Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
EXODUS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 30
Exod Kaz 30:1  Хош иісті заттарды өртеп түтету үшін аққараған ағашынан арнайы үстел жасат.
Exod Kaz 30:2  Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бір, биіктігі екі шынтақтан болсын, әрі (төрт бұрышының үстіңгі жағынан) мүйіз сияқты шығып тұрған шошақтарымен біртұтас жасалсын.
Exod Kaz 30:3  Үстелдің бетін, бүкіл жақтаулары мен шошақтарын да саф алтынмен қаптатып, бетін айналдыра алтын ернеумен жиектет.
Exod Kaz 30:4  Ернеудің астына, үстелдің қарама-қарсы екі жағына екі-екіден алтын шығыршықтар орнат. Соларға үстелді көтеріп алып жүретін сырықтарды кіргізу керек.
Exod Kaz 30:5  Сырықтар аққарағаннан жасалып, алтынмен қапталсын.
Exod Kaz 30:6  Үстелді Келісім сандығының және оның үстіндегі қақпақтың қарсы алдындағы шымылдықтың алдына қойғыз. Сол жерде Мен сенімен кездесетін боламын.
Exod Kaz 30:7  Һарон күн сайын таңертең шамдарды реттеп дайындаған кезде үстелдің үстінде хош иісті заттарды түтетуі керек.
Exod Kaz 30:8  Ымырт жабыла шамдарды жаққан кезде де Һарон сондай тартуды түтетіп ұсынуға тиіс. Бұл — келер ұрпақтарыңның да Жаратқан Ие алдында тұрақты орындайтын түтету рәсімі.
Exod Kaz 30:9  Осы үстелдің үстінде басқа ешқандай тарту: не (Тәңір Иеге бағышталмаған) бөтен хош иісті зат, не шалынып, түгелдей өртелетін құрбандық, не астық тартуын ұсынбаңдар, сұйық тартулар да оның үстіне құймаңдар!
Exod Kaz 30:10  Һарон жылына бір рет күнәнің құнын өтеу үшін шалынған құрбандықтың қанын түтету үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарына жағып, осылайша үстелді күнәнің арамдығынан тазартсын. Бұл рәсімді келешек ұрпақтарың да жыл сайын орындауға тиіс. Себебі түтету үстелі Жаратқан Иеге толықтай бағышталған, ерекше киелі.
Exod Kaz 30:11  Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
Exod Kaz 30:12  — Исраилдің ер адамдарын түгендеп санап жатқан кезде санаққа кірген әркім өз өмірі үшін Жаратқан Иеге жан басы салығын төлесін. Сонда олар санақтан өткенде індетпен жазаланбайды.
Exod Kaz 30:13  Санақтан өтіп жатқан әр адам салмағы жарты мысқал (күмісті) Жаратқан Иеге тарту ретінде бағыштасын. Мұндағы мысқал — салмағы жиырма гераһтан тұратын, киелі орында қолданылатын ресми өлшем.
Exod Kaz 30:14  Жасы жиырмаға толған не одан асқан әрбір ер адам Жаратқан Иеге осындай сый-тарту ұсынуға тиіс.
Exod Kaz 30:15  Жан басы үшін Жаратқан Иеге арнап төленетін осы төлем бай үшін жарты мысқалдан артық болмасын, кедей үшін одан кем де болмасын.
Exod Kaz 30:16  Исраилдің ер адамдарынан жан басы салығын қабылдап, кездесу шатырының қажетіне жарат. Осылай сендердің жеке бастарың үшін төлеген осы төлемдерің Жаратқан Ие алдындағы естеліктерің болмақ.
Exod Kaz 30:17  Содан соң Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды:
Exod Kaz 30:18  — Жуыну рәсімі үшін қоладан қазан жасатып, қола тұғырға орнатқыз. Қазанды кездесу шатыры мен құрбандық үстелінің екі ортасына қойып, ішін суға толтырт.
Exod Kaz 30:19  Осы сумен Һарон мен ұлдары аяқ-қолдарын жуып тазартсын.
Exod Kaz 30:20  Олар кездесу шатырына кіргенде немесе құрбандық үстелінің жанына жақындап, Жаратқан Иеге арналған тартуларды өртеп ұсыну қызметін атқарғанда өліп қалмаулары үшін, алдымен осы тазару рәсімін орындасын!
