II CORINTHIANS
Chapter 1
II C | Kaz | 1:1 | Құдайдың еркімен Мәсіх Исаның елшісі болған Пауылдан және бауырласымыз Тімотеден Құдайдың Қорынттағы қауымына және Оның бүкіл Ахая аймағындағы барлық адамдарына дұғай сәлем! | |
II C | Kaz | 1:3 | Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдай мадақталсын! Құдай — қайырымды Әкеміз, жұбаныш пен жігер атаулының бастауы. | |
II C | Kaz | 1:4 | Ол бізді барлық азаптарымызда жұбатып, жігерлендіреді. Осылай Құдайдың өзімізді жігерлендірген жұбанышымен біз де әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді жігерлендіре аламыз. | |
II C | Kaz | 1:5 | Өмірімізде Мәсіхтің жолындағы азаптарымыздың молая түскеніндей, Ол арқылы көретін жұбанышымыз да ағыл-тегіл мол болады. | |
II C | Kaz | 1:6 | Азап шегуіміз сендердің жігерленіп, құтқарылуларыңа септігін тигізеді. Өйткені біз көрген жұбаныш өздеріңді де жігерлендіреді. Соның нәтижесінде сендер дәл біз сияқты азаптарды бастан кешкенде шыдамдылықпен төзе аласыңдар. | |
II C | Kaz | 1:7 | Өздерің жайындағы үмітіміз берік. Себебі азабымызды бөліскендеріңдей, біз қабылдайтын жұбанышты да бөлісетіндеріңді білеміз. | |
II C | Kaz | 1:8 | Сондықтан, қымбатты бауырластар, сендерді Азия аймағында тап болған қиындықтарымыздан хабарсыз қалдырғымыз келмейді. Басымызға түскен ауыртпалықтың шектен тыс, адам төзе алмастай болғаны сонша, тірі қаламыз деп үміттенбедік те. | |
II C | Kaz | 1:9 | Жүрегімізде өлімге кесілгендей сезіндік. Бұл жайт біздің өзімізге емес, Құдайға ғана сүйене алуымыз үшін де осылай болды. Ол өлгендерді тірілте алады ғой. | |
II C | Kaz | 1:10 | Мұндай қорқынышты ажал қаупінен Ол бізді құтқарып алды және әлі де құтқаруда; сондай-ақ болашақта да құтқаратын болады деп Оған нық сенім артамыз. | |
II C | Kaz | 1:11 | Бұған сендердің дұғаларың да септігін тигізеді. Осылайша көптеген сенушілердің мінажаттарына Құдай құлақ асып, бізге рақымын төгіп, сол үшін олар шүкірлік ететін болады. | |
II C | Kaz | 1:12 | Біздің айналамыздағы адамдармен, әсіресе өздеріңмен, Құдайға ұнамды ашықтықпен, адалдықпен қатынас жасап келгендігімізге ар-ұжданымыз куә; мұны мақтан тұтамыз. Ескі күнәкар болмысымыздың «даналығымен» емес, Құдайдың рақымына бола солай өмір сүріп келеміз. | |
II C | Kaz | 1:13 | Сендердің жазған хаттарымыздан оқып, түсінгендеріңнен өзге құпия ниетіміз жоқ. Мұнымызды ұға бастадыңдар, енді толық ұғасыңдар деп үміттенемін. Сонда Иеміз Иса қайтып келген күні біздің сендерді мақтан ететініміздей, өздерің де бізді мақтан тұтатын боласыңдар. | |
II C | Kaz | 1:14 | Сендердің жазған хаттарымыздан оқып, түсінгендеріңнен өзге құпия ниетіміз жоқ. Мұнымызды ұға бастадыңдар, енді толық ұғасыңдар деп үміттенемін. Сонда Иеміз Иса қайтып келген күні біздің сендерді мақтан ететініміздей, өздерің де бізді мақтан тұтатын боласыңдар. | |
II C | Kaz | 1:15 | Бұның бәріне сенгенім сонша, сендер екі рет рухани игілікке ие болсын деп, алдымен өздеріңе баруға ниеттендім. | |
II C | Kaz | 1:16 | Осылайша Македонияға бара жатқанда да, қайтып келе жатқанда да сендерге соға кетуді жоспарладым. Бұдан кейін Яһудея аймағына аттанғанымда мені шығарып сала алар едіңдер. | |
II C | Kaz | 1:17 | Осыған ниеттенгенімде ұшқалақтандым ба? Әлде мені жоспарларын ескі күнәкар болмысына сүйеніп, біресе «иә», біресе «жоқ» деп жасады дейсіңдер ме? | |
II C | Kaz | 1:18 | Құдай берген уәдесіне берік болғандай, біздің сендерге айтқан хабарымыз да кейде «иә», кейде «жоқ» емес, еш жалтақсыз! | |
II C | Kaz | 1:19 | Сендердің араларыңда Сыйлас, Тімоте үшеуіміз уағыздаған Құдайдың рухани Ұлы Иса Мәсіх те біресе «иә», біресе «жоқ» болған емес. Қайта, Ол арқылы Құдай «иә» дейді: | |
II C | Kaz | 1:20 | Оның барлық уәделері Мәсіх арқылы жүзеге асып, «иәға» айналады; сондықтан «аумин» деп, Мәсіхтің атымен Тәңір Иенің ұлылығын мадақтаймыз. | |
II C | Kaz | 1:21 | Мәсіхпен байланысымызда бізді сендермен бірге табанды етіп, тағайындаған — Құдайдың Өзі: | |
II C | Kaz | 1:22 | Ол бізге өз иелігінің «таңбасын басып», берген уәделерінің орындалуының кепілі ретінде Киелі Рухын жүректерімізге орнықтырды. | |