Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
EXODUS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 25
Exod Kaz 25:1  Сонда Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды:
Exod Kaz 25:2  — Исраилдің үрім-бұтағына былай де: Олар Маған сый-тартулар бағыштап ұсынсын. Шын жүрегімен ниеттенген әрбір адамнан өзінің Маған арнаған тарту-таралғысын қабылдап алыңдар.
Exod Kaz 25:3  Олардан қабылдайтындарың мыналар болсын: алтын, күміс, қола,
Exod Kaz 25:4  иірілген қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн жіптер және жіңішке иірілген зығыр жіптер, ешкінің түбіті,
Exod Kaz 25:5  қызыл түске боялған қошқар терілері, борсық терілері, аққараған ағашы,
Exod Kaz 25:6  май шамға қажетті зәйтүн майы, май жағу рәсімінде қолданылатын (майға қосылуға) немесе түтетілуге арналған хош иісті заттар,
Exod Kaz 25:7  сондай-ақ бас діни қызметкердің жеңсіз сырт киіміне және төс қалтасына тағылатын оникс пен тағы басқа да асыл тастар.
Exod Kaz 25:8  Исраилдіктер Маған арнап киелі шатыр дайындап жасасын. Мен халық арасында сол жерде тұратын боламын.
Exod Kaz 25:9  Бәрін де Мен саған көрсететін киелі шатыр мен ондағы бұйымдардың үлгісіне дәлме-дәл сай етіп жасаңдар!
Exod Kaz 25:10  Аққараған ағашынан сандық жасат. Ұзындығы екі жарым, ал ені мен биіктігі бір жарым шынтақтан болсын.
Exod Kaz 25:11  Іші-сырты саф алтынмен қапталып, жоғарғы ернеуі айналдыра алтынмен әшекейленіп жиектелсін.
Exod Kaz 25:12  Сандық үшін төрт алтын шығыршық құйғызып, төменгі төрт бұрышына, екеуін бір жақ бүйіріне, қалған екеуін қарама-қарсы бүйіріне бекіттір.
Exod Kaz 25:13  Мұнан кейін аққарағаннан сырықтар жасатып, алтынмен қаптат.
Exod Kaz 25:14  Сандықты көтеріп алып жүру үшін сырықтар оның екі бүйіріндегі шығыршықтардан өткізілсін.
Exod Kaz 25:15  Сырықтар әрдайым шығыршықтарға кигізулі тұрсын, оларды алып тастауға болмайды.
Exod Kaz 25:16  Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды осы сандықтың ішіне салып қой.
Exod Kaz 25:17  Сандықтың қақпағын да саф алтыннан жасат. Ұзындығы екі жарым, ені бір жарым шынтақ болсын.
Exod Kaz 25:18  Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің екі мүсінін алтыннан балғамен соғып жасатып, орнатқыз. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан жасалсын.
Exod Kaz 25:19  Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің екі мүсінін алтыннан балғамен соғып жасатып, орнатқыз. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан жасалсын.
Exod Kaz 25:20  Керуб мүсіндері қанаттарын жоғары жайып, қақпақты көлегейлеп, беттері бір-біріне қарама-қарсы, қақпаққа қарап тұрулары керек.
Exod Kaz 25:21  Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды сандыққа сал да, үстін қақпақпен жауып қой.
Exod Kaz 25:22  Сол жерден, Келісім сандығы қақпағының үстіндегі екі керуб мүсіндерінің ортасынан Мен саған тіл қатып, Исраилдің үрім-бұтағына сен арқылы бұйыратын ережелерімнің бәрін тапсырамын.
Exod Kaz 25:23  Аққараған ағашынан үстел жасат, ұзындығы екі, ені бір, биіктігі бір жарым шынтақ болсын.
Exod Kaz 25:24  Үстел саф алтынмен қапталып, жақтауы айналдыра алтынмен қапталсын.
Exod Kaz 25:25  Үстелдің бетін айналдыра төрт елі бойы ернеумен жиектетіп, соны да алтынмен қаптат.
Exod Kaz 25:26  Төрт алтын шығыршық құйдырып жасатып, оларды үстелдің аяқтары орнатылған төрт бұрышына бекіттір.
Exod Kaz 25:27  Үстелді көтеріп жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылсын. Сырықтарды аққарағаннан жасатып, алтынмен қаптат.
Exod Kaz 25:28  Үстелді көтеріп жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылсын. Сырықтарды аққарағаннан жасатып, алтынмен қаптат.
Exod Kaz 25:29  Үстелдің аяқ-табақтары мен табаларын және құйылып ұсынылатын сұйық тартуларға арналған құмыралары мен тостағандарын саф алтыннан жасат.
Exod Kaz 25:30  Нан тартуларын үстелге қойып отыр, олар ұдайы Менің алдымда болсын.
Exod Kaz 25:31  Саф алтыннан шам қойғыш та жасат. Оның тұғыры мен діңгегі, мүсінделген тармақтары, гүл тостағаншалары, қауыздары және бүршіктері түгел біртұтас алтыннан балғамен соғылып жасалсын.
Exod Kaz 25:32  Діңгегінен екі жағына үш-үштен алты тармақ шығуы керек.
Exod Kaz 25:33  Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болсын. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болуы керек.
Exod Kaz 25:34  Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болсын. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болуы керек.
Exod Kaz 25:35  Бұл гүлдердің бүршіктері екі жаққа созылған үш жұп тармақтың діңгектен шыққан жерлерінің астыңғы жағында орналассын.
Exod Kaz 25:36  Тармақтарымен, бүршіктерімен бірге шам қойғыш түгелдей біртұтас саф алтыннан балғамен соғылып жасалсын.
Exod Kaz 25:37  Шам қойғышқа жеті май шамын дайындатып, оларды жарығы алдыңғы жағына түсіп тұратын етіп діңгек пен тармақтардың бастарына орнат.
Exod Kaz 25:38  Оның білте түзеткіштері мен табақшаларын да саф алтыннан жасат.
Exod Kaz 25:39  Шам қойғыш пен қажетті құрал-жабдықтары үшін бір ат басындай саф алтын жұмсалсын.
Exod Kaz 25:40  Байқа, барлығын саған осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасайтын бол!