I SAMUEL
Chapter 24
I Sa | Kaz | 24:1 | Дәуіт сол аймақты тастап, Ен-Геди маңындағы елсіз қыраттың қауіпсіз жерлеріне орналасты. | |
I Sa | Kaz | 24:2 | Саул філістірлерді қуып тастап, қайта оралғаннан кейін, «Дәуіт Ен-Гедидің елсіз қыратында жүр» деген хабар алды. | |
I Sa | Kaz | 24:3 | Ол бүкіл Исраилден үш мың таңдаулы жасақшыны жинап, Дәуіт пен оның адамдарын «Жабайы Ешкілер» жартастарының маңынан іздеуге шықты. | |
I Sa | Kaz | 24:4 | Жол жиегіндегі қой қораларының қасында бір үңгір бар екен. Саул түзге отыру үшін соған кірді. Дәл сол үңгірдің түкпірінде Дәуіт пен жігіттері жасырынып отырған еді. | |
I Sa | Kaz | 24:5 | Жігіттері Дәуітке сыбырлап былай деді:— Жаратқан Иенің сізге: «Мен қас жауыңды қолыңа тапсырамын, оған қалағаныңды істе» дегені, міне, бүгін іске асып тұр!Сонда Дәуіт орнынан тұрып, Саулға жақындап барып, білдірмей шапанының бір шетін кесіп қана алды. | |
I Sa | Kaz | 24:7 | Дәуіт серіктеріне қайта оралып:— Жаратқан Ие тағайындаған тақсыр иеме қарсы көтеріліп, оған қол жұмсаудан Құдай сақтасын! Бұл Жаратқан Ие тағайындаған патша ғой! — деп | |
I Sa | Kaz | 24:8 | тыйым салып, олардың Саулға бас салуларына жол бермеді.Саул орнынан тұрып, үңгірден шыққаннан кейін | |
I Sa | Kaz | 24:9 | Дәуіт те үңгірден шығып, Саулдың соңынан:— Уа, патша ием! — деп айқайлады. Саул артына қараған кезде Дәуіт басын жерге дейін иіп тағзым етіп, | |
I Sa | Kaz | 24:10 | Саулға: — Біреулердің «Дәуіт сізге қастық ойлап жүр» дегендеріне неге сенесіз? — деп дауыстады. — | |
I Sa | Kaz | 24:11 | Үңгірде болғаныңызда Жаратқан Ие сізді қолыма тапсырып-ақ еді, соған енді көз жеткізе аласыз. Маған «Көзін құртыңыз!» деді, бірақ мен: «Тақсыр иеме қол жұмсамаймын, ол Жаратқан Иенің тағайындаған патшасы ғой!» деп, сізге жаным ашыды. | |
I Sa | Kaz | 24:12 | Қараңызшы, әке, шапаныңыздың бір шеті, міне, менің қолымда! Оны жаңа ғана шапаныңыздан кесіп алдым, бірақ өзіңізді өлтірмедім. Содан менің сізге ешқандай қастық не бүлік жасамағанымды біліп алыңыз.Сізге істеген ешбір жамандығым жоқ, ал өзіңіз қалайда жанымды алу үшін артымнан қалмай жүрсіз. | |
I Sa | Kaz | 24:13 | Екеуіміздің арамызда Жаратқан Ие төрелік етсін! Істеген істеріңізге қарай Жаратқан Иенің Өзі сізді жазаламақ. Бірақ мен сізге қолымның ұшын да тигізбеймін. | |
I Sa | Kaz | 24:14 | Ата-бабамыз: «Зұлымдықты зұлымдар жасар» деп мақалдап айтып кеткен емес пе? Сондықтан мен сізге қолымның ұшын да тигізбеймін! | |
I Sa | Kaz | 24:15 | Исраил елінің патшасы кімге қарсы аттанды? Сіз кімді қуып жүрсіз? Бір иттің өлімтігін яки титтей бүргені емес пе? | |
I Sa | Kaz | 24:16 | Жаратқан Ие төреміз болып арамыздағы дауды шешіп берсін! Оның Өзі ісімді қарап, қорғап, мені қолыңызға түсірмей, ақтап шығара көрсін! — деді. | |
I Sa | Kaz | 24:17 | Дәуіт осы сөздерді айтып болғанда, Саул:— Дәуіт, балам-ау, бұл сен бе едің? — деп дауыс көтере сұрап, егіле жылады. | |
I Sa | Kaz | 24:18 | Содан кейін ол: — Сен менен әлдеқайда әділсің! Өзіңе істеген зұлымдықтарыма жақсылықпен жауап қайтардың. | |
I Sa | Kaz | 24:19 | Сен бүгін де маған жақсылық жасап, соныңды ісіңмен дәлелдедің. Жаратқан Ие қолыңа беріп тұрғанның өзінде, сен мені өлтірмедің! | |
I Sa | Kaz | 24:20 | Қас жауы қолына түскен қандай адам оны аман-есен жібере салады? Маған бүгін істегеніңді Жаратқан Ие саған да жақсылықпен қайтара көрсін! | |
I Sa | Kaz | 24:21 | Сенің шүбәсіз патшалық құрып, Исраил патшалығының билігі қолыңда берік болатынын енді білдім. | |
I Sa | Kaz | 24:22 | Ал қазір менен кейінгі ұрпақтарымды құртпауға, әрі әкемнің әулетінің ішінде есімімді өшірмеуге маған Жаратқан Иенің алдында ант бер! — деді. | |