Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ZECHARIAH
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 10
Zech Kaz 10:1  Жаратқан Иеден көктемгі жауын мерзімінде жаңбыр жаудыруын өтініңдер! Себебі қалың бұлттарды жаратып, адам баласына мол жаңбырын жаудыратын, далада өсіп тұрған өсімдіктен тіршілік атаулыға азығын ризық ететін — Жаратқан Иенің Өзі.
Zech Kaz 10:2  (Ол былай дейді:) «Басқа ұлттар үйлерінде табынатын тәңірсымақтардың айтатыны өтірік, бал ашқан сәуегейлердің болжағандары да жалған, көріпкелдер өтірік түс көріп, босқа жұбаныш береді. Осының бәрінен халқым қой сияқты тентіреп кетті, бағушысы болмағандықтан олар азап шегуде.
Zech Kaz 10:3  Сенің бағушыларыңа деген ашуым лаулап қозады. Мен халықты отардағы серкедей бастап жүретін билеушілеріңді жазалаймын!»Себебі Әлемнің Иесі өз отары — Яһуда халқының қамын ойлайды. Оларды шайқас кезіндегі айбат шеккен тұлпардай етеді.
Zech Kaz 10:4  Яһудадан үйге бағыт беретін бұрыш тасы да, шатырдың қазығы да, шайқас садағы және әрбір билеуші де шығады.
Zech Kaz 10:5  Олар шайқаста мықты жасақшылар болып жауларын балшыққа таптап тастайды. Жаратқан Ие өздерімен бірге жүріп жар болғандықтан олар соғысып, тіпті атты әскерді масқараға ұшыратады.
Zech Kaz 10:6  «Мен Яһуда халқын күшейтіп, Жүсіптің үрім-бұтағын да құтқарамын. Мен оларға мейірбандық танытып оларды елге қайтарып алып келемін. Сонда олар Мен өздерінен ешқашан бас тартпағандай болады. Мен олардың Құдайы Жаратқан Иемін ғой, Мен оларға құлақ саламын.
Zech Kaz 10:7  Міне, сонда Ефремнің адамдары батырлар іспетті болып, тойдағыдай көңілдері көтеріледі. Мұны көріп, олардың бала-шағалары да қуанып, Жаратқан Иеге шаттанатын болады.
Zech Kaz 10:8  Содан соң Мен белгі беріп шақырып, оларды жинаймын, себебі Өзім құнын төлеп құтқарып алдым. Олар енді бұрынғыша өсіп-өніп көбейетін болады.
Zech Kaz 10:9  Мен халқымды басқа ұлттардың арасына тарыдай шашыратып жіберген болсам да, олар Мені алыстағы елдерде де естеріне алады. Өздері және балалары тірі қалып, елге қайтып келеді.
Zech Kaz 10:10  Мен халқымды Мысырдан қайтарып алып, Ассур елінен де жинап әкелемін. Оларды Ғилақад пен Ливан өлкелеріне де алып барамын. Оларға тіпті сол жерде де орын жетпей қалады.
Zech Kaz 10:11  Халқым зор қиындықпен теңіз арқылы өтеді. Сонда буырқанған теңіз толқындары сабасына түсіп тыншиды. Ніл өзенінің бар арналары құрғап кеуіп қалады. Ассурдың өркөкіректігі қорланып, Мысыр да өз билігінен айырылады.
Zech Kaz 10:12  Мен халқымды өз құдіретіммен күшейтемін! Олар Менің атыммен жүретін болады», — деп нық айтады Жаратқан Ие.