Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
II CORINTHIANS
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 11
II C Kaz 11:1  Мақтануыммен біраз ақымақ болып көрінгеніме төзсеңдер екен деймін. Іс жүзінде төзіп келесіңдер де.
II C Kaz 11:2  Сендерді Құдай берген қамқорлықпен қызғыштай қорғап келемін. Өздеріңді бір-ақ «Күйеу» — Мәсіхке «айттырып қойдым», әрі пәк таза «қыз күйлеріңде» ұзатқым келеді.
II C Kaz 11:3  Әзәзіл жыланның қулықпен Хауа ананы алдап, азғырғанындай, кейбіреулер сендердің де ой-саналарыңды Мәсіхке деген адалдық пен пәк берілгендіктеріңнен ауытқытып жүрмесін деп уайымдаймын.
II C Kaz 11:4  Себебі, біреулер сендерге келіп, біз уағыздағаннан өзге «Исаны» уағыздағанда, немесе өздерің қабылдаған Киелі Рухтан өзге рухты, яки қабыл алған Ізгі хабардан басқа біреуін насихаттағанда, сендер бұның бәріне оңайлықпен көне кетесіңдер.
II C Kaz 11:5  Алайда өзімді сол бір «озат елшілерден» кеммін деп ойламаймын.
II C Kaz 11:6  Тіптен сөзге шешен болмасам да, білімім жеткілікті. Соған барлық жағынан да көздеріңді толық жеткіздік қой.
II C Kaz 11:7  Сендерді рухани жағынан көтермелеу үшін өзімді «төмендетуіммен» күнә жасадым ба? Құдайдың Ізгі хабарын сендерге тегін уағыздадым емес пе!
II C Kaz 11:8  Өздеріңе қызмет ету үшін басқа қауымдардың көмегін қабылдап, оларды тонағандай болдым. Қастарыңда жүрген кезімде мұқтаждық көрген күнде де ешқайсыңды әуреге салмадым.
II C Kaz 11:9  Өйткені Македониядан келген бауырластар қажет нәрселерімнің орнын толтырды. Қай істе де сендерге ауыртпалық түсірмеуге тырыстым және тырысамын да.
II C Kaz 11:10  Өз бойымдағы Мәсіхтің адалдығымен мәлімдеймін: Ахая аймағындағы ешкім осы мақтануымды тоқтата алмайды!
II C Kaz 11:11  Неге бұлай істеймін? Сендерді сүймегендіктен бе? Өздеріңді сүйетінім Құдайға аян! Қалай істеп келсем, солай істеуді жалғастырмақпын.
II C Kaz 11:12  Жасаған игіліктеріне мақтанып, бізбен бірдей көріну үшін сылтау іздейтіндерге жол беретін ойым жоқ.
II C Kaz 11:13  Ондайлар — жалған елшілер, алдамшы қызметкерлер, өңдерін айналдырып, Мәсіхтің елшілері болып көрінгендер.
II C Kaz 11:14  Мұнда таңғалатын ештеңе жоқ: шайтанның өзі өңін айналдырып, нұрлы періште болып көрінеді.
II C Kaz 11:15  Сондықтан оның қызметшілерінің де өңдерін айналдырып, әділдіктің қызметшілері болып көрінуі ғажап іс емес. Олардың ақыры қылықтарына сай болмақ!
II C Kaz 11:16  Тағы да қайталаймын: ешқайсыларың мені ақымақ деп ойламаңдар! Ал егер олай ойласаңдар, мені ақымақ ретінде қабылдаңдар, сонда (Ізгі хабарды бұрмалап таратушы солар сияқты) мен де аздап мақтана аламын.
II C Kaz 11:17  Ендеше батыл мақтанғанда, Иеміздің үлгісі бойынша емес, ақылсыз болғансып айтатын боламын.
II C Kaz 11:18  Талай жалған тәлім берушілердің өзімшіл ниетпен (сендердің жетістіктеріңе) мақтанып жүргені іспетті, (өздеріңе жіберген елші болуымды қорғау үшін) мен де мақтанбақпын.
II C Kaz 11:19  Себебі «сондай дана» сендер ақымақтарға қуана төзесіңдер-ау!
II C Kaz 11:20  Расында біреу өздеріңді құл қылса да, ақыларыңды жеп, тонап кетіп, менсінбей өктемдік көрсетсе де, беттеріңді соқса да, бәрібір төзесіңдер!
II C Kaz 11:21  Осындай қылықтарды өздеріңе істеуге біздің «күшіміз жетпеді». Мұны айтқанда алдарыңда ұятқа қаламын ба?Ал егер солардың біреуінің бір нәрсеге мақтануға дәті болса — ақымақша айтайын — соған мақтануға менің де дәтім барады.
II C Kaz 11:22  Олар яһуди ме? Мен де яһудимін. Олар исраилдіктер ме? Мен де солаймын. Олар Ыбырайым атаның ұрпағынан ба? Мен де.
II C Kaz 11:23  Олар Мәсіхтің қызметшілері ме? Ақымақ кісідей сөйлеп тұрмын: мен Мәсіхке солардан бетер қызмет етудемін. Оларға қарағанда әлдеқайда көбірек еңбектеніп, түрмеге қамалып, аяусыз соғылдым, талай рет өліммен бетпе-бет келдім.
II C Kaz 11:24  Яһудилер мені бес рет отыз тоғыздан қамшымен соқты.
II C Kaz 11:25  Мені үш рет таяқпен дүре соқты, бір рет өлтірмек болып таспен атқылады. Үш рет кеме апатына ұшырадым, бір тәулік бойы ашық теңізде қалқып жүріп, әрең аман қалдым.
II C Kaz 11:26  Көп рет саяхатқа шығып, тасыған өзендерден, қарақшылардан, өз ұлттастарым мен басқа ұлттық адамдар тарапынан сансыз қауіп-қатерге ұшырап келемін. Қала мен иен далада, теңізде және жалған бауырластар арасында қатерге тап болдым.
II C Kaz 11:27  Ешқандай аянбастан еңбектеніп келемін, ұйықтамаған түндерімнің есебі жоқ. Аштықтың, шөлдің не екенін білемін, киімге мұқтаж болып талай рет тоңдым.
II C Kaz 11:28  Басқа жайттар туралы айтпағанның өзінде күн сайын барлық қауымдардың қамдары еңсемді басып, толғандырады.
II C Kaz 11:29  Біреу әлсіз болса, мен де өзімді әлсіз сезінбеймін бе? Біреу күнәға азғырылса, сол үшін күйіп-жанбаймын ба?
II C Kaz 11:30  Егер де мақтануға тиіс болсам, өзімнің күшсіз екенімді көрсететін жайттармен мақтанайын.
II C Kaz 11:31  Иеміз Исаның Әкесі, мәңгілік мадаққа лайық Құдай, мына айтатындарымның нағыз шындық екенін біледі:
II C Kaz 11:32  Дамаскіде болған кезімде Аретас патшаның аймақ әміршісі қала қақпаларын күзеттіріп, мені тұтқындауға бұйырды. Бірақ мен қаланы қоршаған қамалдағы терезеден үлкен себетпен төмен түсіріліп, оның қолынан сытылып кеттім.