Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
II CHRONICLES
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 5
II C Kaz 5:1  Сонымен Сүлеймен Жаратқан Иенің киелі үйіне байланысты барлық жұмыстарды тамамдады. Мұнан кейін ол әкесі Дәуіттің Құдайға бағыштап дайындап кеткен нәрселерін де: күміс, алтын және түрлі бұйымдар мен жиһаздардың бәрін Құдайдың үйінің қазынасына апарып, сонда сақтап қойды.
II C Kaz 5:2  Сүлеймен Жаратқан Иенің Келісім сандығын Сион төбесіндегі Дәуіттің шаһарынан киелі үйге көшіруге арналған салтанатқа қатысуға Исраил халқының ақсақалдарын, барлық рубасылары мен әулет басшыларын Иерусалимге шақырды.
II C Kaz 5:3  Бүкіл Исраилдің адамдары жетінші айдағы Күркелер мейрамының кезінде патшаның қасына жиналды.
II C Kaz 5:4  Елдің барлық ақсақалдары жиналғаннан кейін леуіліктер Келісім сандығын тұрған орнынан көтеріп алып кетті.
II C Kaz 5:5  Олар Келісім сандығымен бірге киелі шатырды және соның ішіндегі барлық жиһаз-жабдықтарды да көтеріп алып, жаңа ғибадатханаға қарай өрлеп бара жатты. Бұларды діни қызметкерлер мен өзге леуіліктер алып жүрді.
II C Kaz 5:6  Сүлеймен патша мен қасына жиналған күллі исраилдіктер Келісім сандығының алдында ешкім санап шыға алмайтындай көптеген қой-ешкі мен мүйізді ірі қара малдарды құрбандыққа шалып ұсынды.
II C Kaz 5:7  Осылайша діни қызметкерлер Жаратқан Иенің Келісім сандығын киелі үйдің ең қасиетті бөлмесіндегі өз орнына — екі керуб мүсінінің қанаттарының астына алып барып, орналастырды.
II C Kaz 5:8  Екі керуб мүсіні Келісім сандығы тұратын орынның үстінен қанаттарын жайып, Келісім сандығының өзін және оны көтеріп алып жүру үшін сандыққа бекітілген сырықтарын жауып тұрды.
II C Kaz 5:9  Сырықтардың ұзын болғаны сонша, олардың ұштары ең қасиетті бөлменің алдынан көрініп тұратын еді. Алайда киелі үйдің сыртынан оларды ешкім көре алмайтын. Сырықтар әлі күнге дейін сонда.
II C Kaz 5:10  Келісім сандығының ішінде Мұса пайғамбар Хориб тауында салған екі тас тақташа ғана болды. Жаратқан Ие сол жерде Мысырдан көшіп шыққан исраилдіктермен Келісім жасасқан еді.
II C Kaz 5:11  Мұнан кейін діни қызметкерлер киелі үйден шықты. Барлық діни қызметкерлер топтарының кезегіне қарамай-ақ өздерін Құдайдың қызметіне арнап, тазару рәсімінен өтіп, дайындалып алған болатын.
II C Kaz 5:12  Ақ бәтестен тігілген киім киіп алып, құрбандық үстелінің шығыс жағында тұрған барлық леуілік әнші-күйшілер: Асап, Хеман және Едутун өз ұлдары және бауырластарымен бірге даңғыра, жетіген мен шертерде ойнап, жүз жиырма діни қызметкер де кернейлерін тартып жатты.
II C Kaz 5:13  Кернейшілер мен әнші-күйшілер бірігіп бір дауыспен Жаратқан Иені мадақтап, Оған шүкірлік айтты. Олар даңғыра, жетіген және шертердің сүйемелдеуімен ән-жыр айтып Жаратқан Иені былай деп дәріптеді: «Жаратқан Иеміз сондай ізгі, Мәңгі ұласады Оның мейірімі!»Сонда киелі үй Жаратқан Иенің бұлт іспетті нұрлы салтанатына кенелді.
II C Kaz 5:14  Діни қызметкерлер енді сол жерде тұрып, міндеттерін орындай алмады, себебі Құдайдың киелі үйі Жаратқан Иенің нұрлы салтанатына кенелген болатын.