I SAMUEL
Chapter 21
I Sa | Kaz | 21:1 | Дәуіт Ноб қаласына, ондағы діни қызметкер Ахимәлікке барды. Бұл кісі Дәуітті қарсы алып:— Қасыңда адамдарың жоқ, неге жалғыз жүрсің? — деп абыржи сұрады. | |
I Sa | Kaz | 21:2 | Дәуіт одан:— Патша маған ерекше жұмыс тапсырып, «Ешкім сені неге жұмсағанымды және қандай нұсқаулар бергенімді білмесін!» деді. Нөкерлерімді белгілі бір жерге жібердім. | |
I Sa | Kaz | 21:3 | Ал енді, жүрек жалғайтын неңіз бар? Маған бес таба нан, я болмаса қолыңызда барыңызды беріңізші, — деп өтінді. | |
I Sa | Kaz | 21:4 | — Қазір қолымда бары жай нан емес, Құдайға бағышталған нан ғана. Егер нөкерлерің жақында әйел затынан бойларын аулақ ұстаған болса, онда жей берулеріне болар еді, — деді діни қызметкер. Дәуіт: | |
I Sa | Kaz | 21:5 | — Біз жолға шыққаннан бергі күндері әйел атаулыдан аулақ жүрдік. Нөкерлерім жай жолдарда таза жүреді, ал бүгін олар ерекше тазарған болатын, — деп жауап берді. | |
I Sa | Kaz | 21:6 | Сонда діни қызметкер беретін басқа тамағы болмағандықтан, Жаратқан Иеге ұсынылған нан тартуларын Дәуітке берді. Бұл киелі шатырдағы арнайы үстелге қойылып, кейін жаңадан пісірілген нанмен ауыстырылған, тек діни қызметкерлерге ғана жеуге болатын нан еді. | |
I Sa | Kaz | 21:7 | Сол күні Саулдың малшыларын басқаратын қызметкері де Жаратқан Иеге ғибадат ететін осы жерде тұрған еді. Доиқ есімді, Едом ұлтынан шыққан бұл кісі оқиғаның куәсі болды. | |
I Sa | Kaz | 21:8 | Дәуіт Ахимәліктен:— Сізден бір сүңгі не семсер табылмас па екен? Патшаның тапсырмасы өте жедел, сондықтан семсерімді, басқа да қаруымды алып жатуға уақытым болмады! — деп өтінді. | |
I Sa | Kaz | 21:9 | Діни қызметкер:— Өзің Емен аңғарында көзін құртқан філістір Ғолияттың семсері бар. Әне, діни қызметкердің жеңсіз сырт киімінің ар жағында, қабымен ораулы жатыр. Алам десең, соны ал. Одан басқа бұл жерде семсер жоқ, — деп жауап берді. Дәуіт:— Оған тең келер семсер табылмас, маған соны-ақ бере қойыңыз, — деді. | |
I Sa | Kaz | 21:11 | Уәзірлері Анхұсқа:— Мынау ана елдің патшасы Дәуіт емес пе? Олардың би билеп: «Саул мыңдаған жауын жеңіп жойды, ал Дәуіттің жойғаны он мың болды» деп әндеткені осы адам туралы емес пе еді? — деп шағым айтты. | |
I Sa | Kaz | 21:13 | Сондықтан олардың көз алдында есуас болғансып, қала қақпасының есіктерінің бетін шимайлап, сілекейін сақалына шұбыртып ағызып жүрді. | |
I Sa | Kaz | 21:14 | Анхұс уәзірлеріне: «Қараңдаршы, бұл — есі ауысқан адам! Несіне маған алып келіп отырсыңдар? | |