SONG OF SOLOMON
Chapter 8
Song | Kaz | 8:1 | (Жас келін:)Сен анамның ақ төсін еміп өскенБірге туған бауырым болсаң екен!Кездестіріп далада сонда сені,Өбіп алсам, жұрт сөкпес еді мені. | |
Song | Kaz | 8:2 | Тәрбиелеп мені өсірген шешемніңҮйіне сені ертіп келер едім,Саған дәмдеуіш қосқан шарабымМен анар шырынын татқызар едім. | |
Song | Kaz | 8:4 | Иерусалим қыздары, сендерден өтінемін:Махабатты қоздырып оятпаңдар, жетілсінӨзіне ұнаған дәл мезгіліне дейін!(Құрбылары:) | |
Song | Kaz | 8:5 | Сүйіктісіне сүйене айдаладанКім екен мынау өрлеп келе жатқан?(Жас келін:)Мен сені алма ағашының астында,Анаң саған жүкті болған орнында,Толғатып, сені туған жердің маңындаҚоздырып ұйқыдан оятып алдым да. | |
Song | Kaz | 8:6 | Жүрегіңнің үстіне мені мөрдей тақшы,Мөрлі білезіктей білегіңе салшы!Өйткені махаббат өлімдей қуатты,Құлшынысы оның ажалдай қатты!Ол өз отын найзағайдай шашады,Лапылдап өрт жалынындай жанады. | |
Song | Kaz | 8:7 | Мол су да махаббатты өшіре алмас,Тасыған өзен оны батыра алмас.Бір адам өз үйінің бар байлығынҰсынғанмен сүйіспеншілік үшін,Мүлдем менсінбес еді ешкім онысын!(Құрбылары:) | |
Song | Kaz | 8:8 | Кенже туған қарындасымыз бар біздің,Әлі де жетілмеген денесі қыздың,Айттырылып қойған күнінде оныңНе істерміз игілігіне қарындастың? | |
Song | Kaz | 8:9 | Егер берік қабырғадай болса, бізКүмістен оған бекініс саламыз.Ал егер есіктей ашық болса, бізСамырсын тақтаймен жауып тастаймыз.(Жас келін:) | |
Song | Kaz | 8:10 | Өзім берік қабырғаға ұқсаймын,Һәм мұнарадай тіп-тік қос анарым.Содан оның көзінде кемелді болдым. | |
Song | Kaz | 8:11 | Бағал-Хамонда Сүлейменнің жүзімдігі болған,Соны бағуды бағбандарға тапсырған.Әрқайсысы соның жемісі үшінМың мысқал күмістен төлеп берсін. | |
Song | Kaz | 8:12 | Менің «жүзімдігімді» кімге берсем,Мұны мен өзім біліп, өзім шешем.Мың мысқал, уа, Сүлеймен, сіздікі болсын,Ал екі жүз — жемісін өсіргендерге оның.(Күйеу:) | |
Song | Kaz | 8:13 | Уа, бау-бақшада отырған жеріңненДос қыздарың естіп тұр даусыңды сенің,Енді маған да оны естіртсең екен!(Жас келін:) | |