EXODUS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
Chapter 4
Exod | Kaz | 4:1 | Сонда Мұса:— Ал егер исраилдіктер маған сенбей, айтқаныма құлақ аспастан: «Жаратқан Ие саған аян берген емес» десе, қайтемін? — деп жауап қайырды. | |
Exod | Kaz | 4:3 | — Оны жерге лақтыр! — деді.Мұса (мал баққанда қолына ұстап жүретін) таяғын жерге лақтырып жібергенде, ол жыланға айналды. Мұса одан қаша жөнелді. | |
Exod | Kaz | 4:4 | Ал Жаратқан Ие Мұсаға:— Қолыңды созып, оны құйрығынан ұстап ал! — деп бұйырды. Мұса жыланды ұстап алғанда, ол қолында қайтадан таяққа айналды. | |
Exod | Kaz | 4:5 | Жаратқан Ие:— Осы құдіретті істі исраилдіктерге көрсет. Ол халқыңның ата-бабалары Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың сиынған Құдайы — Жаратқан Ие Өзім болып, мұнда саған аян бергендігіме солардың көздерін жеткізбек, — деді. | |
Exod | Kaz | 4:6 | Содан кейін Жаратқан Ие оған:— Қолыңды қойныңа тық! — деп бұйырды. Мұса солай істеді де. Қолын суырып алғанда, қолы алапестен қар іспетті ағарып кетіпті. | |
Exod | Kaz | 4:7 | Жаратқан Ие:— Қолыңды қайтадан тық! — деді. Мұса солай істеп, қолын қайта суырып алғанда, ол басқа дене мүшелері сияқты бұрынғы сап-сау қалпына келіпті. | |
Exod | Kaz | 4:8 | — Егер исраилдіктер саған да, көрсеткен алғашқы құдіретті ісіңе де сенбесе, онда осы екіншісі олардың көздерін жеткізбек. | |
Exod | Kaz | 4:9 | Ал егер олар осы екі кереметке де сенбей, айтқандарыңа құлақ аспай қойса, онда Ніл өзенінен су алып, құрғақ жерге төк. Сол су құрғақ жерде қанға айналады. — | |
Exod | Kaz | 4:10 | Бірақ Мұса Жаратқан Иеге:— Уа, Ием! Мен бұрыннан бері де, Сен құлыңмен тілдесіп тұрған қазір де сөзге шешен адам емеспін. Аузым шабан, тілім жүйрік емес, — деп уайымын білдірді. | |
Exod | Kaz | 4:11 | Ал Жаратқан Ие:— Адамға тілді бітірген кім? Оны мылқау не саңырау, көретін не соқыр ете алатын кім? Соны істей алатын Жаратқан Ие, Өзім, емеспін бе? | |
Exod | Kaz | 4:14 | Сонда Жаратқан Ие оған ашуланып, былай деп сөзін тамамдады:— Сенің леуілік Һарон атты ағаң бар емес пе? Оның сөзге шешен екенін білемін. Ол қазір-ақ сені қарсы алуға келе жатыр, өзіңді көргеніне шын жүректен қуанбақ. | |
Exod | Kaz | 4:15 | Онымен сөйлесіп, айтатын сөздерін аузына салуың керек. Мен саған да, оған да жар болып, сөздерімді айтқызып, не істеулерің керек екенін Өзім үйретемін. | |
Exod | Kaz | 4:16 | Сонда Һарон халыққа сенің атыңнан сөйлемек. Ол сенің аузың, ал сен ол үшін Құдай (іспетті жетекші) боласың. | |
Exod | Kaz | 4:18 | Мұса айдаладан қайын атасы Етордың қасына оралып:— Мысырдағы туысқандарыма барып, амандығын білейін деп едім, — деді. Етор:— Ендеше бар, жолың болсын, — деп келісті. | |
Exod | Kaz | 4:19 | Жаратқан Ие Мұсаға Мадиян елінде: «Мысырға қайтып бар, көзіңді құртпақ болғандардың бәрі өлді», — деп те тапсырған еді. | |
Exod | Kaz | 4:20 | Содан Мұса әйелі мен ұлдарын есекке отырғызып, Мысыр еліне қарай сапарға шықты. Өзі Құдай бұйырған таяқты қолына ала жүрді. | |
Exod | Kaz | 4:21 | Жаратқан Ие Мұсаға мына тапсырманы да берді:— Мысырға қайтып барған соң, Мен өзіңе тапсырған кереметтердің бәрін перғауынның алдында көрсететін бол. Бірақ Мен оның жүрегін қасарыстырып қоямын, сондықтан ол халықтың кетуіне рұқсат етпейтін болады. | |
Exod | Kaz | 4:22 | Бұлардан кейін перғауынға былай де: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Исраил Менің ұлым — тұңғышым іспетті. | |
Exod | Kaz | 4:23 | Саған бұйырған болатынмын: Ұлымды жібер, Өзіме қызмет етсін! Ал сен оны жіберуден бас тартып тұрсың. Ендеше Мен сенің ұлың — тұңғышыңды өлтіремін!» | |
Exod | Kaz | 4:25 | Бірақ әйелі Сипора тас пышақты ала сала, ұлын сүндеттеп жіберіп, тәнінен кесіп алғанын Мұсаның аяғына тигізді де: «Сен төгілген қанмен құтқарылған күйеуімсің», — деді. | |
Exod | Kaz | 4:26 | Сонда Жаратқан Ие оны аман қалдырды. Ал Сипора Мұсаны «төгілген қанмен құтқарылған күйеуімсің» деп сүндет рәсіміне байланысты айтты. | |
Exod | Kaz | 4:27 | Жаратқан Ие Һаронға: «Айдалаға барып, Мұсаны қарсы ал», — деген болатын. Һарон жолға шығып, Мұсамен Құдайдың тауының маңында кездесіп, құшақтап бетінен сүйді. | |
Exod | Kaz | 4:28 | Мұса өзін жіберген Жаратқан Иенің күллі сөздерін де, Оның көрсетуге бұйырған бүкіл құдіретті істері туралы да Һаронға айтып берді. | |
Exod | Kaz | 4:30 | Һарон Жаратқан Иенің Мұсаға айтқан сөздерін түгелдей баяндап, тапсырған құдіретті істерін халықтың көз алдында көрсетті. | |