HOSEA
Chapter 5
Hose | Kaz | 5:1 | «Мынаны тыңдаңдар, уа, діни қызметкерлер! Құлақ салыңдар, уа, Исраилдің билеушілері, мұқият тыңдаңдар, патшаның әулеті! Сендерге үкім шығарылады. Өйткені Миспа мен Табордағы табыну орындарында халықты тұзақ пен торға түсірдіңдер. | |
Hose | Kaz | 5:2 | Бұл опасыздар азғындыққа әбден батты, енді Мен олардың бәріне тәлім беріп, жазаларын тартқызамын. | |
Hose | Kaz | 5:3 | Ефрем руын білемін, бүкіл Исраил халқы да Менен жасырын емес. Себебі сен, Ефрем, азғындыққа салынып кеттің, содан Исраилдің бәрі арамданды. | |
Hose | Kaz | 5:4 | Халықтың жасап жүрген зұлым істері өздерінің Құдайына қайтып келулеріне жол бермейді. Себебі оларды азғындықтың рухы билеп алды, әрі олар Жаратқан Иені мойындаған жоқ. | |
Hose | Kaz | 5:5 | Исраилдің асқақтығы оның өзіне қарсы куәлік етеді. Исраилдіктер, соның ішінде Ефрем руы, өз зұлым істерінен сүрініп құлайды. Яһуда халқы да олармен бірге сүрініп құлайды. | |
Hose | Kaz | 5:6 | Ұсақ және ірі қара малдарын айдап әкеліп, құрбандыққа шалып, Жаратқан Иеге қаншама дұға етсе де, Оны таба алмайды. Себебі Ол солардан алшақтап кетті. | |
Hose | Kaz | 5:7 | Олар некесіз балалар туғызып, Жаратқан Иеге опасыздық жасады. Енді әр айдың алғашқы күні орындайтын діни рәсімдері олардың өздерін жер үлестерімен қоса жалмап жеп қояды. | |
Hose | Kaz | 5:8 | Гибеяда керней тартып, Рамақта да дабыл қағыңдар! Бет-Әбенде: «Уа, Бунямин руы, саған ереміз!» деп атой салыңдар! | |
Hose | Kaz | 5:9 | Жазаланатын күні Ефремнің жері қаңырап бос қалады! Мен болашақта ешбір шүбәсіз болатын жайттарды Исраил руларының арасында жариялап отырмын. | |
Hose | Kaz | 5:10 | Яһуда билеушілерінің іс-әрекеттері жер үлестерінің межелерін құпия өзгерту сияқты сұмдық болып кетті. Сондықтан оларға қаһарымды тасқын судай жаудырамын. | |
Hose | Kaz | 5:11 | Ефремнің халқы түкке тұрмайтын «тәңірсымақтың» жолын қууды қалағандықтан сотталып, қатты қысым көріп күйзелуде. | |
Hose | Kaz | 5:12 | Сол себепті Мен Ефрем елін күйе сияқты, Яһуда елін көгертіп шіріткен зең сияқты құртамын. | |
Hose | Kaz | 5:13 | Ефрем өз ауруын, Яһуда да өз жарасын байқап қалғанда, Ефрем Ассур еліне бет бұрып, оның ұлы патшасына елшілерін жіберді. Бірақ ол сендерді сауықтырып, жараларыңды жаза алмайды. | |
Hose | Kaz | 5:14 | Себебі Мен Ефрем халқы үшін арыстан іспетті, Яһуда халқы үшін жас арыстан сияқты мейірімсіз боламын. Мен Өзім оларды паршалап жарып тастаймын да, орындарынан алып кетемін. Сонда оларды құтқаратын ешкімі болмайды. | |