JOSHUA
Chapter 16
Josh | Kaz | 16:1 | Жүсіптің үрім-бұтағына бөлінген мұралық жердің (оңтүстік) шекарасы Иерихон қаласының маңындағы Иордан өзенінен, Иерихонның шығыс жағындағы су көздерінен басталып, елсіз дала арқылы өтіп, Бетел төңірегіндегі таулы өлкеге дейін көтеріліп барады. | |
Josh | Kaz | 16:2 | Содан соң шекара Бетелден, яғни Луздан, архиліктердің жеріндегі Атаротқа дейін созылады. | |
Josh | Kaz | 16:3 | Одан батысқа, яфлеттіктердің жеріне қарай бұрылып, Төменгі Бет-Хорон мен Гәзер қалаларына дейін ұласып, содан Жерорта теңізіне барып тіреледі. | |
Josh | Kaz | 16:4 | Осылайша Жүсіптің ұлдары Манаса мен Ефремнен тараған екі ру мұралық жерлеріне ие болды. | |
Josh | Kaz | 16:5 | Ефрем руына әулеттері бойынша үлестірілген жері мынау: оның шекарасы шығыстағы Атарот-Адардан басталып, Жоғарғы Бет-Хоронға дейін созылып, | |
Josh | Kaz | 16:6 | теңізге қарай бұрылады. Сол жердің солтүстігінде Михметах орналасқан. Содан шекара шығысқа Тағанат-Шилоға қарай бұрылыс жасап, Янохтың шығыс жағынан өтеді де, | |
Josh | Kaz | 16:7 | Янохтан Атарот пен Нағаратқа қарай төмендеп, Иерихонға жетіп, Иордан өзеніне келіп тіреледі. | |
Josh | Kaz | 16:8 | Енді шекара Таппуах деген жерден батысқа қарай Қанах жылғасына дейін барып, содан теңізге келіп тіреледі. | |
Josh | Kaz | 16:9 | Ефрем руына әулеттері бойынша үлестірілген мұралық жер, міне, осы. Сонымен қатар оған Манаса руына үлестірілген жерде орналасқан, бірақ ефремдіктерге жататын қалалар мен оларға қарасты елді мекендер де кіреді. | |