Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I JOHN
1 2 3 4 5
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 4
I Jo Kaz 4:1  Сүйікті бауырларым, кез келген рухтарға сене бермеңдер, олар Құдайдан келген бе, жоқ па — алдымен соны анықтаңдар! Өйткені көптеген жалған пайғамбарлар жер жүзіне тарады.
I Jo Kaz 4:2  Құдайдың Рухын мынаған қарап ажырата білесіңдер: Құдайдан шыққан Киелі Рух Иса Мәсіхтің адам бейнесінде көктен келгенін мойындайды.
I Jo Kaz 4:3  Ал Иса Мәсіхтің адам болып келгенін мойындамайтын әрбір рух Құдайдан емес, керісінше, ол — Мәсіхке қарсы шығушының рухы. Сендер соның келетінін естідіңдер, ол қазірдің өзінде-ақ дүниеде жүр.
I Jo Kaz 4:4  Ал, балаларым менің, сендер Құдайдансыңдар, жалған пайғамбарларды жеңіп шықтыңдар. Өйткені сендердегі Киелі Рух күнәкар дүниені билеп тұрған шайтаннан құдіретті.
I Jo Kaz 4:5  Жалған пайғамбарлар осы күнәкар дүниеден болғандықтан осы дүниелік тұрғыдан сөйлейді, әрі осы дүниенің адамдары оларға ден қояды.
I Jo Kaz 4:6  Біз Құдайданбыз; Оны танитындар бізге құлақ салады, ал Құдайдан еместер бізге құлақ салмайды. Шындықты сөйлейтін Рух пен алдамшы рухты осы арқылы ажырата аламыз.
I Jo Kaz 4:7  Сүйікті бауырларым, бір-бірімізді сүйейік! Себебі сүйіспеншілік Құдайдан; сүйетін адам — Құдайдың рухани баласы, ол Құдайды танып біледі.
I Jo Kaz 4:8  Сүймейтін кісі Құдайды білмейді, өйткені Құдай — сүйіспеншілік.
I Jo Kaz 4:9  Құдай бізге деген сүйіспеншілігін былай көрсетті: Сол арқылы шынайы өмір сүруіміз үшін Құдай Өзінің жалғыз рухани Ұлын бұ дүниеге жіберді.
I Jo Kaz 4:10  Бұл сүйіспеншіліктің мәнісі мынада: Құдайды сүйген біз емес, қайта, Ол бізді сүйгендіктен, құрбандығы арқылы күнәміздің құнын өтеу үшін Өзінің рухани Ұлын жіберді.
I Jo Kaz 4:11  Сүйікті бауырларым, Құдай бізді осылайша сүйгендіктен, біз де бір-бірімізді сүюіміз керек.
I Jo Kaz 4:12  Ешкім еш уақытта Құдайды көзімен көрген емес; алайда бір-бірімізді сүйсек, онда Құдай жан дүниемізден орын алып, Оның сүйіспеншілігі бойымызда әбден толысып, мақсатына жеткені.
I Jo Kaz 4:13  Құдай бізге Өзінің Рухын сыйлады. Біздің Онымен, Оның бізбен тығыз байланыста екендігімізді осыдан білеміз.
I Jo Kaz 4:14  Әкенің Өзінің рухани Ұлын дүниеге Құтқарушы ретінде жібергенін біз өз көзімізбен көрдік, соған куә болып келеміз.
I Jo Kaz 4:15  Кім Исаны Құдайдың рухани Ұлы деп мойындаса, Құдай онымен, ол да Құдаймен тығыз байланыста тұрады.
I Jo Kaz 4:16  Біз Құдайдың өзімізге деген сүйіспеншілігін біліп, Оған нық сенеміз. Құдай — сүйіспеншілік. Сол себептен, кім Оның сүйіспеншілігіне сай әрекет ете берсе, ол Құдаймен, Құдай да онымен тығыз қатынаста тұрады.
I Jo Kaz 4:17  Мәсіхтің осы дүниеде қалай өмір сүргеніндей өмір сүрсек, онда Құдайдың сүйіспеншілігі бойымызда әбден толысып, мақсатына жетеді. Осылай қиямет сотында нық сенімді боламыз.
I Jo Kaz 4:18  Сүйіспеншілікте қорқыныш жоқ. Шынайы сүйіспеншілік қорқынышты жолатпайды, себебі қорқыныш жазаға байланысты. Қорқатын кісіде сүйіспеншілік мақсатына жеткен емес.
I Jo Kaz 4:19  Біз сүйеміз, себебі Ол бізді алдымен сүйді.
I Jo Kaz 4:20  Біреу «Құдайды сүйемін» дей тұра, бауырын жек көрсе, оның өтірікші болғаны. Себебі көз алдындағы бауырын сүймейтін кісі көзге көрінбейтін Құдайды қалай сүйе алады?
I Jo Kaz 4:21  Одан алған өсиетіміз мынау: Құдайды сүйетін кісі бауырын да сүюге тиіс!