Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
JOSHUA
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 16
Josh Kaz 16:1  Жүсіптің үрім-бұтағына бөлінген мұралық жердің (оңтүстік) шекарасы Иерихон қаласының маңындағы Иордан өзенінен, Иерихонның шығыс жағындағы су көздерінен басталып, елсіз дала арқылы өтіп, Бетел төңірегіндегі таулы өлкеге дейін көтеріліп барады.
Josh Kaz 16:2  Содан соң шекара Бетелден, яғни Луздан, архиліктердің жеріндегі Атаротқа дейін созылады.
Josh Kaz 16:3  Одан батысқа, яфлеттіктердің жеріне қарай бұрылып, Төменгі Бет-Хорон мен Гәзер қалаларына дейін ұласып, содан Жерорта теңізіне барып тіреледі.
Josh Kaz 16:4  Осылайша Жүсіптің ұлдары Манаса мен Ефремнен тараған екі ру мұралық жерлеріне ие болды.
Josh Kaz 16:5  Ефрем руына әулеттері бойынша үлестірілген жері мынау: оның шекарасы шығыстағы Атарот-Адардан басталып, Жоғарғы Бет-Хоронға дейін созылып,
Josh Kaz 16:6  теңізге қарай бұрылады. Сол жердің солтүстігінде Михметах орналасқан. Содан шекара шығысқа Тағанат-Шилоға қарай бұрылыс жасап, Янохтың шығыс жағынан өтеді де,
Josh Kaz 16:7  Янохтан Атарот пен Нағаратқа қарай төмендеп, Иерихонға жетіп, Иордан өзеніне келіп тіреледі.
Josh Kaz 16:8  Енді шекара Таппуах деген жерден батысқа қарай Қанах жылғасына дейін барып, содан теңізге келіп тіреледі.
Josh Kaz 16:9  Ефрем руына әулеттері бойынша үлестірілген мұралық жер, міне, осы. Сонымен қатар оған Манаса руына үлестірілген жерде орналасқан, бірақ ефремдіктерге жататын қалалар мен оларға қарасты елді мекендер де кіреді.
Josh Kaz 16:10  Ефремдіктер Гәзер қаласын мекендейтін қанахандықтарды қаладан қуып шығара алмады. Сондықтан осы қанахандықтар әлі күнге дейін олардың арасында тұрып, Ефрем руына қызмет көрсетіп келеді.