жасаған тәңірсымақтарға табынбайтын боласыңдар.
Mica Kaz 5:14  Мен араларыңнан Ашераның бағаналарын алып тастап, (арамданған) қалаларыңды қиратамын.
Mica Kaz 5:15  Өзіме мойынсұнбаған ұлттарға қарсы ашу-ызаға кенеліп, оларға лайықты жазаларын тартқызамын».