Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
II TIMOTHY
1 2 3 4
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 4
II T Kaz 4:1  Құдай (Әке) алдында және қайтып келіп көрініп, Патшалық құрғанда тіріні де, өлгенді де соттайтын Иса Мәсіх алдында саған мықтап ескертемін:
II T Kaz 4:2  Құдайдың сөзін уағызда! Мұны адамдарға ұнауы, ұнамауына қарамастан әрдайым орындауға табандылықпен ұмтыл. Олардың қателерін әшкерелеп, тыйым сал, әрі жақсылыққа жігерлендіре тұрып, зор сабырлылықпен тәлім бер!
II T Kaz 4:3  Себебі адамдар дұрыс тәлімді еш қабылдамайтын уақыт та туады. Олар жеке құмарлықтарының жетегінде кетіп, құлақтарына жағатындарды ғана айтатын тәлім берушілерді көптеп шақырып, соларды тыңдайтын болады.
II T Kaz 4:4  Осылай олар шындыққа құлақ салмай, бос аңыздарға назар аудармақ.
II T Kaz 4:5  Ал сен әрдайым қырағы, азапқа төзімді бол! Ізгі хабарды уағыздаушының міндетін атқарып, қызметіңді орындай бер!
II T Kaz 4:6  Менің қаным төгіліп құрбан болып, бұ дүниеден аттанатын кезім таяп қалды.
II T Kaz 4:7  Мен «ізгі күреске» қатысып болдым, «жарыста жүгіріп, мәреге жеттім», сенімімді сақтап қалдым.
II T Kaz 4:8  Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» — «әділдіктің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші — Иеміз бермек. Ол тек маған ғана емес, Оның қайта оралып, анық көрінуін сүйіспеншілікпен күткендердің бәріне де сол «жүлдені» сыйлайды.
II T Kaz 4:9  Маған тезірек келуге тырыс.
II T Kaz 4:10  Себебі Димас осы күнәкар дүниені жақсы көріп, мені тастап, Салониқа қаласына кетті. Кіріскент Ғалатияға, ал Тит Далматияға аттанды.
II T Kaz 4:11  Жалғыз Лұқа ғана қасымда. Марқаны тауып бірге ала кел, өйткені ол қызметіме пайдалы болмақ.
II T Kaz 4:12  Түхікті Ефеске жібердім.
II T Kaz 4:13  Троадада Қарпостың үйіне тастап кеткен шапанымды, сондай-ақ, шиыршық кітаптарымды да ала кел, әсіресе, жарғаққа жазылғандарын.
II T Kaz 4:14  Мыс шебері Ескендір маған көп жамандық жасады. Иеміздің Өзі оған істегендеріне лайықтысын қайтарар.
II T Kaz 4:15  Ескендір айтқандарымызға тым қарсы шықты, сен де одан сақтанып жүр.
II T Kaz 4:16  Алғашқы тергеліп, жауапталған кезімде қасымда жақтаған ешкім болмады, қайта, бәрі мені тастап кетті. Құдай олардың мұнысын мойындарына артпай-ақ қойсын!
II T Kaz 4:17  Алайда Иеміз маған жар болып, әр ұлттық адамдардың естуі үшін Ізгі хабарды толықтай жариялауға күш-қуат беріп, мені арыстанның аранынан құтқарғандай, өлімнен аман алып қалды.
II T Kaz 4:18  Иеміз мені болашақта да жамандық атаулыдан сақтап, Өзінің көктегі Патшалығына апармақ. Оның ұлылығы мәңгі мадақтала берсін! Аумин.
II T Kaz 4:19  Прискила мен Ақилаға, сондай-ақ Онисыфордың үй ішіне сәлем айт.
II T Kaz 4:20  Ераст Қорынт қаласында қалды, Трофимды ауырғандықтан Мілит қаласында қалдырдым.
II T Kaz 4:21  Қыс түспей келуге тырыс. Еубұл, Пұд, Лин, Клаудия және барлық басқа бауырластарымыз саған сәлем жолдап жатыр.
II T Kaz 4:22  Жаратқан Ие жар болып, рухыңды жігерлендіре көрсін, Оның рақымы бәріңе де жауа берсін! (Аумин.)