Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
EXODUS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 28
Exod Kaz 28:1  Бүкіл Исраил үрім-бұтағының арасынан Менің діни қызметкерлерім болу үшін ағаң Һаронды ұлдары Надаб, Әбиһу, Елазар, Ітамармен бірге қасыңа шақырып алдырт.
Exod Kaz 28:2  Қадір-құрмет пен сән-салтанат көрсету үшін ағаң Һаронға арнайы киімдер тіккіз.
Exod Kaz 28:3  Һаронның Менің қызметіме бағышталып тағайындалу рәсімі кезінде киетін сол киімдерін дайындау жайында Өзім ерекше дарынға кенелткен барлық парасатты адамдарға нұсқау бер.
Exod Kaz 28:4  Олар жасап дайындауға тиіс киімдер мыналар: төс қалта, жеңсіз сырт киім, сырт көйлек, бедерленіп тоқылған ұзын көйлек, сәлде және жалпақ белбеу. Маған діни қызмет көрсетулері үшін ағаң Һарон мен оның ұлдарына арнап шеберлер осы киімдерді дайындасын.
Exod Kaz 28:5  Сол үшін алтын талшықтар, әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптер қолданылсын.
Exod Kaz 28:6  Шеберлер жеңсіз сырт киімді алтын талшықтардан әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестелеп тоқып дайындасын.
Exod Kaz 28:7  Сырт киімнің алдыңғы, артқы бөліктерінің жоғарғы жақтарын бір-бірімен байланыстырып тұратын екі иық жапсырмасы болсын.
Exod Kaz 28:8  Сырт киімді байлап тұратын белбеу де дәл сол сияқты алтын талшықтармен әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестеленіп тоқылсын.
Exod Kaz 28:9  Екі оникс тасын алып, олардың бетіне Исраилдің он екі ұлының аттарын
Exod Kaz 28:10  туу реттеріне сай, алтауын бір тасқа, қалған алтауын келесісіне ойып жаздырт.
Exod Kaz 28:11  Осылай тастан ойып мөр жасайтын зергер мәнерімен Исраилдің руларының аттарын екі оникс тасқа ойып жаздыртқаннан кейін, оларды әшекейлі алтын жиектемелерге қондырғызып,
Exod Kaz 28:12  сырт киімнің иық жапсырмаларына бекіттір. Сол екі тас — Исраилдің үрім-бұтағының естелігі: Һарон өзінің діни қызметін атқарғанда, Жаратқан Иенің (оларды рақым етіп таңдап алғанын) есіне салып отыру үшін рулардың аттарын ұдайы екі иығында алып жүретін болсын.
Exod Kaz 28:13  Әшекейлеп екі алтын шығыршық жасат.
Exod Kaz 28:14  Саф алтын талшықтардан арқан сияқты екі бау ширата өргізіп, шығыршықтарға бекіттірт.
Exod Kaz 28:15  Құдайдың еркін білуге көмекші құрал болатын кеуде қалта жасалсын. Ол да жеңсіз сырт киім сияқты алтын талшықтардан әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестеленіп тоқылсын.
Exod Kaz 28:16  Қалта ені мен көлденеңі бір қарыстан төрт бұрышты екі қабат етіп дайындалсын.
Exod Kaz 28:17  Оған асыл тастар төрт қатарға тізіле қадалсын: бірінші қатарға рубин, топаз, изумруд,
Exod Kaz 28:18  екіншісіне лағыл, сапфир, алмас,
Exod Kaz 28:19  үшіншісіне жақұт, жүзақ, аметист,
Exod Kaz 28:20  ал төртінші қатарға зүбәржат, оникс, яспис тастарын алтын жиектемелерге безендіріп қондырғыз.
Exod Kaz 28:21  Асыл тастардың саны он екі болсын, Исраилдің әрбір ұлы үшін бір тастан. Осылай әр тасқа Исраилдің бір руының аты мөр жасайтын зергер мәнерімен ойылып жазылсын.
Exod Kaz 28:22  Кеуде қалта үшін саф алтын талшықтардан арқан тәрізді ширатып екі шынжыр бау өргізгеннен кейін
Exod Kaz 28:23  екі алтын шығыршық жасатып, оларды қалтаның жоғарғы екі бұрышына бекіттір.
Exod Kaz 28:24  Өрілген екі алтын шынжыр бау қалтаның жоғарғы екі бұрышындағы алтын шығыршықтардан өткізілсін.
