I SAMUEL
Chapter 8
I Sa | Kaz | 8:1 | Самуил жасы ұлғайып, қартайған шағында өзінің ұлдарын исраилдіктердің билері етіп қойды. | |
I Sa | Kaz | 8:3 | Алайда ұлдары Самуил сияқты тура жолмен жүрмеді. Олар пайдакүнемдікке салынып, пара алып, шындықты бұрмалап үкім шығаратын болды. | |
I Sa | Kaz | 8:5 | одан: «Өзіңіз білесіз, жасыңыз ұлғайды. Ал ұлдарыңыз сіздің жолыңызбен жүрмей келеді. Сондықтан басқа халықтардағыдай бізге де билік айтатын патшамызды тағайындап беріңіз», — деп өтінді. | |
I Sa | Kaz | 8:6 | «Бізге билік айтатын патшамызды тағайындап беріңіз» деген сөздер Самуилге мүлдем ұнамады. Ол Жаратқан Иеге сиынып Оның еркін сұрады. | |
I Sa | Kaz | 8:7 | Сонда Жаратқан Ие оған мынадай жауап берді: «Халықтың айтқандарының бәріне көн. Олар сенен емес, Менен бас тартып, өздеріне патшалық етуіме қарсы шығып тұр. | |
I Sa | Kaz | 8:8 | Мен оларды Мысырдан алып шыққаннан бері Маған адал болмай, бөтен тәңірлерге құлшылық етіп келгендері сияқты, енді саған да солай істеп отыр. | |
I Sa | Kaz | 8:9 | Сонымен, айтқандарына құлақ ас. Бірақ үстерінен билік құратын патшаның еркін оларға мықтап білдірт!» | |
I Sa | Kaz | 8:10 | Самуил Жаратқан Иенің барлық сөздерін өзінен патша тағайындауды сұрап отырған халыққа жеткізіп, | |
I Sa | Kaz | 8:11 | былай деді:— Сендерді басқаратын патшаның мынадай құқықтары болады: патша сендердің ұлдарыңды алып, өзінің соғыс күймелері мен аттарын қаратып қояды. Олар күймелердің алдында жүгіріп отыратын да болады. | |
I Sa | Kaz | 8:12 | Патша ұлдарыңның кейбіреулерін өз жасағына мыңбасылар мен елубасылар етіп тағайындайды, ал басқаларына өзінің жерлерін өңдетіп, егінін орғызып, қару-жарақтар мен соғыс күймелерінің жабдығын жасатып қояды. | |
I Sa | Kaz | 8:14 | Патша сендердің ең жақсы егіндіктеріңді, жүзімдіктеріңді, зәйтүн бақтарыңды тартып алып, өз нөкерлеріне үлестіріп береді. | |
I Sa | Kaz | 8:15 | Ол, сондай-ақ, өздеріңнің егіндіктерің мен жүзім бақтарыңнан жинаған өнімдеріңнің он бөлігінің бірін алып, уәзірлері мен басқа да қызметкерлеріне табыстайды. | |
I Sa | Kaz | 8:16 | Ол ең жақсы құл-күңдеріңді, мүйізді ірі қараларың мен есектеріңді алып, өз жұмысына салады. | |
I Sa | Kaz | 8:17 | Соның үстіне ұсақ малдарыңның он бөлігінің бірін де патшаға алым-салыққа беріп, ақырында өздерің оның құлы болып шыға келесіңдер. | |
I Sa | Kaz | 8:18 | Осы сөздерім жүзеге асқанда, өздерің тілеп алған патшаларыңнан құтқаруды сұрап жалбарынасыңдар. Бірақ Жаратқан Ие сол кезде өтініштеріңе құлақ салмайтын болады! | |
I Sa | Kaz | 8:20 | Сонда біз де басқа халықтар сияқты боламыз. Патшамыз бізге билік жүргізіп, алдымызда бізді бастап жүріп, соғыстарымызды жүргізетін болады, — деп тұрып алды. | |
I Sa | Kaz | 8:21 | Самуил халықтың күллі сөздерін тыңдағаннан кейін, Жаратқан Иеге сиынып бәрін айтып берді. | |