Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
JOSHUA
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 15
Josh Kaz 15:1  Яһуда руына әулеттері бойынша үлестірілген жер ең оңтүстікте Едом елімен шектесіп, Сін атты елсіз далаға қарай созылады.
Josh Kaz 15:2  Яһуданың оңтүстік шекарасы Өлі теңіздің оңтүстігіндегі шығанақтан басталып,
Josh Kaz 15:3  содан Шаяндар асуының оңтүстік жағымен өтіп, Сін даласына дейін, сол арқылы Қадеш-Барни қаласынан оңтүстікке қарай жалғасады. Осыдан шекара Хесрон арқылы Адарға көтеріліп, одан Қарқаға бұрылып,
Josh Kaz 15:4  Асмонға жетіп, одан әрі Мысырмен шекарадағы өзеннің бойымен жүріп, Жерорта теңізінің жағасында аяқталады. Яһуда руының оңтүстік шекарасы осындай.
Josh Kaz 15:5  Шығыстағы шекара Өлі теңіздің бойымен Иорданның оған құятын атырауына дейін созылады. Яһуданың солтүстік шекарасы Иордан атырауындағы теңіз шығанағынан басталып,
Josh Kaz 15:6  Бет-Хоғылаға дейін көтеріліп, Бет-Арабаның солтүстік жағынан өтіп, «Боханның тасы» деген жерге дейін ұласады. Бохан Рубеннің ұлы еді.
Josh Kaz 15:7  Содан шекара Ахор аңғарынан Дебирге көтеріліп, солтүстікке қарай Ғылғалға бұрылады. Ғылғал тасқынды аңғардың оңтүстік жағындағы Адумим асуына қарама-қарсы орналасқан. Осыдан шекара Ен-Шәміш бұлағына дейін созылып, Ен-Рогелге жетеді.
Josh Kaz 15:8  Бұдан соң шекара ебустіктердің (кейінірек) Иерусалим деп аталған қаласы орналасқан төбенің оңтүстігіндегі Бен-Хенном аңғарының бойымен өрлеп, осы аңғардың батысындағы, Рефаим аңғарының солтүстік шетіндегі төбенің басына көтеріледі.
Josh Kaz 15:9  Шекара осы төбе басынан Нептоғах су көзіне жетіп, Ефрон тауындағы қалаларға дейін ұласады. Сол жерден ол Бағалахқа, яғни, Кирият-Иғарымға қарай бұрылады.
Josh Kaz 15:10  Бұдан кейін шекара Бағалахтан батысқа, Сейір тауына қарай иіліп, Иғарым, яғни, Кесалон тауының солтүстік беткейімен өтіп, Бет-Шәмішке төмендеп, Тимна арқылы өтеді.
Josh Kaz 15:11  Содан шекара Әкронның солтүстік беткейімен өтіп, Шикеронға қарай бұрылып, Бағалах тауы арқылы өтіп, Ябниелге жетеді, одан әрі Жерорта теңізіне келіп тіреледі.
Josh Kaz 15:12  Батыс шекарасы — сол теңіздің жағалауы.Яһуда руына әулеттері бойынша үлестірілген жердің айнала шекарасы осындай.
Josh Kaz 15:13  Ешуа Жаратқан Иенің өзіне берген бұйрығы бойынша Ефунне ұлы Халепке Яһуда руының жерінен жеке үлес берді. Атап айтқанда, оған Кирият-Арбаны, яғни Хебронды, белгіледі. Қаланың атындағы Арба деген есім алып Анақтың атасын білдірген.
Josh Kaz 15:14  Халеп (әулетінің ер адамдарын ертіп) Хеброннан Анақтың Шешай, Ахиман, Талмай есімді үш алып ұрпағын қуып шықты.
Josh Kaz 15:15  Сол жақтан ол Дебир қаласының тұрғындарына қарсы өрлеп аттанды. Дебир бұрынырақ Кирият-Сефер деп аталатын.
Josh Kaz 15:16  Халеп: «Кирият-Сеферге шабуыл жасап, оны иемденіп алған адамға мен қызым Ахсаны қосамын», — деп уәде етті.
Josh Kaz 15:17  Халептің інісі, Кеназдың ұлы Отниел сол қаланы иемденіп алды. Содан Халеп Отниелге қызы Ахсаны қосты.
