JOSHUA
Chapter 22
Josh | Kaz | 22:1 | Сол шамада Ешуа Рубен, Ғад руларының және Манаса руының (Иорданның шығысында қоныстанған) жартысының жасақшыларын шақырып алып, | |
Josh | Kaz | 22:2 | былай деді:— Сендер Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның берген барлық бұйрықтарын ұстанып, менің өздеріңе айтқандарымды да бұлжытпай орындап келесіңдер. | |
Josh | Kaz | 22:3 | Ұзақ уақыт бойы, күні бүгінге дейін бауырластарыңды тастап кетпей, Құдайларың Жаратқан Иенің жүктеген міндеттерін іске асырып келдіңдер. | |
Josh | Kaz | 22:4 | Міне, Құдайларың Жаратқан Ие Өзі уәде еткеніндей исраилдік бауырластарыңа тыныштық сыйлады. Енді сендер Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның Иордан өзенінің шығысында үлестіріп берген жерлеріңе қайтуларыңа болады. | |
Josh | Kaz | 22:5 | Алайда Мұсаның берген өсиеттері мен Таурат заңын өте мұқият орындаңдар: Құдайларың Жаратқан Иені сүйіп, Оның айтқан жолымен жүріп, бұйрықтарына бағыныңдар, әрі Онымен тығыз байланыста тұрып Оған шын жүректен, бүкіл жан-дүниелеріңмен қызмет етіңдер! | |
Josh | Kaz | 22:7 | Мұса Манаса руының бір жартысына меншікті жерін Башан аймағынан бөліп берген болатын, әрі Ешуа сол рудың қалған жартысына жерді бауырлас руларымен бірге Иордан өзенінің батыс жағынан үлестіріп берген еді. Ешуа (шығыс жақтағы) қоныстарына қайтатын руларға ақ батасын бергенде тағы былай деді:— Үйлеріңе орасан зор байлықты: отар-табындар, күміс, алтын, қола, темірді, көптеген киім-кешекті алып, қайта беріңдер. Жаудан түскен осы олжаны ағайын-тумаларыңмен бөлісіңдер! | |
Josh | Kaz | 22:8 | Мұса Манаса руының бір жартысына меншікті жерін Башан аймағынан бөліп берген болатын, әрі Ешуа сол рудың қалған жартысына жерді бауырлас руларымен бірге Иордан өзенінің батыс жағынан үлестіріп берген еді. Ешуа (шығыс жақтағы) қоныстарына қайтатын руларға ақ батасын бергенде тағы былай деді:— Үйлеріңе орасан зор байлықты: отар-табындар, күміс, алтын, қола, темірді, көптеген киім-кешекті алып, қайта беріңдер. Жаудан түскен осы олжаны ағайын-тумаларыңмен бөлісіңдер! | |
Josh | Kaz | 22:9 | Сонымен Рубен, Ғад руларының және Манаса руының жартысының жасақшылары Қанахан еліндегі Шилода өзге исраилдіктермен қоштасып, Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген бұйрығы бойынша иеленіп алған өз елдері Ғилақадқа қайтуға жолға шықты. | |
Josh | Kaz | 22:10 | Аталған рулардың адамдары Қанахан елінде Иорданға жақын орналасқан Гелилот деген жерге келгенде, Иорданның жағасында Құдайға құрбандық ұсынатын өте үлкен үстел салды. | |
Josh | Kaz | 22:11 | Өзге исраилдіктерге бұлардың Қанахан елінде, Иорданның батыс жағасындағы Гелилотта құрбандық орнын салғандары туралы хабар жеткенде, | |
Josh | Kaz | 22:13 | Олар алдымен Ғилақад аймағындағы Рубен, Ғад рулары мен Манасаның жарты руына діни қызметкер Елазар ұлы Пінехесті | |
Josh | Kaz | 22:14 | және онымен бірге Исраилдің әр руынан бір-бірден он басшыны қосып, елшілікке жіберді. Бұлардың әрқайсысы исраилдік мыңдардың үстінен тағайындалған әулет басы болатын. | |
Josh | Kaz | 22:15 | Олар Ғилақад еліндегі Рубен, Ғад рулары және Манасаның жарты руына келгенде былай деді: | |
Josh | Kaz | 22:16 | — Жаратқан Иенің халқының бүкіл қауымы мынаны айтады: Сендердің Исраилдің Құдайына қарсы опасыздық жасағандарың қалай? Неге өздерің үшін тағы бір құрбандық ұсынатын орын салып алып, Жаратқан Иеден безіп, Оған қарсы бас көтердіңдер? Бұларың қалай? | |
Josh | Kaz | 22:17 | Пеғор тауының маңында жасалған күнә бізге аз болды ма? Соның кесірінен Жаратқан Иенің қауымының басына пәле түскенмен, біз өзімізді сол күнәдан әлі де тазартып болған жоқпыз ғой. | |
Josh | Kaz | 22:18 | Ал сендер бүгін Жаратқан Иеден бас тартып жатырсыңдар! Егер сендер бүгін Жаратқан Иеге қарсы бас көтерсеңдер, Ол ертең-ақ Исраил халқының бүкіл қауымына қаһарланады. | |
