JOSHUA
Chapter 21
Josh | Kaz | 21:1 | Леуіліктердің әулет басылары Қанахан еліндегі Шило қаласында діни қызметкер Елазар, Нұн ұлы Ешуа және Исраил руларының әулет басыларының алдына келіп, | |
Josh | Kaz | 21:2 | «Жаратқан Ие Мұса арқылы бізге өзіміз мекендейтін қалалар және малымыз жайылатын өрістер беру туралы айтқан болатын», — деген өтініш жасады. | |
Josh | Kaz | 21:3 | Сонда исраилдіктер Жаратқан Иенің берген бұйрығына бағынып, оларға өздерінің мұралық жер үлестерінен төмендегі қалаларды жайылымдарымен қоса белгілеуге ұйғарды. | |
Josh | Kaz | 21:4 | Алғашқы жеребе қахат әулеттеріне түсті. Діни қызметкер Һароннан тараған леуіліктерге Яһуда, Шимон, Бунямин руларының жерінен он үш қала тиді. | |
Josh | Kaz | 21:5 | Қахаттың қалған ұрпақтарына жеребе бойынша Ефрем, Дан және Манаса руының (батыстағы) жартысының жерінен он қала тиді. | |
Josh | Kaz | 21:6 | Герсонның ұрпақтарына жеребе бойынша Исашар, Ашир, Нафталим руларынан әрі Манаса руының Башан аймағындағы өзге жартысынан он үш қала тиді. | |
Josh | Kaz | 21:7 | Мераридің ұрпақтарына әулеттері бойынша Рубен, Ғад, Забулон руларынан он екі қала берілді. | |
Josh | Kaz | 21:8 | Сонымен исраилдіктер Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген бұйрығына сай осы қалаларды жайылымдарымен қоса леуіліктерге жеребе бойынша үлестіріп берді. | |
Josh | Kaz | 21:10 | Олар Леуі руының Қахат тармағына жататын Һаронның ұрпақтарына белгіленді, себебі бірінші жеребе соларға түсті. | |
Josh | Kaz | 21:11 | Осылайша Һаронның ұрпақтарына Яһуданың таулы жеріндегі Кирият-Арба, демек, Хеброн қаласы айналасындағы жайылымдарымен қоса берілді. (Қаланың атауындағы) «Арба» алып Анақтың арғы атасының есімі болатын. | |
Josh | Kaz | 21:12 | Ал Хебронға қарасты егістік жерлер мен елді мекендер Ефунне ұлы Халептің иелігіне бөлініп берілді. | |
Josh | Kaz | 21:13 | Сонымен, осы екі рудан діни қызметкер Һаронның ұрпақтарына Хеброн қаласы белгіленді. Ол абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын қала болуға да таңдалған еді. Һаронның ұрпақтарына одан басқа Либна, | |
Josh | Kaz | 21:20 | Леуі руының Қахат тармағының қалған бөлігіне Ефрем руының жерінен бөлінген қалалар мыналар болды: | |
Josh | Kaz | 21:21 | Ефремнің таулы өлкесінде орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Сихем қаласы және Гәзер, | |
Josh | Kaz | 21:25 | әрі Манаса руының (Қанахан еліндегі) жартысынан Тағанах пен Ғат-Риммон атты екі қала жайылымдарымен қоса берілді. | |
Josh | Kaz | 21:27 | Леуі руының Герсон тармағына мына қалалар берілді: Манаса руының жартысынан екі қала: Башан аймағында орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Ғолан қаласы және Бе-Ештера, екеуі де жайылымдарымен қоса; | |
Josh | Kaz | 21:32 | Нафталим руынан Ғалилея өлкесінде орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Кедес қаласы, Хамот-Дор, Қартан атты үш қала жайылымдарымен қоса. | |
Josh | Kaz | 21:33 | Сонымен Леуі руының Герсон тармағына әулеттері бойынша барлығы он үш қала жайылымдарымен қоса үлестірілді. | |
Josh | Kaz | 21:34 | Леуі руының қалған тармағы — Мераридің әулеттеріне мына қалалар берілді: Забулон руынан Жоқнеам, Қарта, | |
Josh | Kaz | 21:38 | Ғад руынан: Ғилақадта орналасқан, абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын Рамот қаласы, Маханайым, | |
Josh | Kaz | 21:40 | Осылайша Леуі руының қалған үшінші тармағы — Мерариге әулеттері бойынша белгіленген қалалардың саны он екі болды. | |
Josh | Kaz | 21:41 | Сонымен Исраилдің меншікті жерінің арасынан Леуі руына жайылымдарымен қоса бөлінген барлық қалалардың саны қырық сегіз болды. | |
Josh | Kaz | 21:43 | Осылайша Жаратқан Ие исраилдіктерге олардың ата-бабаларына антпен уәде еткен елінің барлығын табыстады. Олар елді иемденіп, оған қоныстанып алды. | |
Josh | Kaz | 21:44 | Жаратқан Ие Өзі ата-бабаларына антпен уәде еткендей, исраилдіктерге барлық жағынан да тыныштық сыйлады. Оларға бірде-бір жау қарсы тұра алмады, өйткені Жаратқан Ие барша жауларын исраилдіктердің қолына тапсырып отырды. | |