II CORINTHIANS
Chapter 12
II C | Kaz | 12:1 | Түбі пайдалы болмаса да, мақтануым қажет; енді Иеміздің маған көрсеткен аяндары мен ашқан құпияларына тоқталайын. | |
II C | Kaz | 12:2 | Мәсіхпен тығыз байланыстағы біреуді танимын; оны он төрт жыл бұрын кенет «көктің ең биігіне» көтеріп әкетті. Оның рухы көкке апарылды, ал тәнінде ме, әлде тәнсіз бе, о жағы маған емес, Құдайға ғана аян. | |
II C | Kaz | 12:3 | Сол кісінің жұмаққа апарылғанын дәл білемін; тек оның тәнсіз, не тәнінде барғаны маған емес, жалғыз Құдайға ғана анық. | |
II C | Kaz | 12:4 | Сонда ол адам тілімен айтуға келмейтін, әрі басқаларға әңгімелеуге тыйым салынған сөздерді естіді. | |
II C | Kaz | 12:5 | Сол ғажап оқиғаны мақтан ете аламын. Ал жеке басым туралы жалғыз күшсіздігімнен өзге ештеңемен мақтанбаймын. | |
II C | Kaz | 12:6 | Дегенмен мақтанғым келген күнде де ақымақ болмас едім, өйткені нағыз шындықты айтамын. Алайда мен туралы аса жоғары пікірде болмауларың үшін содан бас тарттым. Одан да өзімнен көріп-естігендеріңе сай ғана мені бағалаңдар! | |
II C | Kaz | 12:7 | Өзіме ашылған құпиялардың төтенше ұлылығына байланысты кеуде көтермеуім үшін, тәніме «шаншылып түйрелу азабы» бұйырылды: шайтанның хабаршысы мені соғып қинайды. Бұл мені өркөкіректеніп кетуден сақтамақ. | |
II C | Kaz | 12:9 | Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын. | |
II C | Kaz | 12:10 | Сонымен, басымнан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық өткізгенде Мәсіхке бола ризамын. Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін. | |
II C | Kaz | 12:11 | Мақтанып ақымақтай көріндім, мені соған мәжбүр еттіңдер. Ал сендер мені мадақтауға тиісті едіңдер, өйткені сол бір «озат елшілермен» салыстырғанда ешқандай кемшілігім жоқ қой. Дегенмен жеке басым өздігінен түк те емес. | |
II C | Kaz | 12:12 | Құдайдың шынайы елшісі екенімді көрсететін белгілер, яғни ғажап кереметтер мен құдіретті істер, үлкен төзімділікпен көз алдарыңда орындалды. | |
II C | Kaz | 12:13 | Басқа қауымдарға қарағанда сендерге не жетіспейді, тек менің сендерге ауыртпалық түсірмегенім болмаса?! Мұнымды айыпқа бұйыра көрмеңдер. | |
II C | Kaz | 12:14 | Ендеше сендерге үшінші рет бармақшымын, бірақ ешқандай ауыртпалық түсірмеймін. Маған дүние-мүліктерің емес, өздерің қымбатсыңдар. Балалары ата-анасы үшін емес, ата-анасы балалары үшін енші жинауға тиіс қой. | |
II C | Kaz | 12:15 | Осылайша мен рухани игіліктеріңе бола қолымдағы барымды қуана жұмсап, өзімді де еш аямаймын. Сендерді неғұрлым артық көрген сайын мені анағұрлым аз сүйсеңдер де, солай істей беремін. | |
II C | Kaz | 12:16 | Қалай болған күнде де өздеріңе ауыртпалық түсірмедім. Дегенмен қу болғандықтан сендерден айлакерлікпен амалымды асырып кеттім (дейсіңдер ме)? | |
II C | Kaz | 12:18 | Титтен сендерге баруын өтініп, онымен бірге бауырластардың біреуін жібердім. Тит те өздеріңді пайдаланған жоқ, солай емес пе? Екеуіміз бірдей рухпен әрекет жасап, бір жолмен келеміз ғой. | |
II C | Kaz | 12:19 | Өзімізді сендердің алдарыңда ақтауға тырысамыз деп әлі де ойлайсыңдар ма? Жоқ, біз Құдай алдында, Мәсіхпен тығыз байланыста тұрамыз. Істегендеріміздің бәрі де, сүйікті бауырластар, сенімдеріңнің нығаюына арналған. | |
II C | Kaz | 12:20 | Сендерге барған кезімде қалаған жағдайда болмайсыңдар ма деп қамығамын, онда мен де өздерің қалағандай бола алмаймын. Араларыңда айтыс-керіс, қызғаныш, ашу-ыза, жікке бөліну, жала жабу, өсек-аяң, менмендік және тәртіпсіздік жайылуы мүмкін деп уайымдаймын. | |