Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
EXODUS
Prev Up Next
Chapter 1
Exod Kaz 1:1  Исраил деп те аталған Жақып Мысыр жеріне ұлдарын өз үй іштерімен қоса көшіріп әкелген еді. Олар мыналар:
Exod Kaz 1:2  Рубен, Шимон, Леуі, Яһуда,
Exod Kaz 1:3  Исашар, Забулон, Бунямин,
Exod Kaz 1:5  Жақыптан тараған ұрпақтардың саны сол кезде жетпіс болатын. Ал ұлдарының бірі — Жүсіп Мысыр еліне бұрынырақ келген еді.
Exod Kaz 1:6  Уақыт жетіп, Жүсіп пен бауырлары және олардың тұсында өмір сүргендердің барлығы да бұ дүниеден өтті.
Exod Kaz 1:7  Ал Исраилдің үрім-бұтағы өсіп-өніп, сансыз көбейіп, күшейіп алғандары соншалық, жер солармен толып кетті.
Exod Kaz 1:8  Сол кезде Мысырда жаңа бір патша билік құрды. Ол (осы ел үшін зор жақсылық жасаған) Жүсіп туралы білмейтін.
Exod Kaz 1:9  Патша өз халқына:— Қараңдаршы, Исраилдің үрім-бұтағы тым көбейіп, күшейіп кетті.
Exod Kaz 1:10  Ендеше ақылды шара ойластырып, олардың бұдан әрі көбеюлеріне жол бермейік. Әйтпесе соғыс бола қалған күнде дұшпандарымызға қосылып, бізге қарсы шайқасып, елімізден басқа жаққа көшіп кетер, — деп ойындағысын айтты.
Exod Kaz 1:11  Содан олар Исраил халқын ауыр жұмыспен діңкелетіп, қысым көрсету үшін үстерінен бақылаушылар тағайындады. Сонымен исраилдіктер Мысыр патшасы перғауын үшін қоймалар ретінде Питом, Рамсес қалаларын салды.
Exod Kaz 1:12  Бірақ Исраил халқы неғұрлым көп қысым көрген сайын, соғұрлым өсіп-өніп, кеңінен жайыла түсті. Мысырлықтар олардан қатты қауіптеніп,
Exod Kaz 1:13  халықты аяусыз құлдыққа салды.
Exod Kaz 1:14  Оларды саз балшықтан илеп кірпіш құйып, үй салудың және егіндіктің кез келген ауыр жұмыстарына жекті де, қаталдықпен әр түрлі қара жұмыстарға мәжбүрлеп, өмірлерін аса қиындатты.
Exod Kaz 1:15  Бұларға қоса Мысыр патшасы әйелдер босандырушы исраилдік Шипыра мен Пуаны шақырып алып, оларға:
Exod Kaz 1:16  — Исраилдік әйелдерді босандырған кезде нәрестенің жынысына назар аударыңдар: дүниеге ұл келсе, өлтіріңдер, ал қыз туса, тірі қалдырыңдар! — деп бұйырды.
Exod Kaz 1:17  Бірақ әйел босандырушылар Құдайды терең қастерлегендіктен Мысыр патшасының айтқанын орындамай, туған ер балаларды тірі қалдыра берді.
Exod Kaz 1:18  Мысыр патшасы мұны білгенде екеуін шақырып алып:— Сендер неге бұлай істеп жүрсіңдер? Неліктен ер балаларды өлтірмейсіңдер? — деп ұрысты.
Exod Kaz 1:19  Олар:— Исраилдік әйелдер мысырлықтарға ұқсамай, өте күшті болып жатыр: олар босандырушы келмей тұрып-ақ босанып қояды, — деген жауап қайтарды.
Exod Kaz 1:20  Босандырушылар Құдайды терең қастерлеп, осылай істегендері үшін, Құдай оларға мейірімін төгіп, үйлерін жарылқап ұрпақ сыйлады. Исраил халқы да өсіп-өніп өте күшті болды.
Exod Kaz 1:21  Босандырушылар Құдайды терең қастерлеп, осылай істегендері үшін, Құдай оларға мейірімін төгіп, үйлерін жарылқап ұрпақ сыйлады. Исраил халқы да өсіп-өніп өте күшті болды.
Exod Kaz 1:22  Сонда перғауын өзінің бүкіл халқына: «Исраилдіктердің дүниеге келген әрбір ер баласын Ніл өзеніне лақтырып, ал қыздарын тірі қалдырыңдар!» — деген жарлық шығарды.