II CHRONICLES
Chapter 17
II C | Kaz | 17:1 | Асаның ұлы Жосапат оның орнын басып Яһудаға патшалық құрды. Жосапат өзінің Солтүстік Исраилдің алдындағы жағдайын күшейту мақсатымен | |
II C | Kaz | 17:2 | Яһуданың қамалды қалаларында әскери бөлімдерді орналастырды. Патша бүкіл Яһуда жерінде, сондай-ақ, әкесі Аса кезінде Ефрем руының жерінен басып алған қалаларда да өз қарауылдарын қойды. | |
II C | Kaz | 17:3 | Ежелде арғы атасы Дәуіт жүрген тура жолдан Жосапат та таймағандықтан, Жаратқан Ие оған жар болды. Жосапат Бағал есімді тәңірсымақтың мүсіндеріне емес, | |
II C | Kaz | 17:4 | марқұм әкесінің сиынған Құдайына бет бұрып мойынсұнды. Осылай патша Жаратқан Иенің өсиеттерін орындап, Солтүстік Исраил халқының зұлым іс-әрекеттерін істеген жоқ. | |
II C | Kaz | 17:5 | Содан Жаратқан Ие Жосапаттың қолындағы патшалық билікті нығайтып, бүкіл Яһуда елі оған сыйлықтар алып келіп тұрды. Осылайша патша мол дәулет пен зор атақ-даңққа ие болды. | |
II C | Kaz | 17:6 | Патша шын жүректен Жаратқан Иеге бағышталған еді. Содан ол Яһуданың биіктеу жерлеріндегі жалған тәңірлерге табыну орындарын да, Ашераға арналған ағаш бағаналарды да қиратып алып тастады. | |
II C | Kaz | 17:7 | Патшалық құрған үшінші жылы Жосапат бірнеше лауазымды қызметкерлерін халыққа тәлім беру үшін Яһуда елінің қалаларына жіберді. Сол қызметкерлердің есімдері Бенхаил, Абадиях, Зәкәрия, Нетанел, Миқая еді. | |
II C | Kaz | 17:8 | Патша бұларға қоса Шемаях, Нетаниях, Забадиях, Асахил, Шемирамот, Ехонатан, Адониях, Тобиях, Тоб-Адониях есімді леуіліктерді де, Әлишама мен Жорам есімді діни қызметкерлерді де жолдады. | |
II C | Kaz | 17:9 | Жіберілгендер Жаратқан Иенің Таурат заңының кітабын алып, Яһуда елінде солардан тәлім бере бастады. Осылайша олар бүкіл Яһуда елін аралап, халыққа Таураттағы ережелерді үйретіп шықты. | |
II C | Kaz | 17:10 | Жаратқан Иенің Өзі Яһуданың айналасындағы елдердің бәріне үрей төндіргендіктен, Жосапатпен соғысуға олардың дәті бармады. | |
II C | Kaz | 17:11 | Қайта, бірсыпыра філістірлер Жосапат патшаға сыйлықтар және алым-салық ретінде күміс әкеліп, табыстап отырды. Көшпенді араб тайпалары да отарларынан жеті мың жеті жүз қошқар мен жеті мың жеті жүз серке айдап әкеліп беретін. | |
II C | Kaz | 17:12 | Күш-қуаты барған сайын өсе берген Жосапат Яһудада қорғандар және азық-түлік пен қару-жарақ қорлары сақталатын қалалар салғызды. | |
II C | Kaz | 17:13 | Осылайша ол Яһуданың қалаларына керек-жарақтың мол қорын жинап қойды. Оның мықты да ержүрек жасақшылары Иерусалимде тұрды. | |
II C | Kaz | 17:14 | Олардың әулеттері бойынша тізімі мынау:Мыңбасылардың қарамағында Яһуда руынан шыққан үш жүз мың мықты жауынгер болды. Оларды бастайтын қолбасшы Адна еді. | |
II C | Kaz | 17:16 | Содан кейінгі қолбасшы: өзін Жаратқан Иеге бағыштаған Зіхри ұлы Амасиях. Ол екі жүз мың мықты жауынгерге басшылық етті. | |
II C | Kaz | 17:17 | Күшті де батыл қолбасшы Әлияданың қарамағында Бунямин руынан шыққан, садақ, қалқанмен қаруланған екі жүз мың сарбаз болды. | |
II C | Kaz | 17:18 | Одан кейінгі қолбасшы Ехозабад соғысқа жабдықталған бір жүз сексен мың сарбазды бастады. | |