Josh | Kaz | 22:19 | Егер де иемденген жерлерің арам болса, онда Жаратқан Иенің меншікті жеріне, Оның жер бетіндегі тұрағы (киелі шатыр) орналасқан Қанаханға көшіп келіп, арамыздан үлестеріңді алыңдар! Тек Құдайымыз Жаратқан Иеге арналған құрбандық үстеліне қосып тағы бір құрбандық үстелін салып алып Жаратқан Иеге және бізге қарсы бас көтермеңдер! | |
Josh | Kaz | 22:20 | Зарахтың шөбересі Ахан Жаратқан Иеге бағышталған заттардан алып опасыздық жасап, соның кесірінен Жаратқан Ие Исраилдің бүкіл қауымына қаһарланған жоқ па еді? Осы үшін өлген Аханның жалғыз өзі ғана емес қой. | |
Josh | Kaz | 22:21 | Рубен, Ғад рулары және Манасаның жарты руы Исраилдің мыңбасыларына былай деп жауап берді: | |
Josh | Kaz | 22:22 | — Жаратқан Ие — шынымен шексіз құдіретті Құдай, жалғыз Ол — барлық «тәңір» атаулының үстіндегі Құдай, Оған бәрі де айқын. Исраил де біліп алсын! Егер біз Жаратқан Иеге қарсы опасыздық жасаған болсақ, онда бізді бүгін еш аямай жазалаңыздар. | |
Josh | Kaz | 22:23 | Егер де Жаратқан Иеден кері бұрылып, бас тарту ниетімен не шалып өртейтін құрбандықтар мен астық тартуын, не Құдаймен қарым-қатынасымызға ризашылық білдіретін тартулар ұсынатын үстел салып алған болсақ, онда Жаратқан Иенің Өзі бізді сол үшін жауапқа тартсын. | |
Josh | Kaz | 22:24 | Қайта, біз осы құрбандық үстелін болашақта сіздердің ұрпақтарыңыз біздің ұрпақтарымызға: «Сендер кімсіңдер өзі? Сендердің Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге ешқандай қатыстарың жоқ» деп айтып жүре ме деген уайымнан жасадық. | |
Josh | Kaz | 22:25 | Сіздердің ұрпақтарыңыз: «Жаратқан Ие Иордан өзенін сендер — рубендіктер мен ғадтықтардың және біздің арамыздағы шекара етіп бекіткен болатын. Сондықтан сендердің Жаратқан Иеге еш қатыстарың жоқ» деулері мүмкін ғой. Осылайша олар біздің ұрпақтарымызға Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оған ғибадат етуге жол бермеулері мүмкін. | |
Josh | Kaz | 22:26 | Сондықтан біз құрбандық үстелін салып алайық дедік, бірақ ол ешқандай құрбандық шалып, өртеуге арналмаған. | |
Josh | Kaz | 22:27 | Қайта, ол біз бен сіздердің және болашақ ұрпақтарымыздың арасындағы айғақ болмақ. Ол біздің Жаратқан Иенің (кездесу шатырының) алдына барып, Оған арнап құрбандықтар шалып, өртеуге және Онымен қарым-қатынасымызға ризашылық білдіретін тартуларымыз бен өзге де сый-тартуларымызды ұсынып Оған ғибадат етуге құқығымыздың бар екендігін дәлелдемек. Осылайша болашақ ұрпақтарыңыз біздің ұрпақтарымызға: «Жаратқан Иеге еш қатыстарың жоқ!» деп айта алмайтын болады. | |
Josh | Kaz | 22:28 | Егер бізге немесе ұрпақтарымызға осылай деп айтылып жатса, онда біз былай деп жауап беретін боламыз: «Жаратқан Иенің құрбандық үстелінің біздің ата-бабаларымыз салып кеткен нұсқасына қараңдаршы. Олар бұны шалынып, өртелетін құрбандықтар мен басқа да сый-тартулар ұсыну үшін емес, сіздер мен біздерге айғақ болу үшін салған». | |
Josh | Kaz | 22:29 | Құдай Иеміздің кездесу шатырының алдында тұрған құрбандық үстелінен басқа тағы сондай бір үстелді салып Жаратқан Иеге қарсы бас көтеруден мүлдем аулақпыз. | |
Josh | Kaz | 22:30 | Діни қызметкер Пінехес, қауымның жетекшілері және Исраилдің мыңбасылары Рубен, Ғад рулары мен Манаса руының жартысының айтқандарын естігенде риза болды. | |
Josh | Kaz | 22:31 | Діни қызметкер Елазар ұлы Пінехес оларға:— Жаратқан Иенің шынымен бізге жар екеніне көзіміз жетіп отыр. Себебі сендер Оған опасыздық жасап, исраилдіктерді Жаратқан Иенің қаһарлы сотына душар еткен жоқсыңдар, — деді. | |
Josh | Kaz | 22:32 | Содан діни қызметкер Елазар ұлы Пінехес және басшылар Ғилақад аймағындағы Рубен мен Ғад руларынан Қанахан жеріне қайта оралып, ондағы өзге исраилдіктерге бұлардың жауабын жеткізді. | |
Josh | Kaz | 22:33 | Оны естігенде мұндағы исраилдіктер де риза болып, Құдайды мадақтады. Бұдан кейін оларда рубендіктер мен ғадтықтардың жеріне барып, ойран салу жайлы сөз қозғалмады. | |