EXODUS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
Chapter 10
Exod | Kaz | 10:1 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Перғауынға қайтадан бар! Мен перғауынның және нөкерлерінің жүректерін қасарыстырып қойдым. Мұндағы мақсатым: олардың араларында осы керемет істерім арқылы өз құдіретімді көрсетуім | |
Exod | Kaz | 10:2 | әрі сендердің Менің мысырлықтарға билігімді қалай паш еткенім туралы балаларың мен немерелеріңе әрдайым айтып жүріп, Менің Жаратқан Ие екенімді білулерің. | |
Exod | Kaz | 10:3 | Мұса мен Һарон перғауынға тағы да барып, былай деді:— Исраилдіктердің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: «Сен қашанға дейін Маған бағынудан бас тартпақсың? Халқымды Өзіме ғибадат етуге жібер! | |
Exod | Kaz | 10:5 | Олар түк көрінбестей етіп жердің бетін жауып алып, сендерде бұршақтан аман қалғанның бәрін жалмап, даладағы барлық ағаштардың жапырақтарын да түк қалдырмай жалмап жеп қояды. | |
Exod | Kaz | 10:6 | Өз сарайларың да, бүкіл нөкерлеріңнің және барлық мысырлықтардың үйлері де шегірткелерге толып кетеді. Мұндайды сенің ата-бабаларың осы жерге келіп қоныстанғаннан бері бүгінгі күнге дейін ешқашан көрген емес». — Мұса осыны айтысымен бұрылып, перғауынның қасынан шығып кетті. | |
Exod | Kaz | 10:7 | Сонда перғауынның нөкерлері одан:— Бұл адам бізді қашанға дейін азапқа түсірмекші? Исраилдіктерді Құдайлары Жаратқан Иеге ғибадат ету үшін жібере көріңіз. Мысырдың құрып бара жатқанын көріп тұрған жоқсыз ба? — деп сұрады. | |
Exod | Kaz | 10:8 | Содан Мұса мен Һарон қайтадан перғауынға әкелінді. Перғауын:— Жарайды, барыңдар, Құдайларың Жаратқан Иеге ғибадат етіңдер! Тек кімдердің баратынын айтыңдар, — деді. | |
Exod | Kaz | 10:9 | Мұса:— Біз жас-кәрілерімізді, ұл-қыздарымызды, ұсақ және мүйізді ірі қараларымызды ала барамыз. Өйткені Жаратқан Иеге арналған мейрам тойын өткізуіміз керек, — деді. | |
Exod | Kaz | 10:10 | — Мен сендерді бала-шағаларыңмен бірге жіберетін болсам, Жаратқан Иелерің сендерге жар болсын! Сендердің ниеттерің қара, бұл айқын көрініп тұр. | |
Exod | Kaz | 10:11 | Жоқ, солай бола қоймас! Тек еркектерің ғана барып, Жаратқан Иеге ғибадат етсін! Сұрағандарың да сол емес пе еді? — Осылай деп, перғауын Мұса мен Һаронды қасынан қуып шықты. | |
Exod | Kaz | 10:12 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Қолыңды Мысырдың үстіне қарай соз. Сонда шегірткелер қаптап келіп, Мысырдың жеріне қонсын. Олар бұршақтан аман қалып, өсіп тұрғанның бәрін де жалмап қойсын. | |
Exod | Kaz | 10:13 | Содан Мұса қолындағы таяғын Мысырдың жерінің үстіне қарай созды. Жаратқан Ие елге сол күні бір тәулік бойы шығыс жақтан жел соқтырды. Таң атқанда шығыстан соққан жел шегірткелерді жеткізді. | |
Exod | Kaz | 10:14 | Олар бүкіл Мысырға лап қойып, сансыз үйірлерімен елдің түкпір-түкпіріне дейін басып алды. Бұған дейін мұндай қаптаған шегірткелер болған да емес, бұдан кейін де болмайды. | |
Exod | Kaz | 10:15 | Шегірткелер жердің бетін түк көрсетпей қап-қара қылып жауып тастады да, бұршақтан аман қалған дала өсімдіктері мен ағаш жемістерін жалмап қойды. Бүкіл Мысыр еліндегі ағаштар мен өсімдіктердің көк жапырақтары мен сабақтарынан ештеңе қалмады. | |
Exod | Kaz | 10:16 | Сонда перғауын тездетіп Мұса мен Һаронды шақырып алып, олардан:— Мен Құдайларыңыз Жаратқан Иенің алдында да, сіздердің алдарыңызда да күнә жасадым. | |
Exod | Kaz | 10:17 | Ал енді күнәмді тағы бір жолға кешіріңіздер. Құдайларыңыз Жаратқан Ие бұл жойқын жазаны менен алып кете көрсін деп Оған сиыныңыздар, — деп өтінді. | |
Exod | Kaz | 10:19 | Содан Жаратқан Ие желдің бағытын өзгертіп, батыстан ерен күшті дауыл соқтырды. Дауыл күллі шегіртке атаулыны көтеріп алып, Қамысты теңізге тастады. Бүкіл Мысыр жерінде бір шегіртке де қалмады. | |
Exod | Kaz | 10:20 | Алайда Жаратқан Ие перғауынның жүрегін қасарыстырып, ол Исраил халқын жібермей қойды. | |
Exod | Kaz | 10:21 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Қолыңды аспанға қарай соз, сонда Мысырды көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. | |
Exod | Kaz | 10:23 | Адамдар бір-бірін көре алмай, үш тәулік бойы ешкім отырған орнынан тұрмады. Ал Исраилдің үрім-бұтағының мекендерінде жарық болды. | |
Exod | Kaz | 10:24 | Перғауын Мұсаны шақырып алып:— Жарайды, барыңыздар, Жаратқан Иеге арнап ғибадат етіңіздер. Балаларыңыз да бірге бара берсін. Тек ірілі-ұсақты малдарыңыз ғана қалсын, — деді. | |
Exod | Kaz | 10:25 | Ал Мұса:— Құдайымыз Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шалынатын әрі шалынып, өртеліп ұсынылатын малдарды да қолымызға тапсыруыңыз қажет, — деп жауап қайырды. — | |
Exod | Kaz | 10:26 | Малдарымыз өзімізбен бірге жүрсін, бір тұяқты да қалдырмаймыз. Біз Құдайымыз Жаратқан Иеге арнап шалатын құрбандықтарды солардың ішінен аламыз. Қандай малдарды құрбандыққа шалатынымызды тек баратын жерімізге жеткенде ғана білеміз. | |
Exod | Kaz | 10:27 | Алайда Жаратқан Ие перғауынның жүрегін қасарыстырып қойды. Ол исраилдіктерді жібергісі келмей, | |
Exod | Kaz | 10:28 | Мұсаға:— Кет қасымнан! Енді қайтып менің алдыма келуші болма! Көзіме түскен күні-ақ өлетін боласың, — деп қоқан-лоқы көрсетті. | |