JOSHUA
Chapter 2
Josh | Kaz | 2:1 | Нұн ұлы Ешуа Шиттим атты жерде екі адамға: «Барып, сол елді, әсіресе, Иерихон қаласын барлап көріп келіңдер!» — деген құпия тапсырма беріп, жұмсап жіберді. Осы екі адам қалаға жетіп, сол жердегі Рахаб есімді бір әйелдің үйіне түнеуге тоқтады. Ол (бұрынғы) жеңіл жүрісті әйел болатын. | |
Josh | Kaz | 2:2 | Сонда Иерихонның патшасына: «Бүгін кеште елді барлауға исраилдіктер келіпті», — деген хабар жетті. | |
Josh | Kaz | 2:3 | Патша Рахабқа: «Сенің үйіңе келген адамдар — бүкіл елді барлауға келген тыңшылар. Оларды алып шық!» — деген бұйрық жіберді. | |
Josh | Kaz | 2:4 | Бірақ сол әйел ана екі кісіні жасырып тастаған еді. Патшаның адамдарына ол: «Иә, бірер кісінің келіп-кеткені рас, бірақ олардың қайдан екенін білмедім. | |
Josh | Kaz | 2:5 | Қас қарайып, қақпа жабылайын деп жатқанда олар шығып кетті. Қайда баратындарынан хабарсызбын. Тездетіп арттарына түссеңіздер, әлі де қуып жетерсіздер», — деді. | |
Josh | Kaz | 2:6 | Ал әйел сол екі кісіні үйінің жалпақ төбесіне шығарып, сонда қатар-қатар жатқан зығыр бауларының арасына жасырып тастаған болатын. | |
Josh | Kaz | 2:7 | Сонда патшаның адамдары Иордан өзеніндегі өткелдерге қарай жүгіре жөнелді. Олар қаладан шыға салысымен, қақпа да жабылды. | |
Josh | Kaz | 2:9 | оларға былай деді:— Жаратқан Иенің сіздерге осы елді бергеніне көзім жетті. Сіздерден төнген зор қорқыныш біздерді билеп алып, елдің күллі тұрғындарының зәрелері ұшып әлсіреуде. | |
Josh | Kaz | 2:10 | Сіздер Мысырдан шыққанда Жаратқан Иенің Қамысты теңіздің суын алдарыңыздан қалай құрғатқанын, әрі Иорданның арғы жағындағы аморлықтардың екі патшасы Сихон мен Огқа не істегендеріңізді, оларды қалай құртқандарыңызды естігенбіз. | |
Josh | Kaz | 2:11 | Осыны естігенде, сіздерден зәреміз ұшып, батылдығымыздан жұрдай болдық. Себебі сіздер сиынған Құдай Жаратқан Ие — көкте де, жерде де жалғыз Құдай. | |
Josh | Kaz | 2:12 | Ал енді, мен сіздерге біраз жақсылық істедім ғой. Сондықтан сіздер де менің отбасыма жақсылық істейміз деп Жаратқан Иенің атымен ант етіңіздер. Соның кепілі ретінде маған бір нәрсе беріңіздерші. | |
Josh | Kaz | 2:13 | Сіздер (болашақта осы елге кіргенде) менің әке-шешемді, аға-інілерім мен әпке-сіңлілерімді барлық отбасыларымен бірге тірі қалдырып, бәріміздің өмірімізді ажалдан аман алып қаламыз деп уәде етіңіздерші. — | |
Josh | Kaz | 2:14 | Екі барлаушы оған:— Егер бізге сатқындық жасап ұстап бермесеңіз, онда сіздер үшін өз жанымызды кепілдік етеміз. Жаратқан Ие халқымызға осы елді табыстаған кезде біз де сізге жақсылық жасап, адал болып қаламыз, — деп уәде берді. | |
Josh | Kaz | 2:15 | Сонымен әйел екеуін терезеден арқанмен төмен түсіріп жіберді, өйткені оның тұратын үйі қала қабырғасында орналасқан болатын. | |
Josh | Kaz | 2:16 | Бұдан бұрын әйел оларға мынадай ақыл берген еді:— Қуғыншылар сіздерге тап болмас үшін (батыстағы) таулы аймаққа қарай кетіңіздер. Олар қалаға қайтып келгенше, сол жерде үш күн бойы тығыла тұрыңыздар. Содан кейін жөндеріңізге кете беріңіздер. — | |
Josh | Kaz | 2:17 | Екі барлаушы әйелге тағы былай деген болатын:— Осы берген антымызды орындауымыз үшін мына нұсқауымызды іске асырғаныңыз қажет: | |
Josh | Kaz | 2:18 | Біз осы елге кіргенде бізді төмен түсіріп жіберген терезеңізге мына қырмызы жіпті бекітіп іліп қойыңыз, әрі үйіңізге әке-шешеңізді, бауырларыңызды және бүкіл отбасыңызды жинап алыңыз. | |
Josh | Kaz | 2:19 | Егер олардың кейбіреуі үйден шығып кетсе, онда ол төгілген қанына өзі кінәлі болып, біз кінәсіз боламыз. Ал егер үйіңіздің ішіндегі бір адамға біреуіміз күш жұмсап өлтіріп тастасақ, онда оның төгілген қаны біздің мойнымызда болады. | |
Josh | Kaz | 2:20 | Сондай-ақ, егер бізге сатқындық жасасаңыз, сол жағдайда да осы берген антымыздан азат боламыз. — | |
Josh | Kaz | 2:21 | Әйел оларға:— Айтқандарыңыздай болсын, — деп келісті. Содан ол екеуін шығарып салып, терезесіне сол қырмызы жіпті бекітіп қойды. | |
Josh | Kaz | 2:22 | Екі барлаушы таулы аймаққа көтеріліп, сонда үш күн тасаланып жатты. Сол кезде қуғыншылар жолды басынан-аяғына дейін қарап шығып, оларды таба алмастан қалаға қайтты. | |
Josh | Kaz | 2:23 | Бұдан кейін екі барлаушы таудан түсіп, өзеннен өтті. Олар Нұн ұлы Ешуаға қайтып келгенде, оған бастарынан өткізген жайттарының барлығын айтып берді. | |