Josh Kaz 15:18  Оған ұзатылар кезде Ахса Отниелді қайын атасынан егістік жер сұрап алуға көндірді. Мұнан кейін қызы келіп, есегінен түсіп жатқанда, Халеп оған:— Қандай бұйымтайың бар? — деді.
Josh Kaz 15:19  Қызы:— Бір айрықша жақсылық жасай көріңізші. Маған оңтүстіктегі сусыз даланы сыйлап отырсыз. Енді соған қоса су көздерін де берсеңіз екен, — деп өтінді. Сонда Халеп Ахсаға Жоғарғы және Төменгі деп аталатын су көздерін де сыйлады.
Josh Kaz 15:20  Яһуда руына әулеттері бойынша үлестірілген жер төмендегідей болды.
Josh Kaz 15:21  Яһуда руының ең оңтүстікте Едом еліне жақын орналасқан қалалары мыналар: Кәбісел, Едер, Ягур,
Josh Kaz 15:25  Хасор-Хадата, Кериот-Хесрон, яғни Хасор,
Josh Kaz 15:27  Хасар-Ғада, Хешмон, Бет-Пәлет,
Josh Kaz 15:28  Хасар-Шуал, Бер-Шеба, Бизиотея,
Josh Kaz 15:31  Сикеләг, Мадманах, Сансанна,
Josh Kaz 15:32  Лебаот, Шилхим, Аин және Риммон. Сол аймақта Яһудаға барлығы жиырма тоғыз қала әрі оларға қарасты елді мекендер үлестірілді.
Josh Kaz 15:33  Батыстағы төменгі қыраттарда: Ештағол, Сора, Ашна,
Josh Kaz 15:34  Заноах, Ен-Ғанним, Таппуах, Енам,
Josh Kaz 15:35  Ярмут, Адуллам, Сохо, Әзека,
Josh Kaz 15:36  Шағараим, Адитаим, Гедера, яки Гедеротаим — он төрт қала әрі оларға қарасты елді мекендер;
Josh Kaz 15:37  Сенан, Хадаша, Мигдал-Ғад,
Josh Kaz 15:41  Гедерот, Бет-Дагон, Нағама және Макед — он алты қала мен оларға қарасты елді мекендер;
Josh Kaz 15:44  Кеил, Ахзиб, Мареша — тоғыз қала әрі оларға қарасты елді мекендер;
Josh Kaz 15:45  Әкрон мен оған қарасты елді мекендер мен қоныстар,
Josh Kaz 15:46  Әкроннан батыстағы теңізге қарай Азот қаласының маңындағы қалалар мен олардың айналаларындағы елді мекендер;
Josh Kaz 15:47  Азотқа қарасты елді мекендер мен қоныстар, Газа әрі оған қарасты, Мысырмен шекарадағы тасқынды аңғар мен Жерорта теңізінің жағалауына дейінгі аралықта орналасқан елді мекендер мен қоныстар;
Josh Kaz 15:48  таулы аймақта: Шамир, Ятир, Сохо,
Josh Kaz 15:49  Данах, Кирият-Санна, яғни Дабыр,
Josh Kaz 15:51  Гөшен, Холон мен Ғило — он бір қала әрі оларға қарасты елді мекендер;
Josh Kaz 15:54  Хумта, Кирият-Арба, яғни Хеброн, Сиор — тоғыз қала әрі оларға қарасты елді мекендер;
Josh Kaz 15:57  Қайын, Гибея, Тимна — он қала әрі оларға қарасты елді мекендер;
Josh Kaz 15:59  Мағарат, Бет-Анот, Елтекон — алты қала әрі оларға қарасты елді мекендер;
Josh Kaz 15:60  Кирият-Бағал, яғни Кирият-Иғарым мен Рабба — екі қала әрі оларға қарасты елді мекендер;
Josh Kaz 15:61  иен далада: Бет-Араба, Міддин, Сеқаха,
Josh Kaz 15:62  Нибшан, Тұз қаласы (Ир-Мелах) және Ен-Геди — алты қала әрі оларға қарасты елді мекендер.
Josh Kaz 15:63  Яһуда руының адамдары Иерусалимде тұратын ебустіктерді қуып шығара алмады, содан ебустіктер осы күнге дейін Яһуданың адамдарымен бірге тұрып келеді.