Exod Kaz 28:25  Екі баудың қалған ұштары екі жиектемеге бекітілсін, сонда олар иық жапсырмаларымен алдыңғы жақтан байланысады.
Exod Kaz 28:26  Тағы екі алтын шығыршық жасатып, оларды қалтаның төменгі екі бұрышына оның сырт киімге қараған астыңғы жағынан бекіттір.
Exod Kaz 28:27  Осындай басқа да екі алтын шығыршық жасат. Олар сырт киімнің алдыңғы жағында, оның артқы, алдыңғы бөліктерінің түйіскен жеріне таман қолтықтың астынан, белбеудің үстінен бекітілсін.
Exod Kaz 28:28  Бұл шығыршықтар қою күлгін баулар арқылы қалтаның төменгі жағындағы шығыршықтармен байланыстырылсын. Сонда кеуде қалта өз орнынан қозғалмай, белбеудің үстіңгі жағында берік тұратын болады.
Exod Kaz 28:29  Осылайша Һарон киелі орынға кірген сайын Исраил руларының аттарын жүрек тұсында Жаратқан Иенің алдында естелік ретінде алып жүрмек.
Exod Kaz 28:30  Кеуде қалтаға «Нұр және Кемелділік» деген қасиетті жеребелерді салып қой. Һарон Жаратқан Иенің алдына барған сайын олар да Һаронның жүрек тұсында болмақ. Сонда Һарон Исраилдің үрім-бұтағына Жаратқан Иенің шешімдерін білдіретін сол құралдарды әрқашан жүрек тұсында Жаратқан Иенің алдында алып жүретін болады.
Exod Kaz 28:31  Жеңсіз сырт киімнің ішінен киетін бір түсті қою күлгін сырт көйлек дайындат:
Exod Kaz 28:32  оның жоғарғы жағында бас сыятындай ойығы болсын. Ал тарқатылып кетпеуі үшін ойықты айналдыра жаға іспетті қаптама тоқылсын.
Exod Kaz 28:33  Көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері және солардың араларында кішкене алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрсын.
Exod Kaz 28:34  Көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері және солардың араларында кішкене алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрсын.
Exod Kaz 28:35  Һарон қызметін атқарғанда осы сырт көйлекті киіп жүруге тиіс. Ол Жаратқан Иенің алдына барып, киелі орынға кіріп-шыққан кезде өліп қалмауы үшін қоңыраушалардың сыңғыры естілуі қажет.
Exod Kaz 28:36  Саф алтыннан кішкене тақташа жасатып, бетіне «Жаратқан Иеге бағышталған» деп мөр жасайтын зергер мәнерімен ойып жаздырт.
Exod Kaz 28:37  Алтын тақташаны қою күлгін баумен алдыңғы жағынан сәлдеге бекіттір.
Exod Kaz 28:38  Һарон Исраилдің үрім-бұтағының Құдайға бағыштаған барлық құрбандықтарының, сый-тартулары мен қызметтерінің мінсіз еместігінің кінәсін өз мойнына алуы үшін, осы алтын тақташа оның маңдайына тағылып жүруге тиіс. Осылай сол құрбандықтар, сый-тартулар және қызметтер Жаратқан Иеге ұнамды болады.
Exod Kaz 28:39  Сәлде бәтестен, ұзын көйлек бедерлі бәтестен тігіліп, жалпақ белбеу кестеленіп тоқылсын.
Exod Kaz 28:40  Қадір-құрмет пен сән-салтанат көрсету үшін Һаронның ұлдарына да ұзын көйлек, белбеу мен бас киімнен дайындат.
Exod Kaz 28:41  Осы киімдерді ағаң Һаронға және оның ұлдарына кигізіп, оларға май жағу рәсімін орында. Діни қызметкерлерім болу үшін оларды Маған бағыштап, тағайында.
Exod Kaz 28:42  Тәндерін белінен тізесіне дейін жабу үшін бәтес шалбар дайындат.
Exod Kaz 28:43  Һарон мен оның ұлдары киелі орында қызмет ету үшін кездесу шатырына кіріп не құрбандық үстеліне жақындап барған сайын осындай киімдерді киіп жүруге тиіс. Олай етпесе, олар кінәлі болып, өлім құшады.Бұл — Һаронға және оның келер ұрпақтарына арналған тұрақты ереже.