Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
HABAKKUK
1 2 3
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 3
Haba Kaz 3:1  Аббақұқ пайғамбардың Құдайға еткен мінажаты; екпінді әуенмен айтылады.
Haba Kaz 3:2  Уа, Жаратқан, Сенің даңқың жайлы естігенмін,Ием, істеріңе қатты таңырқап келемін.Осы заманда да сондайларды жасай гөр,Тірі кезімізде оларды паш ете гөр,Қаһарыңда мейіріміңді ескере гөр.
Haba Kaz 3:3  Киелі Құдай Теманнан, Паран тауынан келді.Ұлы салтанаты Оның жапты күллі аспанды,Оны дәріптеген мадаққа жер беті кенелді.
Haba Kaz 3:4  Құдай нұры таң шапағындай жарқырады,Құдіретті қолынан сәулелер жалтырады.
Haba Kaz 3:5  Жаратқан Иенің алдында апат жүрді,Ал соңынан күйдіргіш індет те ерді.
Haba Kaz 3:6  Құдай тұра қалып, жерді сілкіндірді,Ол қарағанда халықтар дірілдеді.Ежелгі таулар опырылып құлады,Атам заманғы төбелер шөгіп қалды.Мәңгілік — Киелі Құдайдың жолдары!
Haba Kaz 3:7  Көрдім Құшанның абыржыған шатырларын,Дірілдеп қорыққан Мадиянның қостарын.
Haba Kaz 3:8  Уа, Жаратқан, өзендерге ашуландың ба,Қаһарың ағымдарға бағытталған ба?Сен аттарыңа мініп, атойлағандаТеңізге қарсы қатты қаһарландың ба?Жоқ, күймелеріңді жібердің құтқаруға!
Haba Kaz 3:9  Сен садағыңды қынабынан шығардың,Отты жебелерді уәдеңе сай дайындадың,Жер бетін сай-аңғармен бөліп тастадың.
Haba Kaz 3:10  Таулар Сені көргенде дүр сілкінді,Су тасқыны ағып өтіп лап берді,Түпсіз тұңғиық гүрілдеп күркіреді,Толқындары биікке көтерілді.
Haba Kaz 3:11  Ұшқан жебелеріңнің жарығында,Жалтыраған найзаңның жарқылындаТып-тыныш тұра қалды күн де, ай да.
Haba Kaz 3:12  Қаһарлана жер бетімен қадам бастың,Ашулана халықтарды таптадың.
Haba Kaz 3:13  Құтқаруға аттандың Сен халқыңдыЖәне Өзің тағайындаған патшаңды.Зұлым елдің әміршісін күйреттің,Оны толықтай ұятқа қалдырдың.
Haba Kaz 3:14  Жау құйындай құйғытып бізді шашпақ болғанда,Тығылған байғұсты қуана жалмамақ болғанда,Қолбасшының басына өз найзасын сұғып алдың,
Haba Kaz 3:15  Аттарыңның тұяғымен теңізді таптадың,Зәулім су иірімі арқылы жол салдың.
Haba Kaz 3:16  Естігенде жүрегім дүрсілдей соқты,Зор гүрілден еріндерім қалтырады,Сүйектерім әлсіреп, күштен айырылды,Аяқ астым қалш-қалш етіп шайқалды.Ал бізді тонап, талан-таражға салғанЕлдің өзі апатқа ұшырап жатқанКүнді шыдамдылықпен тосатын болам.
Haba Kaz 3:17  Інжір ағаштары гүлдемесе де,Бақтарда жүзім шоқтары піспесе де,Зәйтүн ағаштары өнім бермесе де,Егістіктерден астық жиналмаса да,Қорада қой, табында мал қалмаса да,
Haba Kaz 3:18  Мен бәрібір Жаратқанға шаттанамын,Құтқарушы Құдайыма қуанамын.
Haba Kaz 3:19  Жаратушы Тәңір, күш-қуатым болады,Ием мені бұғыдай жүйрік қылады,Қырат жолмен жүруіме күш дарытады.(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.)