Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
II CORINTHIANS
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 9
II C Kaz 9:1  Шынында сендерге Құдайдың халқына көмектесу туралы жазып жатудың қажеті де жоқ.
II C Kaz 9:2  Соған деген құлшыныстарыңды білемін ғой. Содан мен Ахая аймағында тұратын сендердің тіпті былтырдан бері көмектесуге әзір екендіктеріңді македониялықтарға айтып, мақтан тұтып келемін. Осы құлшыныстарың олардың көбіне де қозғау салған.
II C Kaz 9:3  Ал енді өздеріңді мақтағаным бекер болмасын деп, бауырластарды жіберіп отырмын. Осылай өзім айтып кеткендей, іс жүзінде де көмектесуге даяр бола аласыңдар.
II C Kaz 9:4  Олай етпеген күнде македониялықтар менімен бірге келіп, даяр еместеріңді көрсе, өздеріңді айтпай-ақ қояйын, біз қандай ұятқа қалар едік! Сендерді сондай нық сеніммен мақтап жүрдік қой.
II C Kaz 9:5  Сондықтан да бауырластардан сендерге бізден бұрын баруларын сұрауды тиімді деп таптым. Олар өздерің уәде еткен жомарт тарту-таралғыларыңды алдын ала жинап, дайындаудың қамын ойластырмақ. Сонда сыйларың іштарлықпен лажсыздан берілген емес, кеңпейілділікпен жасалған игілік болады.
II C Kaz 9:6  Бұл жайында: «Сараң сепкен сараң жинар, жомарт сепкен жомарт жинар» делінген ғой.
II C Kaz 9:7  Әрқайсың жүректеріңнің шешіміне сай, еш ренішсіз, зорлықсыз барларыңмен бөлісіңдер! Құдай қуанышпен беретіндерді ұнатады.
II C Kaz 9:8  Ал сендерді бүкіл игілікке молынан кенелтуге Құдайдың құдіреті жетеді! Сонда әрдайым, қандай жағдайда да қажеттеріңнің бәрімен қамтамасыз етіліп, әр қилы игі істерді молынан жасай аласыңдар.
II C Kaz 9:9  «Ол мұқтаждарға мол көмек таратады, оның әділдігі мәңгіге ұласады» деп Забурда жазылған.
II C Kaz 9:10  Егіншіге себуге тұқым, ашыққанға жеуге нан беретін Құдай сендерге «игіліктің тұқымын» ағыл-тегіл мол сыйлап, әділ істеріңнің өнімін молайта түспек.
II C Kaz 9:11  Ондағы көздегені — сендердің әр жағдайда жомарттық жасай алатындай дәулетті болуларың, әрі біз арқылы жіберген көмектерің үшін көп адамдардың Құдайға шүкірлік етуі.
II C Kaz 9:12  Өйткені атқарып жатқан қызметтерің Құдай халқының мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді. Олар сонымен қатар бұл сенушілердің Жаратқан Иеге шексіз ризашылықтарын білдіріп шүкірлік етулеріне себепші болмақ.
II C Kaz 9:13  Сендер осы қызметте игі ниеттеріңді дәлелдеп, өздерің мойындаған Мәсіхтің Ізгі хабарына мойынсұнып, солармен және басқалардың бәрімен жомарттықпен бөлісудесіңдер. Сондықтан олар Құдайды мадақтап,
II C Kaz 9:14  Оның өздеріңе шексіз мол жаудырған рақымына риза болып, шынайы сүйіспеншілікпен сендер үшін дұға ететін болады.
II C Kaz 9:15  Бізге берген баға жетпес сыйы үшін Құдайға лайым шүкірлік етейік!