Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
EXODUS
Prev Up Next
Chapter 27
Exod Kaz 27:1  Шалынған құрбандықтарды түгелдей өртейтін үстелді аққарағаннан жасат. Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бес, биіктігі үш шынтақтан болсын.
Exod Kaz 27:2  Оның төрт бұрышынан шығып тұрған мүйіз тәрізді төрт шошақ құрбандық үстелімен біртұтас жасалсын. Үстел қоламен қапталсын.
Exod Kaz 27:3  Үстелдің мына құрал-саймандарының бәрін қоладан жасат: күлсалғыштар мен қалақтар, (қан бүркуге арналған) тостағандар, шанышқылар және шоқ салатын табалар.
Exod Kaz 27:4  Отқа арналған торды да қоладан жасат. Оның төрт бұрышында төрт қола шығыршығы болсын. Торды үстелдің төрт қабырғасының ортасына дейін жететіндей етіп, ішкі жағынан, астынан орналастырт.
Exod Kaz 27:5  Отқа арналған торды да қоладан жасат. Оның төрт бұрышында төрт қола шығыршығы болсын. Торды үстелдің төрт қабырғасының ортасына дейін жететіндей етіп, ішкі жағынан, астынан орналастырт.
Exod Kaz 27:6  Үстелге арнап аққарағаннан қоламен қапталған сырықтар жасат.
Exod Kaz 27:7  Олар сол шығыршықтарға кіргізіліп, құрбандық үстелін көтеріп алып жүрген кезде оның екі бүйірінде болмақ.
Exod Kaz 27:8  Сонымен құрбандық үстелін қоламен қапталған тақтайлардан, оның ішін қуыс етіп жасат. Ол өзіңе осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасалуға тиіс.
Exod Kaz 27:9  Киелі шатырдың ауласын жасат: оның оңтүстік және солтүстік жақтарының ұзындығы жүз шынтақтан болсын. Ауланы жіңішке зығыр жіптен тоқылған перделер қоршап тұрсын. Жиырма қола тағанға орнатылған жиырма бағана және сол бағаналарды байланыстыратын күміс ілгіштері мен сырықтарын жасат.
Exod Kaz 27:10  Киелі шатырдың ауласын жасат: оның оңтүстік және солтүстік жақтарының ұзындығы жүз шынтақтан болсын. Ауланы жіңішке зығыр жіптен тоқылған перделер қоршап тұрсын. Жиырма қола тағанға орнатылған жиырма бағана және сол бағаналарды байланыстыратын күміс ілгіштері мен сырықтарын жасат.
Exod Kaz 27:11  Киелі шатырдың ауласын жасат: оның оңтүстік және солтүстік жақтарының ұзындығы жүз шынтақтан болсын. Ауланы жіңішке зығыр жіптен тоқылған перделер қоршап тұрсын. Жиырма қола тағанға орнатылған жиырма бағана және сол бағаналарды байланыстыратын күміс ілгіштері мен сырықтарын жасат.
Exod Kaz 27:12  Ауланың батыс жағының ұзындығы елу шынтақ болып, оның перделері он тағанға орнатылған он бағанаға ілініп қойылсын.
Exod Kaz 27:13  Ауланың кіреберісі орналасқан шығыс жағы да елу шынтақ болсын.
Exod Kaz 27:14  Кіреберістің екі жағындағы перделердің ұзындығы он бес шынтақтан болып, әрқайсысы үш тағанға орнатылған үш бағанаға ілінсін.
Exod Kaz 27:15  Кіреберістің екі жағындағы перделердің ұзындығы он бес шынтақтан болып, әрқайсысы үш тағанға орнатылған үш бағанаға ілінсін.
Exod Kaz 27:16  Ал аула кіреберісінің өзіне арнап ұзындығы жиырма шынтақ перде тоқыт. Ол қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден түрлі өрнектермен кестеленіп тоқылсын. Пердені іліп қою үшін төрт тағанға орнатылған төрт бағана дайындат.
Exod Kaz 27:17  Ауланы қоршап тұрған барлық бағаналар бір-бірімен күміс сырықтармен байланыстырылсын. Ілгіштері күміс, тағандары қола болсын. Ауланың ұзындығы жүз, ені елу, ал перделердің биіктігі бес шынтақ болсын. Олар жіңішке зығыр жіптен тоқылсын.
Exod Kaz 27:18  Ауланы қоршап тұрған барлық бағаналар бір-бірімен күміс сырықтармен байланыстырылсын. Ілгіштері күміс, тағандары қола болсын. Ауланың ұзындығы жүз, ені елу, ал перделердің биіктігі бес шынтақ болсын. Олар жіңішке зығыр жіптен тоқылсын.
Exod Kaz 27:19  Киелі шатырдың әр түрлі жұмыстарға қолданылатын барлық басқа құрал-жабдықтары, ауланы қоршаған бағаналар және шатырдың өзін бекітуге қажетті күллі қазықтар да қоладан жасалсын.
Exod Kaz 27:20  Шам қойғыштың шамдары ұдайы жанып, жарық қылулары керек. Сол үшін исраилдіктерге зәйтүн жемісінен келіде түйіп сығып алынған таза май әкелуге тапсырма бер.
Exod Kaz 27:21  Кездесу шатырындағы Келісім сандығының алдында ілінген шымылдықтың сыртқы жағында, Жаратқан Иенің алдында, Һарон мен оның ұлдары күн батқаннан таң атқанша шамдардың жанып тұруын қамтамасыз етсін. Бұл — Исраил халқының болашақ ұрпақтарына берілген тұрақты ереже.