Exod Kaz 30:21  Олар аяқ-қолдарын жуып тазартуға тиіс. Егер олай етпесе, өлім құшады. Бұл — Һарон мен оның келер ұрпақтарына арналған тұрақты ереже.
Exod Kaz 30:22  Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып былай деді:
Exod Kaz 30:23  — Өзің ең таңдаулы хош иісті мына нәрселерді: сұйық мүр шайырынан бес жүз мысқал, жұпар иісті дәмқабық пен хош иісті қамыс тамырының өзегін екі жүз елу мысқалдан, яғни мүр шайырының жарты мөлшерінен, дайындап ал.
Exod Kaz 30:24  Бұларға дәмқабық ағашының кептірілген гүлдерінен бес жүз мысқал да қос. Осы мөлшерлер киелі орында қолданылатын ресми өлшем бойынша болсын. Және он бес қадақ зәйтүн майын да ал.
Exod Kaz 30:25  Киелі шатырдағы қызметке кіріскен кезде адамдар мен заттарға май жағу рәсімін жасау үшін арнайы шеберлер бұл заттарды келіде түйіп, араластырып, хош иісті май қоспасын дайындасын.
Exod Kaz 30:26  Осы қоспаны кездесу шатыры мен Келісім сандығына,
Exod Kaz 30:27  үстел мен оған қатысты ыдыстарға, шам қойғыш пен оған қажетті бұйымдарға, түтету үстеліне,
Exod Kaz 30:28  құрбандық өртелетін үстел мен оның құрал-саймандарына және жуынатын қазан мен тұғырына май жағу рәсімін жасағанда қолдан.
Exod Kaz 30:29  Солай етіп осы аталғандарды Маған түгелдей бағышта, олар ерекше киелі болады. Соларға жанасқан әр нәрсе және әрбір адам да Маған бағышталып, меншігіме айналады.
Exod Kaz 30:30  Һарон мен ұлдарына да май жағу рәсімін орындап, оларды Менің қызметіме бағыштап, Өзімнің діни қызметкерлерім етіп тағайында.
Exod Kaz 30:31  Исраил халқына мына сөздерімді жеткіз: Тағайындау рәсіміне арналған бұл май қоспасы Маған ғана арналған. Келер ұрпақтарың да оны тек осылай қолдануға тиіс.
Exod Kaz 30:32  Осы хош иісті май қоспасын басқа адамдардың денесіне жағуға да, өздеріңе қолдану үшін сондай құрамдағы қоспаны жасауға да болмайды. Ол тек Маған ғана арналған, оны киелі деп санаңдар!
Exod Kaz 30:33  Кімде-кім осындай май қоспасын өзі жасайтын болса немесе қолдануға болмайтын басқа біреуге жақса, сол адамды халқының арасынан аластату қажет.
Exod Kaz 30:34  Жаратқан Ие Мұсаға тағы мынаны бұйырды:— Әрқайсысынан бірдей мөлшерде етіп мынадай хош иісті заттарды дайындап ал: жұпар иісті шайыр тамшылары, қабыршақ, халбан шайыры, хош иісті дәмдеуіштер және таза ладан шайыры. Осы хош иісті заттардың әрбіреуінен бірдей мөлшерде ал.
Exod Kaz 30:35  Арнайы шеберлерге солардан жұпар иісті түтету қоспасын жасат: ол тұзбен араластырылып, таза да киелі болсын.
Exod Kaz 30:36  Түтету қоспасының біразын ұнтақтап, кездесу шатырының ішіне, Мен өзіңмен кездесіп, Саған сөзімді арнайтын орынға, яғни Келісім сандығының қарсы алдына, қой. Оны тек Маған ғана бағышталған ерекше киелі деп есептеңдер!
Exod Kaz 30:37  Осындай құрамда өздеріңе хош иісті түтету қоспасын жасамаңдар! Оны жалғыз Жаратқан Иеге ғана бағышталған киелі деп санаңдар!
Exod Kaz 30:38  Кімде-кім өзі үшін түтетуге осындай қоспаны жасаса, сол халқының арасынан аластатылуға тиіс.