Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
II CHRONICLES
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 29
II C Kaz 29:1  Езекия патша болған кезде жасы жиырма бесте еді. Ол Иерусалимде жиырма тоғыз жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні Зәкәрия қызы Әбия болатын.
II C Kaz 29:2  Езекия түп атасы Дәуіт істегендей Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеді.
II C Kaz 29:3  Патшалық құруының бірінші жылының бірінші айында Езекия Жаратқан Иенің киелі үйінің есіктерін ашып, оларды жөндетті.
II C Kaz 29:4  Содан ол діни қызметкерлер мен леуіліктерді шақыртып, киелі үйдің шығыс жағындағы алаңға жинап алып,
II C Kaz 29:5  оларға былай деп тіл қатты:— Уа, леуіліктер, сөзіме құлақ салыңдар! Ата-бабаларыңның сиынған Құдайы Жаратқан Иеге бағышталып тазару рәсімінен өтіңдер. Содан кейін Оның ғибадатханасын тазартыңдар. Осы киелі орынды арамдайтын нәрселердің бәрін де шығарып тастаңдар!
II C Kaz 29:6  Біздің аталарымыз опасыздық жасап, Құдайымыз Жаратқан Иеден бас тартып, Оған жек көрінішті істер істеді. Олар Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағынан беттерін бұрып, безіп кетті.
II C Kaz 29:7  Аталарымыз осы ғибадатхананың кіреберісінің есіктерін бекітіп тастап, іштегі шамдарды сөндіріп, Исраилдің Құдайының киелі орнында хош иісті заттарды түтетпей, шалынып, өртелетін құрбандықтарды да ұсынбай қойды.
II C Kaz 29:8  Сол себепті Жаратқан Ие Яһуда мен Иерусалимге қаһарланды. Өз көздеріңмен көріп тұрғандай, Иеміз оларды қорқынышты көрініске айналдырып, басқа халықтардың ысқырып табалауына қалдырды.
II C Kaz 29:9  Қараңдаршы, сол үшін қарияларымыз семсер жүзінен қаза тауып, ұл-қыздарымыз бен әйелдеріміз тұтқында жүр!
II C Kaz 29:10  Ал енді, Исраилдің сиынған Құдайы Жаратқан Ие бізге мейірімін көрсетіп, ашуын басуы үшін Онымен Келісім жасаспақ ниетім бар.
II C Kaz 29:11  Уа, халайық, міндеттеріңе немқұрайды қарамаңдар! Жаратқан Ие сендерді Өзінің алдында тұрып құрбандықтар мен сый-тартулар ұсынатын қызметкерлер болуға таңдап алған еді.
II C Kaz 29:12  Сонда мына леуіліктер алға шықты: Қахат ұрпақтарынан Амасай ұлы Махат, Азариях ұлы Жоел, Мерари ұрпақтарынан Ғабди ұлы Қиш, Ехәлелел ұлы Азариях; Герсон ұрпақтарынан Зиммах ұлы Жоғах, Жоғах ұлы Ғадан;
II C Kaz 29:13  Елісапан ұрпақтарынан Шимри мен Еиел; Асаф ұрпақтарынан Зәкәрия мен Маттаниях;
II C Kaz 29:14  Хеман ұрпақтарынан Ехиел мен Шимей, Едутун ұрпақтарынан Шемаях пен Ұзиел.
II C Kaz 29:15  Олар бауырларын жинап алып, бәрі тазару рәсімінен өтті. Бұдан кейін патша әмір еткендей, Жаратқан Иенің еркіне сай Оның ғибадатханасын тазартуға кірісті.
II C Kaz 29:16  Діни қызметкерлер Жаратқан Иенің киелі үйін тазарту үшін оның ішіне кірді. Олар ғибадатханадан тапқан арам нәрселердің барлығын оның ауласына шығарды. Леуіліктер соларды көтеріп алып, (қаланың сыртындағы) Қидрон сайына апарып тастады.
II C Kaz 29:17  Олар тазарту жұмысын көктемде, бірінші айдың бірінші күні, бастап, сол айдың сегізінші күні Жаратқан Иенің киелі үйінің кіреберісіне енді. Діни қызметкерлер сегіз күн бойы қасиетті бөлмені тазартып, бірінші айдың он алтыншы күні жұмыстарын аяқтады.
II C Kaz 29:18  Содан соң олар патшаға:— Біз Жаратқан Иенің киелі үйін, шалынған құрбандықтарды өртейтін үстелді және оған қажетті барлық құрал-саймандарын, нан тартулары қойылатын үстелді әрі оның барлық ыдыс-аяқтарын түгелдей тазартып шықтық.
II C Kaz 29:19  Ахаз патша билік жүргізген кезінде Құдайға опасыздық жасап, менсінбей аяқасты еткен бұйымдарды қайтадан дайындап, тазарттық. Олар енді Жаратқан Иенің құрбандық үстелінің жанында тұр, — деп есеп берді.
II C Kaz 29:20  Ертеңіне Езекия патша ерте тұрып, қаланың барлық әкімдерін Жаратқан Иенің үйіне ертіп алып келді.
