Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
JOSHUA
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 21
Josh Kaz 21:1  Леуіліктердің әулет басылары Қанахан еліндегі Шило қаласында діни қызметкер Елазар, Нұн ұлы Ешуа және Исраил руларының әулет басыларының алдына келіп,
Josh Kaz 21:2  «Жаратқан Ие Мұса арқылы бізге өзіміз мекендейтін қалалар және малымыз жайылатын өрістер беру туралы айтқан болатын», — деген өтініш жасады.
Josh Kaz 21:3  Сонда исраилдіктер Жаратқан Иенің берген бұйрығына бағынып, оларға өздерінің мұралық жер үлестерінен төмендегі қалаларды жайылымдарымен қоса белгілеуге ұйғарды.
Josh Kaz 21:4  Алғашқы жеребе қахат әулеттеріне түсті. Діни қызметкер Һароннан тараған леуіліктерге Яһуда, Шимон, Бунямин руларының жерінен он үш қала тиді.
Josh Kaz 21:5  Қахаттың қалған ұрпақтарына жеребе бойынша Ефрем, Дан және Манаса руының (батыстағы) жартысының жерінен он қала тиді.
Josh Kaz 21:6  Герсонның ұрпақтарына жеребе бойынша Исашар, Ашир, Нафталим руларынан әрі Манаса руының Башан аймағындағы өзге жартысынан он үш қала тиді.
Josh Kaz 21:7  Мераридің ұрпақтарына әулеттері бойынша Рубен, Ғад, Забулон руларынан он екі қала берілді.
Josh Kaz 21:8  Сонымен исраилдіктер Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген бұйрығына сай осы қалаларды жайылымдарымен қоса леуіліктерге жеребе бойынша үлестіріп берді.
Josh Kaz 21:9  Яһуда руы мен Шимон руынан исраилдіктер төмендегі қалаларды аттарын атап бөліп берді.
Josh Kaz 21:10  Олар Леуі руының Қахат тармағына жататын Һаронның ұрпақтарына белгіленді, себебі бірінші жеребе соларға түсті.
Josh Kaz 21:11  Осылайша Һаронның ұрпақтарына Яһуданың таулы жеріндегі Кирият-Арба, демек, Хеброн қаласы айналасындағы жайылымдарымен қоса берілді. (Қаланың атауындағы) «Арба» алып Анақтың арғы атасының есімі болатын.
Josh Kaz 21:12  Ал Хебронға қарасты егістік жерлер мен елді мекендер Ефунне ұлы Халептің иелігіне бөлініп берілді.
Josh Kaz 21:13  Сонымен, осы екі рудан діни қызметкер Һаронның ұрпақтарына Хеброн қаласы белгіленді. Ол абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын қала болуға да таңдалған еді. Һаронның ұрпақтарына одан басқа Либна,
Josh Kaz 21:16  Аин, Юта, Бет-Шәміш — барлығы тоғыз қала да жайылымдарымен қоса белгіленді.
Josh Kaz 21:17  Бунямин руынан оларға Гибеон, Геба,
Josh Kaz 21:18  Анатот, Алмон атты төрт қала жайылымдарымен қоса белгіленді.
Josh Kaz 21:19  Һароннан тараған діни қызметкерлердің жайылымды қалаларының ұзын саны — он үш болды.
Josh Kaz 21:20  Леуі руының Қахат тармағының қалған бөлігіне Ефрем руының жерінен бөлінген қалалар мыналар болды:
Josh Kaz 21:21  Ефремнің таулы өлкесінде орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Сихем қаласы және Гәзер,
Josh Kaz 21:22  Кипсаим, Бет-Хорон — барлығы төрт қала жайылымдарымен қоса берілді.
Josh Kaz 21:23  Дан руынан Елтеке, Гибетон,
Josh Kaz 21:24  Аялон, Ғат-Риммон атты төрт қала жайылымдарымен қоса,
Josh Kaz 21:25  әрі Манаса руының (Қанахан еліндегі) жартысынан Тағанах пен Ғат-Риммон атты екі қала жайылымдарымен қоса берілді.
Josh Kaz 21:26  Осы он қала мен олардың жайылымдары Қахат тармағының қалған әулеттеріне үлестірілді.
Josh Kaz 21:27  Леуі руының Герсон тармағына мына қалалар берілді: Манаса руының жартысынан екі қала: Башан аймағында орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Ғолан қаласы және Бе-Ештера, екеуі де жайылымдарымен қоса;
Josh Kaz 21:28  Исашар руынан: Қишион, Даберат,
Josh Kaz 21:29  Ярмут, Ен-Ғанним атты төрт қала жайылымдарымен қоса;
Josh Kaz 21:30  Ашир руынан: Мишал, Абыдон,
Josh Kaz 21:31  Хелқат, Рехоб атты төрт қала жайылымдарымен қоса;
Josh Kaz 21:32  Нафталим руынан Ғалилея өлкесінде орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Кедес қаласы, Хамот-Дор, Қартан атты үш қала жайылымдарымен қоса.
Josh Kaz 21:33  Сонымен Леуі руының Герсон тармағына әулеттері бойынша барлығы он үш қала жайылымдарымен қоса үлестірілді.
Josh Kaz 21:34  Леуі руының қалған тармағы — Мераридің әулеттеріне мына қалалар берілді: Забулон руынан Жоқнеам, Қарта,
Josh Kaz 21:35  Димна, Нахалал атты төрт қала жайылымдарымен қоса;
Josh Kaz 21:36  Рубен руынан: Бесер, Жахса,
Josh Kaz 21:37  Кедемот, Мефағат атты төрт қала жайылымдарымен қоса;
Josh Kaz 21:38  Ғад руынан: Ғилақадта орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Рамот қаласы, Маханайым,
Josh Kaz 21:39  Хешебон, Жазер атты төрт қала жайылымдарымен қоса.
Josh Kaz 21:40  Осылайша Леуі руының қалған үшінші тармағы — Мерариге әулеттері бойынша белгіленген қалалардың саны он екі болды.
Josh Kaz 21:41  Сонымен Исраилдің меншікті жерінің арасынан Леуі руына жайылымдарымен қоса бөлінген барлық қалалардың саны қырық сегіз болды.
Josh Kaz 21:42  Осы қалалардың бәрі де айналаларындағы жайылымдарымен қоса берілді.
Josh Kaz 21:43  Осылайша Жаратқан Ие исраилдіктерге олардың ата-бабаларына антпен уәде еткен елінің барлығын табыстады. Олар елді иемденіп, оған қоныстанып алды.
Josh Kaz 21:44  Жаратқан Ие Өзі ата-бабаларына антпен уәде еткендей, исраилдіктерге барлық жағынан да тыныштық сыйлады. Оларға бірде-бір жау қарсы тұра алмады, өйткені Жаратқан Ие барша жауларын исраилдіктердің қолына тапсырып отырды.
Josh Kaz 21:45  Жаратқан Иенің Исраил халқына берген игілікті уәделерінің бірде-біреуі орындаусыз қалмай, барлығы да жүзеге асты.