EXODUS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
Chapter 9
Exod | Kaz | 9:1 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Перғауынға барып сөзімді жеткіз: «Исраилдіктердің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Маған ғибадат ету үшін халқымды жібер! | |
Exod | Kaz | 9:3 | онда сақ бол. Жаратқан Ие далада жүрген малдарыңа қол салып, жылқыларың, есектерің, түйелерің, мүйізді ірі қараларың және қой-ешкілерің өте жаман індетке ұшырайтын болады! | |
Exod | Kaz | 9:4 | Ал Жаратқан Ие қайтадан исраилдіктердің малдарына мысырлықтардікінен бөлек қарамақ: Исраилдің бір тұяғы да шығынға ұшырамайды! | |
Exod | Kaz | 9:6 | Жаратқан Ие келесі күні солай істеді де. Мысырлықтардың малдары жаппай қырылды, ал исраилдіктердің малдарынан бірде-бір шығын болмады. | |
Exod | Kaz | 9:7 | Перғауын адамдарын жіберіп, исраилдіктердің бір тұяғының да шығынға ұшырамағанын біліп алды. Сонда да перғауынның жүрегі қасарысып, ол халықты жібермей қойды. | |
Exod | Kaz | 9:8 | Содан соң Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға былай деп бұйырды:— Пештен уыстап күл алыңдар. Мұса оны перғауынның көз алдында аспанға қарай шашып жіберсін. | |
Exod | Kaz | 9:9 | Сонда ол майда тозаң болып бүкіл Мысыр еліне тарап кетеді де, адамдар мен жан-жануарларда шиқандар пайда болады. | |
Exod | Kaz | 9:10 | Мұса мен Һарон пештен күл алып, перғауынның алдына барды. Мұса күлді аспанға қарай шашып жібергенде, адамдар мен жан-жануарларда шиқандар пайда болды. | |
Exod | Kaz | 9:11 | Абыздар Мұсаға қарсы тұра алмады. Барлық мысырлықтар сияқты олардың тәндеріне де шиқандар шыққан болатын. | |
Exod | Kaz | 9:12 | Алайда Жаратқан Ие перғауынның жүрегін қасарыстырып, ол Мұса мен Һаронның айтқандарына құлақ аспай қойды. Осылай болатынын Жаратқан Ие алдын ала айтқан да еді. | |
Exod | Kaz | 9:13 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Ертеңгісін ерте тұрып, перғауынның алдына барып, сөзімді жеткіз: «Исраилдіктердің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Маған ғибадат ету үшін халқымды жібер! | |
Exod | Kaz | 9:14 | Мен осы жолы қасарысқан жүрегіңе, нөкерлеріңе және халқыңа қарсы ойлаған апаттарымның бәрін жіберетін боламын. Сонда сен жер бетінде Маған тең келетін ешкімнің жоқ екеніне көзің жетіп, соны білетін боласың. | |
Exod | Kaz | 9:15 | Қаласам баяғыда қолымды созып-ақ өзіңді де, халқыңды да індетке ұшыратып, жер бетінен жоқ қылған болар едім. | |
Exod | Kaz | 9:16 | Алайда саған (істейтінім арқылы) құдіретімді көрсетіп, бүкіл жер жүзіне атымды шығару үшін ғана сені патша етіп қойдым. | |
Exod | Kaz | 9:18 | Біліп ал: Мен ертең осы мезгілде Мысыр Мысыр болғалы күні бүгінге дейін болып көрмеген бұршақты сенің еліңе жаудырамын. | |
Exod | Kaz | 9:19 | Енді адамдарыңды жіберіп, даладағы малдарың мен меншіктеріңнің бәрін де паналарға жинатып алдырт! Үй-қораларды паналамай далада жүрген күллі адамдар мен малдар бұршақтың астында қалып, қырылмақ». | |
Exod | Kaz | 9:20 | Перғауынның нөкерлерінің кейбіреулері Жаратқан Иенің сөздерінен қорқып, қарамағындағы қызметшілері мен малдарын жедел түрде қауіпсіз жерлерге жинап алды. | |
Exod | Kaz | 9:21 | Ал Жаратқан Иенің сөзіне көңіл бөлмегендер өз қызметшілері мен малдарын далада қалдырды. | |
Exod | Kaz | 9:22 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйрық берді:— Қолыңды аспанға қарай соз! Сол сәтте бүкіл Мысыр елінің үстіне, ондағы адамдардың, малдардың және даладағы өсімдіктердің бәрінің үстіне бұршақ жауатын болады. | |
Exod | Kaz | 9:23 | Мұса таяғын аспанға қарай созғанда, Жаратқан Ие күн күркіретіп, бұршақ жаудырып, жерге найзағай түсірді. Осылайша Жаратқан Ие Мысыр елін бұршақтың астына алып, | |
Exod | Kaz | 9:24 | бұршақ жерге үздіксіз төпелеп, арасында найзағай жарқылдап тұрды. Бұршақтың мұндай күшті жауғанын Мысыр халқы ел болып, басы біріккелі көрген емес. | |
Exod | Kaz | 9:25 | Бұршақ бүкіл Мысыр даласында жүрген күллі адамдар мен малдарды қырып, өсіп тұрғанның барлығын тып-типыл қылып, ағаш атаулының бұтақтарын сындырып, быт-шыт етті. | |
Exod | Kaz | 9:27 | Содан перғауын кісі жіберіп, Мұса мен Һаронды шақырып алып:— Осы жолы мен күнә жасадым. Жаратқан Ие әділ, ал өзім және халқым кінәлі. | |
Exod | Kaz | 9:28 | Жаратқан Иеге сиыныңдаршы! Құдайдың қатты күн күркіретіп, бұршақ жаудырғаны тоқтаса екен! Бұған дейін басымызға түскені жетер. Сендерді жібермекпін, бұдан әрі қарай мұнда қалуға тиіс болмайсыңдар, — деді. | |
Exod | Kaz | 9:29 | Мұса:— Қаладан шығысымен-ақ қолымды Жаратқан Иеге қарай жайып сиынамын. Сонда күн күркіреуін тоқтатып, бұршақ та жаумайтын болады. Осыдан жердің иесі Жаратқан Ие екенін білетін боласыз. | |
Exod | Kaz | 9:30 | Алайда өзіңіз де, нөкерлеріңіз де (шынайы) Құдайды, Жаратқан Иені, әлі де терең қастерлеп, Одан қорықпайсыздар, соны білемін, — деп жауап қатты. | |
Exod | Kaz | 9:31 | Зығыр мен арпаны бұршақ ұрып кетті, өйткені арпа масақ жарып, зығыр гүлдеп тұрған еді. | |
Exod | Kaz | 9:32 | Ал бидай мен соған ұқсас дәнді дақылдар кеш пісетін болғандықтан бұршаққа ұрыла қоймады. | |
Exod | Kaz | 9:33 | Мұса перғауыннан қаланың сыртына шығып, қолын Жаратқан Иеге қарай жайып сиынды. Сонда күн күркіреуін, бұршақ жаууын доғарып, жаңбыр да тиылды. | |
Exod | Kaz | 9:34 | Бірақ перғауын бұршақ пен жаңбырдың әрі күннің күркіреуінің тыйылғанын көргенде, күнә жасауын әрі қарай жалғастырып, өзі де, нөкерлері де жүректерін қасарыстырып алды. | |