JOSHUA
Chapter 12
Josh | Kaz | 12:1 | Исраилдіктердің бұған дейін жеңіп шығып, Иорданның шығыс жағындағы Арнон аңғарынан Хермон тауына дейін, Иорданның алқабының шығыс жағындағы иен даланы қосқандағы жерлерін иемденіп алған патшалар мыналар: | |
Josh | Kaz | 12:2 | алғашқысы аморлықтардың Хешебонда тұрған патшасы Сихон еді. Ол Арнон аңғарының шетіндегі Арогерден және сол аңғардың ортасындағы қаладан бастап, аммондықтардың шекарасындағы Ябок өзеніне дейінгі аралықта билік құрды. Бұл аймақ — Ғилақад өлкесінің жартысы. | |
Josh | Kaz | 12:3 | Сихон, сондай-ақ, (солтүстіктегі) Ғалилея (Кінерет) көлінің батыс жағалауынан бастап, (оңтүстіктегі) Өлі теңізге, яғни Тұзды теңізге, дейінгі аралықта, әрі Бет-Ешимотқа, оңтүстікте орналасқан Писга тауының етегіне қарай созылған Иордан алқабына билік жүргізді. | |
Josh | Kaz | 12:4 | Екіншісі Башанның патшасы Ог еді. Ол рафалықтар әулетінің соңғыларының бірі еді. Огтың басты қалалары Аштарот пен Едірей болатын. | |
Josh | Kaz | 12:5 | Ог патша Хермон тауы мен Салхаға, гешурліктер мен махалықтардың жеріне дейінгі бүкіл Башан аймағына және Хешебон патшасы Сихонның жерімен шекаралас жатқан Ғилақад өлкесінің жартысына билік құрған еді. | |
Josh | Kaz | 12:6 | Жаратқан Иенің қызметшісі Мұса мен Исраил халқы осы екі патшаны жеңіп шыққаннан кейін Мұса осы жерді Рубен мен Ғад руларына және Манаса руының жартысына мұралық меншікке үлестіріп берді. | |
Josh | Kaz | 12:7 | Ал Ешуа мен исраилдіктер Иорданның батыс жағында жеңген патшалардың жерлері (солтүстіктегі) Ливан аңғарындағы Бағал-Ғадтан бастап, (оңтүстіктегі) Сейірге қарай өрлеп баратын жолдағы Халақ тауына дейінгі аралықта орналасқан болатын. Ешуа солардың жерлерін Исраилдің өзге руларына үлестіріп берді. | |
Josh | Kaz | 12:8 | Сол жерлер мыналар: таулы аймақ, батыстағы төменгі қыраттар, Иорданның алқабы, тау беткейлері, (Яһудадағы) елсіз дала, оңтүстіктегі иен дала (Негев), яғни хеттіктер, аморлықтар, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктердің жерлері. | |
Josh | Kaz | 12:9 | Сонымен Исраил жеңіп шыққан патшалардың қалалары мыналар, әрбір қаланың бір-бірден патшасы болды: Иерихон, Бетел маңындағы Ай, | |