EXODUS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
Chapter 19
Exod | Kaz | 19:1 | Исраилдің үрім-бұтағы Рефідимнен жолға шығып, Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінің өзінде Синай атты елсіз далаға жетті. Олар Синай тауына барып, оның қарсы алдындағы құла түзде шатырларын тікті. | |
Exod | Kaz | 19:2 | Исраилдің үрім-бұтағы Рефідимнен жолға шығып, Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінің өзінде Синай атты елсіз далаға жетті. Олар Синай тауына барып, оның қарсы алдындағы құла түзде шатырларын тікті. | |
Exod | Kaz | 19:3 | Сонда Мұса Құдайдың алдына баруға тауға көтерілді. Жаратқан Ие оған тау басынан былай деп тіл қатты:— Жақыптың әулеті — Исраил халқына мынаны жеткіз: | |
Exod | Kaz | 19:4 | «Сендер Менің мысырлықтарға не істегенімді, әрі өздеріңді балапандарын қанаттарымен тасыған қыран іспетті осы жерге аман-есен алып келгенімді көрдіңдер. | |
Exod | Kaz | 19:5 | Сондықтан, егер айтқандарыма құлақ асып, Менің Келісімімді сақтап жүрсеңдер, барлық халықтардың ішінде сендер Менің ерекше құнды меншігім боласыңдар. | |
Exod | Kaz | 19:6 | Бүкіл жер — Менің иелігім, ал сендер Маған бағышталған қасиетті халқым болып, басқалардың игілігі үшін діни қызметкер мен патша секілді рухани билік жүргізетін боласыңдар». Сен Исраилдің үрім-бұтағына айтуға тиіс сөздерім осылар. | |
Exod | Kaz | 19:7 | Таудан төмен түскен Мұса халықтың рубасыларын шақырып алып, өзіне Жаратқан Иенің тапсырған осы сөздерін жариялады. | |
Exod | Kaz | 19:8 | Сонда бүкіл халық бірауыздан:— Жаратқан Иенің айтқандарының бәрін де орындаймыз! — деді.Мұса халықтың жауабын Жаратқан Иеге жеткізу үшін тауға көтерілді. | |
Exod | Kaz | 19:9 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға:— Тыңда, Мен саған қалың бұлтқа оранып келемін. Сонда халық өзіңмен сөйлескенімді естіп, саған өмір бақи сенетін болады, — деді.Мұса Жаратқан Иеге халықтың берген жауабын жеткізді. | |
Exod | Kaz | 19:10 | Содан Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды:— Халыққа бар да, оларды бүгін-ертең Маған бағышталып, күнәдан таза болуға шақыр. Бәрі киім-кешектерін жуып тазартып, | |
Exod | Kaz | 19:11 | бүрсігүнге дайын болсын! Сол күні Мен — Жаратқан Ие бүкіл халықтың көз алдында Синай тауына түсемін. | |
Exod | Kaz | 19:12 | Халыққа арнап тауды айналдыра шекара белгілеп қой! Оларға былай де: «Тауға көтерілуден әрі оның айналасындағы шекараға аяқ-қолдарыңды тигізуден сақ болыңдар! Тауға аяқ-қолын тигізген әркім өлтірілуге тиіс! | |
Exod | Kaz | 19:13 | Сондайларға қол ұшы да тигізілмей, оларды таспен немесе садақпен атқылап өлтіру керек. Олар не мал болсын, не адам болсын тірі қалдырылмасын». Ал кернейдің ұзақ үні естілгенде, халық таудың етегіне көтерілсін. | |
Exod | Kaz | 19:14 | Мұса таудан төмен түсіп, халықты Тәңір Иеге бағышталып, күнә атаулыдан таза жүруге шақырды. Олар киім-кешектерін жуып тазартты. | |
Exod | Kaz | 19:15 | Мұнан соң Мұса халыққа: «Бүрсігүнге дайындалыңдар. Әйелдеріңмен жақындаспаңдар», — деп ескертті. | |
Exod | Kaz | 19:16 | Үшінші күні таң ата күн күркіреп, найзағай ойнап, таудың басын қалың бұлт басып, ғаламат қатты керней даусы естілді. Қоныстағы халықтың бәрі де қорыққаннан дірілдеп қоя берді. | |
Exod | Kaz | 19:17 | Мұса оларды Құдаймен кездестіру үшін қоныстарынан алып шығып, олар таудың етегіне барып тұрды. | |
Exod | Kaz | 19:18 | Жаратқан Ие тау басына от жалынына оранып түскендіктен, Синай тауын түгел түтін жапты. Таудан балқыту пешінен шыққандай түтін шығып, бүкіл тау қатты шайқалып тұрды. | |
Exod | Kaz | 19:19 | Керней даусы күшейген үстіне күшейе түсті.Мұса тіл қатып, Құдай оған қатты дауыспен жауап беріп жатты. | |
Exod | Kaz | 19:20 | Жаратқан Ие Синай тауының басына түсіп, Мұсаны сол жерге шақырды. Ол көтеріліп барған соң, | |
Exod | Kaz | 19:21 | Жаратқан Ие оған былай деп бұйырды:— Қайтадан төмен түс! Халық Жаратқан Иені көруге шекараны бұзып, көбі өлім құшпасын деп оларға қатты ескерт! | |
Exod | Kaz | 19:22 | Жаратқан Иеге жақындап тұратын діни қызметкерлер де өздерін Оған бағыштап, күнәдан таза жүрсін! Әйтпесе Жаратқан Ие соларды құртпақ. — | |
Exod | Kaz | 19:23 | Мұса Жаратқан Иеге жауап беріп:— Халық Синай тауына көтеріле алмайды, себебі Өзің бізді содан сақтандырып, маған мынадай бұйрықты бергенсің: Тауды айналдыра шекара белгілеп қой! Осылай оны Маған бағыштап киелі деп жарияла! — деді. | |
Exod | Kaz | 19:24 | Сонда Жаратқан Ие оған былай деп тапсырды:— Төменге түсіп, Һаронмен бірге қайта көтеріл. Ал діни қызметкерлер мен халық шекараны бұзып, Жаратқан Иенің алдына ұмтылмасын! Әйтпесе Ол соларды құртпақ. — | |