II TIMOTHY
Chapter 2
II T | Kaz | 2:2 | Өзің менен естіп, көптеген кісілер растаған шынайы ілімді басқаларға да тәлім беруге қабілеті бар, сенімді жандарға аманатта! | |
II T | Kaz | 2:4 | Есіңде болсын: ешбір сарбаз тұрмыстық істермен шырмалмайды, қайта, қолбасшысының көңілінен шығуға ұмтылады. | |
II T | Kaz | 2:8 | Дәуіттің ұрпағынан шыққан, өлімнен қайта тірілген Иеміз Иса Мәсіхті әрдайым есіңде ұста! Мен уағыздаған Ізгі хабар — осы. | |
II T | Kaz | 2:10 | Сондықтан мен Құдайдың таңдаған адамдары үшін, олардың да Иса Мәсіх арқылы құтқарылып, мәңгілік ұлылықты иемденулері үшін бәріне де төземін. | |
II T | Kaz | 2:11 | Мынау — дәл айтылған, шынайы сөз:«Егер Мәсіхпен бірге өлген болсақ,Онымен бірге өмір сүретін де боламыз. | |
II T | Kaz | 2:12 | Егер қиыншылықтарға төзе берсек,Онымен бірге патшалық ететін де боламыз.Ал егер Мәсіхті мойындаудан бас тартсақ,Ол да бізді мойындаудан бас тартпақ. | |
II T | Kaz | 2:13 | Біз айтқанымызға адал болмасақ,Ол айтқанына адал болып қала береді,Өз болмысымен келіспейтінді Ол істемейді». | |
II T | Kaz | 2:14 | Осыларды бәрінің есіне түсіріп, сөздер туралы айтыспасын деп Құдай алдында мықтап ескерт. Ондай айтыстардан ешқандай пайда жоқ. Қайта, олар тыңдағандардың сенімдеріне зор нұқсан келтіреді. | |
II T | Kaz | 2:15 | Сен кінәратсыз жұмысшы — Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйретуші ретінде Оған ұнамды болуға жан сала ұмтыл! | |
II T | Kaz | 2:16 | Жай, бос әңгімелерден аулақ жүр. Бұларды айтатындар Құдайдың адал жолынан одан бетер адасып кетеді. | |
II T | Kaz | 2:17 | Олардың сөздері қабынған жарадай жайыла беріп, рухани денені құртпақ. Солардың арасында Үменей мен Філет те бар. | |
II T | Kaz | 2:18 | Олар шындық жолынан тайып, «Қайта тірілу болып кетті», — деп жариялап, кейбіреулердің сенімдерін жоюда. | |
II T | Kaz | 2:19 | Бірақ Құдайдың салған негізі берік тұрады, онда мына сөздер «мөрленіп» жазылған: «Иеміз Өзінікі болған адамдарын жақсы біледі» және «Иеміздің атын атап сиынатын әркім жамандықтан алшақтасын!» | |
II T | Kaz | 2:20 | Бір үлкен үйде алтын мен күмістен ғана емес, ағаш пен қыштан жасалған ыдыс-аяқтар да бар: алдыңғылары қадірмен тұтылса, соңғылар қадір-құрметтен ада. (Сол сияқты, қауымның көптеген мүшелері игі істерімен Құдайды құрметтесе, басқалары жамандықтарымен Оның даңқы мен ісіне нұқсан келтіреді.) | |
II T | Kaz | 2:21 | Сол себепті, кім өзін соңғылардан арылтып таза ұстаса, қадірлі ыдыстар іспетті Қожайынына бағышталған, пайдалы және әрбір ізгі істер үшін қолданылуға дайын болады. | |
II T | Kaz | 2:22 | Сонымен жастықтың құмарлықтарынан бас тартып, пәк жүрекпен Иемізге сиынатындардың бәрімен бірге әділдік, сенім, сүйіспеншілік және татулыққа ұмтыл. | |
II T | Kaz | 2:24 | Жаратқан Иенің қызметшісінің жанжалдасуына болмайды. Ол бәріне бірдей жылы жүзді, жақсылап тәлім беретін, сабырлы болып, | |
II T | Kaz | 2:25 | қарсыластарын ілтипаттылықпен түзету қажет. Мүмкін болса, Құдай оларды өкіндіріп, шындықты мойындатар. | |