II CHRONICLES
Chapter 21
II C | Kaz | 21:1 | Жосапат көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті олардың жанына Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Оның ұлы Жорам орнын басып патша болды. | |
II C | Kaz | 21:2 | Жорамның туған інілері Азариях, Ехиел, Зәкәрия, Азарияху, Михайл, Шафатиях еді; бұлардың бәрі Яһуда патшасы Жосапаттың ұлдары болатын. | |
II C | Kaz | 21:3 | Жосапат көзі тірісінде оларға мол алтын-күміс пен құнды дүние-мүлік сыйлап, оның үстіне Яһудадағы бірнеше бекіністі қалаларды да енші ретінде берген еді. Ал Жорам тұңғышы болғандықтан, әкесі патшалықты оған қалдырып кетті. | |
II C | Kaz | 21:4 | Бірақ Жорам әкесінің орнына патшалық құрып, жағдайын нығайтып алғаннан кейін, барлық інілерін және Исраилдің бірсыпыра әміршілерін семсермен өлтіріп тастады. | |
II C | Kaz | 21:5 | Жорам Яһуда елінің патшасы болған кезде жасы отыз екіде еді. Ол Иерусалимде сегіз жыл билік жүргізді. | |
II C | Kaz | 21:6 | Ахабтың әулеті сияқты, Жорам да Солтүстік Исраилдің патшаларының теріс жолымен жүрді, себебі оның әйелі Ахабтың қызы болатын. Содан Жорам Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. | |
II C | Kaz | 21:7 | Сонда да Жаратқан Ие Өзінің Дәуітпен жасаған Келісіміне бола Дәуіттің әулетін жоюды қаламады. Ол Дәуітке және оның келешек ұрпақтарына ұдайы (патшалық құрып) шам-шырақ іспетті нұр шашуға мүмкіндік беру жайлы уәде еткен болатын. | |
II C | Kaz | 21:8 | Жорамның заманында Едом халқы Яһуда патшалығының үстемдігіне қарсы бас көтеріп, өздеріне патша тағайындап алды. | |
II C | Kaz | 21:9 | Сонда Жорам өзінің қолбасшыларымен, барлық соғыс күймелерімен шекарадан өтіп оларға қарсы аттанды. Бірақ едомдықтар оның өзін және соғыс күймелерінің айдаушыларын қоршап алды. Олар түнде тұрып, едомдықтардың қоршауын бұзып шығып, құтылды. | |
II C | Kaz | 21:10 | Содан бері Едом халқы осы күнге дейін Яһуданың үстемдігіне қарсы бас көтеріп келеді. Сол кезде (філістір елінің шекарасындағы) Либна қаласы да Жорамның билігіне қарсы шықты.Жорам ата-бабаларының сиынған Құдайы Жаратқан Иеден бас тартқандықтан осы оқиғалар болды. | |
II C | Kaz | 21:11 | Жорам мұнымен ғана қоймай, Яһуданың таулы аймағындағы биіктеу жерлерде табыну орындарын тұрғызып, соларда Иерусалимнің тұрғындарын және Яһуданың халқын жалған тәңірлерге беріліп, азғындыққа жетеледі. | |
II C | Kaz | 21:12 | Жорамға Ілияс пайғамбардан хат келді. Онда былай деп жазылған болатын: «Түп атаңыз Дәуіттің сиынған Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Сен әкең Жосапат және атаң — Яһуда патшасы Аса іспетті Менің жолыммен жүрген жоқсың. | |
II C | Kaz | 21:13 | Керісінше, Солтүстік Исраилдің патшаларының теріс жолымен жүріп келесің. Ахабтың әулеті Солтүстік Исраилдің халқын азғырғандай, сен де Яһуда мен Иерусалимнің халқын азғындыққа жетеледің. Оның үстіне өзіңнің бір әкеден туған, сенен ізгі болған інілеріңді өлтіріп тастадың. | |
II C | Kaz | 21:14 | Сондықтан Жаратқан Ие сенің халқыңа, балаларыңа, әйелдеріңе және барлық дүние-мүлкіңе зор апат жіберетін болады. | |
II C | Kaz | 21:15 | Өзің жаман ішек ауруына шалдығасың. Осы ауруың күн сайын асқынып, соңында ішектерің денеңнен шығып қалады!» | |
II C | Kaz | 21:16 | Мұнан кейін Жаратқан Ие Жорамға қарсы філістірлердің және құштықтармен шекараласқан арабтардың ашу-ызасын туғызды. | |
II C | Kaz | 21:17 | Олар Яһудаға шабуыл жасап, елге басып кірді де, патшаның сарайынан тапқан қымбат дүние-мүліктің бәрін де, оның балалары мен әйелдерін де алып кетті. Тек Жорамның Охозиях есімді кенже ұлы ғана өзінде қалды. | |
II C | Kaz | 21:18 | Осы күллі оқиғалардан соң Жаратқан Ие Жорамның ішектеріне жазылмайтын бір ауру жіберді. | |
II C | Kaz | 21:19 | Біраз уақыттан кейін, толық екі жыл өткенде, оның ішектері түгелімен денесінің сыртына шығып, ол қатты қиналып жан тапсырды. Оның ата-бабалары қабірге қойылған кезде олардың құрметіне от жағу рәсімі жасалатын. Бірақ Жорамның құрметіне сол рәсім жасалған жоқ. | |