I SAMUEL
Chapter 27
I Sa | Kaz | 27:1 | Бірақ Дәуіт іштей: «Қалайда күндердің күні Саулдың қолынан құримын. Ең жақсысы, тездетіп філістір еліне қашып құтылу. Сонда Саул мені бүкіл Исраилде іздеуін қойып, оның қолынан сытылып кетемін», — деп ойлады. | |
I Sa | Kaz | 27:2 | Осылайша Дәуіт пен оның жанында жүрген алты жүз адам жолға жиналып, Ғаттың патшасы Мағох ұлы Анхұсқа қарай өтіп кетті. | |
I Sa | Kaz | 27:3 | Олар Ғат қаласына Анхұстың жанына орналасты. Әрқайсысы өзінің отбасын ала келген еді. Дәуіттің екі әйелі: ізрелдік Ахиноғам мен Набалдың жесірі кәрмелдік Әбигел де қасында болды. | |
I Sa | Kaz | 27:5 | Дәуіт Анхұстан: «Тақсыр, рақым етіп, бізге далалы жерде қоныстануға бір қалашықты беруге бұйыра көріңіз. Біз осында патшаның қаласында тұрып, сіздерді әуреге салмай-ақ қояйық», — деп өтінді. | |
I Sa | Kaz | 27:6 | Анхұс оған тұруға Сикеләгті берді. Сол кезден бастап қазірге дейін осы қала Яһуда патшасының қарамағында болып келеді. | |
I Sa | Kaz | 27:8 | Ол адамдарымен аттанып, гешур, гірзе, амалек тайпаларына шабуыл жасап отырды. Бұлар көп уақыттан бері Шур мен Мысыр елінің арасындағы жерді мекенденіп келген еді. | |
I Sa | Kaz | 27:9 | Дәуіт қай жерге шабуыл жасаса да, еркек болсын, әйел болсын, ешкімді тірі қалдырмай, тек олардың қой-ешкі, мүйізді ірі қаралары мен есек-түйелерін және киім-кешектерін тонап, Анхұстың жеріне қайтатын. | |
I Sa | Kaz | 27:10 | Анхұс: «Бүгін еш жаққа шабуылға шыққан жоқсыңдар ма?» — деп сұраса, Дәуіт Яһуданың, Ерахмел әулетінің я болмаса Кен тайпасының оңтүстік жағына аттанғандары туралы айтатын. | |
I Sa | Kaz | 27:11 | Дәуіттің еркектер мен әйелдерді тірі қалдырмай, Ғат еліне ешқандай тұтқын алып келмеуінің себебі, олар Анхұсқа «Дәуіт былай істеді» деп шағым айтар деген күмәні болды. Філістірлермен бірге тұрған кезде Дәуіт үнемі осылай әрекет етіп жүрді. | |