II C Kaz 29:21  Патшалық әулет пен Яһуда халқының күнәларын өтеп, киелі үйді күнәдан арылту үшін олар сол жерге жеті-жетіден жас бұқа, қошқар, тоқты, текелер ала келді. Патша Һароннан тараған діни қызметкерлерге оларды құрбандыққа шалып, Жаратқан Иеге бағышталған құрбандық үстелінде өртеп ұсынуға бұйырды.
II C Kaz 29:22  Алдымен жас бұқалар құрбандыққа шалынды. Діни қызметкерлер солардың қанын құрбандық үстеліне бүркіп шашты. Мұнан соң қошқарлар, кейін тоқтылар шалынып, олардың да қаны құрбандық үстеліне себілді.
II C Kaz 29:23  Осыны бітірген соң діни қызметкерлер күнәні өтеу құрбандығы етіп шалмас бұрын текелерді патша мен бүкіл жамағаттың алдына алып келді. Олар текелердің үстеріне қолдарын қойды.
II C Kaz 29:24  Діни қызметкерлер текелерді шалып, қанын бүкіл Исраил халқын күнәларының арамдығынан тазарту үшін құрбандық үстеліне бүркіп шашты. Себебі шалынып, өртелетін және күнәнің құнын өтейтін құрбандықтар бүкіл Исраил елі үшін ұсынылсын деп патша алдын ала бұйырып қойған болатын.
II C Kaz 29:25  Ол леуіліктерге даңғыра, шертер, жетіген аспаптарын беріп, оларды Жаратқан Иенің ғибадатханасына тұрғызып қойды. Езекияның бұл істегені Дәуіт патшаның берген нұсқауларына, әрі Дәуітке Құдайдың хабарын жеткізген Ғад пен Натан пайғамбарлардың Жаратқан Иеден алған нұсқауларына сай болды.
II C Kaz 29:26  Осылайша леуіліктер Дәуіттің саз аспаптарын, ал діни қызметкерлер кернейлерін ұстап тұрды.
II C Kaz 29:27  Мұнан кейін Езекия Тәңір Иеге арнап тағы басқа да құрбандықтар шалынып, өртелсін деп бұйырды. Олар құрбандық үстелінде өртеле бастаған кезде халық Жаратқан Иеге арналған мадақтау жырларын айта бастады. Исраил патшасы Дәуіттің жасатқан сазды аспаптары және кернейлер де тартылып жатты.
II C Kaz 29:28  Құрбандықтар шалынып, өртеліп біткенше, жиналған бүкіл халық ғибадат етіп, әншілер мадақтау жырларын шырқап, кернейшілер кернейлерін тартып тұрды.
II C Kaz 29:29  Құрбандықтар өртеліп ұсынылған соң патша мен қасындағы жамағаттың барлығы Жаратқан Иенің алдында иіліп, Оған ғибадат етті.
II C Kaz 29:30  Езекия патша және оның әміршілері леуіліктерге: «Дәуіт пен Асаф пайғамбар жазып қалдырған жырларымен Жаратқан Иені мадақтай беріңдер!» — деп бұйырған еді. Олар Жаратқан Иеге шаттана мадақтау жырларын айтып, бастарын иіп ғибадат етті.
II C Kaz 29:31  Содан соң Езекия халыққа қарап: «Енді сендер Жаратқан Иеге бағышталдыңдар. Қазір Оның киелі үйіне жақындап, құрбандықтар шалып, шүкірлік білдіретін сый-тартуларыңды алып келіңдер!» — деді. Мұны естіп, бүкіл жамағат құрбандықтар мен сый-тартулар алып келді. Бұларға қоса халайық өз жүрек қалауларына сай шалынып, өртелетін құрбандықтар да ұсынды.
II C Kaz 29:32  Олардың Жаратқан Иеге арнап шалынып, өртелуге әкелген құрбандықтарының жалпы саны жетпіс сиыр, жүз қошқар, екі жүз тоқты болды.
II C Kaz 29:33  Бұлардан басқа тағы да алты жүз бұқа мен үш мың қой-ешкі Құдайға бағышталды.
II C Kaz 29:34  Ал діни қызметкерлер аз болып, олар шалынып, өртелетін құрбандықтардың терілерін сыдырып үлгіре алмады. Сондықтан басқа діни қызметкерлер тазару рәсімінен өтіп болғанға дейін, рулас бауырлары, леуілік қызметшілер, оларға жұмыстарын бітіргенше көмектесе тұрды. Бұлар тазару рәсімінен өтуге діни қызметкерлерден гөрі көбірек көңіл бөлетін еді.
II C Kaz 29:35  Сонымен ағыл-тегіл мол құрбандықтар шалынып, үстеріне арнайы сұйық тартулар құйылып, өртелді. Ризашылық құрбандықтарының майлы бөліктері де өртеліп ұсынылды.Осылай Жаратқан Иенің киелі үйінің қызметі қайтадан қалпына келтірілді.
II C Kaz 29:36  Құдайдың өз халқы үшін жасағандарына Езекия мен бүкіл жұрт қатты қуанды. Себебі бұлардың бәрі күтпеген жерден тез жүзеге асқан еді.