II CORINTHIANS
Chapter 2
II C | Kaz | 2:1 | Сол үшін де мен сендерге бармай-ақ қояйын деген шешімге келдім. Себебі барсам, өздеріңді тағы да ескертіп, ренжітуіме тура келер еді. | |
II C | Kaz | 2:2 | Себебі егер сендерді ренжітсем, онда мені кім қуантпақ? Өзім қамықтырған сендерден басқа кім көңілімді серпілтер еді? | |
II C | Kaz | 2:3 | Сондықтан да барып, мені қуантуға тиісті сендерден реніш табудың орнына сол хатты жазып жібердім. Бәріңнің мені қоштап, бірге қуанатындарыңа сендім. | |
II C | Kaz | 2:4 | Оны қатты қиналып, жүрегім ауырып, көзіме жас ала отырып жаздым. Өздеріңді қайғырту үшін емес, қайта, шексіз сүйетінімді ұғындыру үшін жаздым. | |
II C | Kaz | 2:5 | Сол ренішті туғызған адам болса, оның тек мені ғана емес, бәріңді де едәуір ренжіткені; тым асырып айтпау үшін «едәуір» дедім. | |
II C | Kaz | 2:9 | Сондай-ақ, барлық жағынан да айтқандарыма құлақ асар ма екенсіңдер деп тексеріп, сынау үшін де сол хатты жазып жібердім. | |
II C | Kaz | 2:10 | Сендер кешірген адамды мен де кешіремін. Ал менің кешіргенім — егер де оның бір айыбын кешіруім қажет болса — оны сендердің игіліктеріңді көздеп, Мәсіхтің алдында кешіргенім. | |
II C | Kaz | 2:11 | Әзәзіл шайтан бізден амалын асырмау үшін осылай істедім, оның зымиян ниетін жақсы білеміз. | |
II C | Kaz | 2:12 | Мәсіх туралы Ізгі хабарды уағыздау үшін Троадаға келген кезімде Иеміздің маған Өзінің жұмысы үшін есік ашып қойғанын көрдім. | |
II C | Kaz | 2:13 | Бірақ сол жерден бауырласым Титті таба алмай мазам кетті. Сондықтан ондағы сенушілермен қоштасып, Македонияға жөнелдім. | |
II C | Kaz | 2:14 | Алайда Құдайға шүкір: Ол Мәсіхпен тығыз байланыстағы бізді әрдайым жеңістің шеруімен жетелеп, біз арқылы Мәсіхті танудың «хош иісін» барлық жерге де таратуда. | |
II C | Kaz | 2:15 | Себебі құтқарылу жолындағылар арасында да, тозаққа қарай бара жатқандар арасында да Құдай үшін Мәсіхтің хош иісі іспеттіміз. | |
II C | Kaz | 2:16 | Соңғылар үшін біздің таратқан Ізгі хабарымыз өлімнің шіріген иісіндей болса, алғашқылар үшін сол хабар шынайы өмірдің жұпар иісі секілді. Ал кім мұндай жауапты қызметті атқаруға қабілетті? | |