II CORINTHIANS
Chapter 8
II C | Kaz | 8:1 | Ал енді, қымбатты бауырластар, сендерді Құдайдың Македониядағы қауымдарға рақымын төккені туралы да хабардар еткіміз келеді. | |
II C | Kaz | 8:2 | Бастарынан өтіп жатқан ауыртпалықтар арқылы сенімдері қатты сыналғанмен, (Иемізге деген) қуаныштары шексіз болды. Осылайша олар ағыл-тегіл мол беріп, өздерінің тақыр кедейліктеріне қарамастан жомарттық көрсетті. | |
II C | Kaz | 8:3 | Олардың қолдарынан келгенше, тіпті мүмкіндіктерінен де артық кеңпейілділік танытқандарына мен куәмін: өз жүрек қалауларымен | |
II C | Kaz | 8:4 | бізден өтініп, өздері де Құдайдың халқына көмек жіберіп, қызмет етуге қатыса алуларын қоймастан жалынып сұрады. | |
II C | Kaz | 8:5 | Бұл күткенімізден де артық болды! Олар өздерін алдымен Иемізге бағыштап, сондай-ақ, Құдайдың еркімен бізге де беріле көмектесті. | |
II C | Kaz | 8:6 | Сонымен, Тит сендердің араларыңда да осындай игілікті істі бастағандықтан, одан онысын тамамдауын сұрадық. | |
II C | Kaz | 8:7 | Сенім, Құдайдың хабарын уағыздау, түсінік, барлық іске де ынта-жігер және бізге деген сүйіспеншіліктерің — бұлардың бәрі сендерде ағыл-тегіл мол. Дәл сол сияқты осы игілікті істі де молынан атқарыңдар. | |
II C | Kaz | 8:8 | Мұны бұйыра айтып отырғаным жоқ. Ал басқалардың құлшыныстарына меңзеп, сүйіспеншіліктеріңнің шынайылығын сынап тұрмын. | |
II C | Kaz | 8:9 | Иеміз Иса Мәсіхтің рақымдылығын жақсы білесіңдер: Ол сондай бай бола тұра, сендердің рухани баюларың үшін бәрінен бас тартып, жоқшылыққа ұшырады! | |
II C | Kaz | 8:10 | Бұған байланысты айтар ақылым: былтыр сендер алғашқы болып көмек беріп қана қоймай, соны өз қалауларыңмен де атқардыңдар. | |
II C | Kaz | 8:11 | Ал енді, құлшына тілегендеріңді жүзеге асырып, қолдарыңдағы бармен бөлісіп, осы істі тамамдаңдар. | |
II C | Kaz | 8:12 | Біреу беруге ынталы болса, Тәңір Ие оның тарту-таралғысын қолындағы жоғына емес, барына қарай ризашылықпен қабылдайды. | |
II C | Kaz | 8:13 | Басқалардың жағдайын жеңілдету үшін өздеріңнің қиналып қалуларыңның қажеті жоқ; керісінше, екі жақта да теңдік болуы керек. | |
II C | Kaz | 8:14 | Қазіргі сендердің молшылықтарың олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз етіп, кейін олардағы молшылық сендердегі мұқтаждықты қамтамасыз етпек; сонда екі жақта да теңдік орнайды. | |
II C | Kaz | 8:15 | Осылайша «көп жинаған кісіден артылған жоқ, аз жинаған мұқтаж да болған жоқ» деп Тауратта жазылғандай болмақ. | |
II C | Kaz | 8:16 | Сендерге қамқорлық жасауға деген құлшынысты бізге бергеніндей, оны Титтің де жүрегіне сепкені үшін Құдайға шүкірлік. | |
II C | Kaz | 8:17 | Жаңағы тілегімізді Тит жылы ықыласпен қабылдап қана қойған жоқ, сендерге зор құлшыныспен, өз қалауы бойынша бара жатыр. | |
II C | Kaz | 8:18 | Титпен бірге тағы бір бауырласымызды да жіберіп отырмыз. Оның Ізгі хабарды уағыздаудағы жұмысы барлық қауымдарда мақталып жүр. | |
II C | Kaz | 8:19 | Мұның үстіне қауымдар оны осы игілікті істі орындау мақсатымен (Иерусалимге) аттанған сапарымызда бізбен бірге еріп баруға таңдап алды. Бұл игі істі Иеміздің даңқын арттырып, ізгі ниетімізді білдіру үшін атқарып жүрміз. | |
II C | Kaz | 8:20 | Сеніп тапсырылған осы мол сый-тартуды қалай басқарғанымыз жайында бізге ешкім айып тақпасын деп сақ жүреміз. | |
II C | Kaz | 8:22 | Олармен бірге тағы бір бауырласымызды жіберіп жатырмыз. Оның ізгі ынта-жігеріне алуан түрлі жағдайларда әлденеше рет көз жеткіздік. Ол өздеріңе сенім артып, баруға бұрынғыдан бетер құлшынған. | |
II C | Kaz | 8:23 | Тит — менің әрі жолдасым, әрі араларыңдағы қызметтесім. Ал осы бауырластарға келсек, олар — қауымдардың жіберген өкілдері, сүрген өмірлерімен Мәсіхтің ұлылығын паш ететіндер. | |