EXODUS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
Chapter 11
Exod | Kaz | 11:1 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Мен перғауынды және Мысыр елін тағы бір апатқа душар етемін. Одан соң ол бұл жерден кетулеріңе рұқсат беріп қана қоймай, тіпті біріңді қалдырмай елінен шығуға мәжбүрлейтін болады. | |
Exod | Kaz | 11:2 | Исраилдіктерге былай де: «Сол кезде барлық еркектерің мен әйелдерің (мысырлық) көршілерінен күміс, алтын бұйымдар сұрап алсын». | |
Exod | Kaz | 11:3 | Осы уақыт жеткенде Жаратқан Ие мысырлықтарды Исраилдің үрім-бұтағына игі ниетпен қаратты. Мұсаның абыройы да Мысыр жерінде перғауынның нөкерлері мен халықтың алдында зор болды. | |
Exod | Kaz | 11:4 | (Перғауынның қасынан кетпей тұрып) Мұса оған тағы былай деген болатын:— Жаратқан Ие мынаны айтады: «Түн ортасында Мен Мысырды аралап өтемін. | |
Exod | Kaz | 11:5 | Сонда Мысыр жеріндегі әрбір тұңғыш бала, тақта отырған перғауынның тұңғышынан бастап, қол диірменді айналдырып отырған күңнің тұңғышына дейін, сондай-ақ мал атаулының алғашқы төлдері де өлетін болады. | |
Exod | Kaz | 11:6 | Бүкіл Мысыр елі бұған дейін болмаған, енді қайтып болмайтын зар еңіреген жоқтауға толады. | |
Exod | Kaz | 11:7 | Ал исраилдіктерге келсек, олардың адамдары түгіл, малдарына қарсы иттер де үрмейтін болады. Содан сендер Жаратқан Иенің Исраил мен Мысыр халықтарына қалай түрліше қарайтынын білетін боласыңдар». | |
Exod | Kaz | 11:8 | Сол кезде мына тұрған нөкерлеріңіздің бәрі алдыма келіп, бастарын иіп былай деп жалынбақ: «Өзіңіз және басқарып жүрген халқыңыз елімізден шыға көріңіздер!» Мен содан кейін шығатын боламын.Ашуланған Мұса осыны айтып, перғауынның қасынан шығып кетті. | |
Exod | Kaz | 11:9 | Жаратқан Ие Мұсаға бұрын мынаны да айтып қойған болатын:— Менің Мысыр елінде көптеген кереметтер жасауым (әрі Өзімнің кім екенімді білдіруім) үшін перғауын айтқандарыңа құлақ аспайтын болады. | |